Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аяқпен жатқан нәрестені туғызудағы Цовьянов әдісі



Нәресте жамбас қуысындааяқпен жатқан кезде, босану жиі асқынады. Бұның негізгі себебі - жамбас қуысындағы нәресте аяқтары босану жолдарын баспен, иық тұлғасымен кедергісіз өтетіндей кеңейте алмайды, соның салдарынан оның қолдары жоғары көтеріліп бүгіліп, басы шалқайып, жатыр мойны қысып қалуы мүмкін. Осылай босану жолдары асқынбас үшін, жатыр мойны түгел ашылғанға дейін нәресте аяқтары қынап көлемінде жатуы керек. Ол үшін Цовьянов әдісін қолданады: қынапты тексеру арқылы нәрестенің аяқтарын анықтап, жатыр мойыны толық ашылғанша жыныс мүшелерін түгел таза салфетка арқылы алақанымен жауып тұрады.

Жатыр мойыны толық ашылған кезде, алақан астынан нәресте аяқтары тепкіленіп өздері шыға бастайды. Ары қарай жамбаспен туған заңдылықтарға сәйкес сәби туады. Қынаптан шыққан екі немесе бір аяқты екі қолмен бірдей ұстап, үлкен бармақты балтырдың артқы жағына, ал қалған төрт саусақты балтырдың алдыңғы жағына қойып, төмен қарай тартады. Аяқтар төмен түскен сайын, қолды жыныс ернеулеріне қарай жылжытады (61 сурет).

       
   


Алдымен алдыңғы жақтағы құйрық жыныс ернеуінен шығады, содан кейін артқысы туады. Осыдан кейін, ұлкен бармақты сегізкөзге қойып, қалған саусақтарды сәби ішінің төменгі жағына орналастырады, сөйтіп жайлап төмен қарай тартады - нәресте арқасымен алға қарап, кіндік, иық белдеуіне дейін туады, одан соң қолдары, басы шығады.

Егер нәрестенің иық белдеуі шыққаннан кейін, оның жүрек соғысы нашарлап, ары қарай босану жолдарынан шығуы қиындаса, алғашқы 3-5 минут аралығында жедел жәрдем көрсетеді. Ол үшін биомеханизм заңдылығын сақтай отырып, классикалық қолмен жәрдем беру операциясын қолданып, сәбидің қолдарын және басын тудырып алады. Бұл операция наркозсыз жасалады.

Бірініші артқы қолын босатады, ол үшін сәбидің екі аяғын бір қолмен тізе буындарының тұсынан ұстап, оны арқасына қарама-қарсы алға және жанына қарай көтереді. Ал екінші қолды (ІІ және ІІІ саусақтарын) сәбидің арқа жағынан сегізкөзге жақындатып иығы арқылы шынтаққа жетеді, сөйтіп қолын ептеп, сәби «бетін жуғандай» қимылмен босатып алады.

Алдыңғы қолын босату үшін, оны артқа ауыстыру керек. Ол үшін сәбиді көкірек тұсынан ұстап (төрт саусақты көкіректің алдына, бас бармақты артына орналастырады), оны 180° бұрады, дене тұлғасын бұрғанда сәбидің арқасы мен желкесі тек шатқа қарап өту керек. Сонымен бұл қолды да артқы қолды босатқандай тудырып алады.

Ал нәресте басын Морис-Левре әдісімен тудырады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3089 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...