Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аударыңыздар және мазмұндаңыз



Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі. Үкіметті, әскерді, милицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Қалай мемлекет пайда болды, салық та дүниеге келді. Салық бірінші рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» деп атаған.

Қазір нарықтық экономикада – салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек. А. Смитше айтатын болсақ, салық халықтың өзі үшін десек те болады. Халық салықтың жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады.

Салықтың мынадай міндеттері бар:

- қазыналық міндет;

- бөлу міндеті;

- ынталандыру міндеті;

- шектеу міндеті;

- бақылау – бөлу міндеті.

Салық саясаты салық салу саласындағы ресми салық саясаты, ол салық салудың айқындамалық ерекшеліктерін, оларды жүзеге асырудың басты принциптерін, мақсаты мен әдістерін, тиісті ақпараттық және заң шығарушылық базаны айқындайды.

Салық ставкалары процент түрінде белгіленеді. Салық ставкаларының үш түрі бар.

Бірінші түрі – прогрессивтік салық ставкасы. Бұл түрімен көпшілік таныс. Табысыңыз көбейген сайын, салық та көбейеді.

Екінші түрі – пропорционалды салық ставкасы. Пропорционалды салық ставкасының мөлшері табыспен өлшенбейді және оған тәуелді емес.

Үшінші түрі – регрессивтік түрі. Салық ставкасының бұл түрі біздің елдің салық заңдарында қолданылмайды, өте бай мемлекеттерде қолданылады.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: - заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; - қосымша құнға салық; - акциздер; - құнды қағаздамен жүргізілетін операцияларға салынатын салық. Жергілікті салықтар: - жер салығы: - заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық: - көлік құралдарына салық: жол салықтары.

Сөздік:

Салық-налог Төлемі-оплата Әділетті-справедливый Ресми-официальный Қазна – казна, сокровище Міндет-обязанности Саясат-политика

Сұрақтар:

1. Салық дегеніміз не?

2. Салықтың қандай міндеттері бар?

3. Салық ставкаларының неше түрі бар?

2- тапсырма. Орыс тіліндегі баламасын беріңіз:

Жергілікті салық, мемлекеттік бюджет, заңды тұлға, қосымша құнға салынатын салық, шектеу, міндеті, бөлу міндеті, жанама салық, төте салық





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 852 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...