Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Цовьянов әдісі



Бұл әдісті нәресте таза құйрықпен жатқанда қолданады. Ол мүшелердің қалыпты жағдайда сақталуына негізделген – бастың шалқаюынан, қолдың орынсыз көтеріліп бүгілуінен алдын ала сақтандырады. Нәресте мүшелерін қалыпты жағдайда сақтау үшін, босану сатысында оның аяқтарын дене тұлғасына жақындатып басып ұстау керек. Ол үшін нәресте құйрығымен түгел шыққаннан кейін, қолдың екі бас бармағын сан жағына, ал қалған төрт саусақты сегізкөздің үстіне қояды. Бұл нәрестенің физиологиялық туу заңдылығына жәрдемдеседі. Нәресте кеудесі туғанға дейін, бас бармақты жыныс ернеулеріне қарай жақындатып, аяғын ұстап оны күн бұрын түсірмеу керек.

 
 

Ана жақсы күшенсе, нәресте кіндік түбіне және иық белдеуіне дейін тез туады. Содан кейін оның құйрығын акушер өзіне қарай бағыттауы керек, мұндайда адлыңғы қолы өзі шығады, ал артқы қолы шығу үшін нәрестенің тұлғасын жоғары көтереді. Осы жағдайда артқы қолының шығуымен бірге, аяқтары да шығады, содан кейін нәрестенің иегі, бет бөлігі туады. Егер де толғақ қатты болса, нәресте басы өзі шығады, ал ол үшін оның тұлғасын төмен, содан кейін жоғары бағыттау керек (59 сурет).

 
 

 
 

Егер де баланың басы өз бетінше шықпаса, Морис-Левре әдісін қолданады. Бір қолға нәрестені толық денесімен мінгізе отырып, қолдың екінші бармағын иекке орналастырып, басты төмен қарай иеді. Ал екінші қолды тұтас нәрестенің мойын, жауырын жағына орналастырып, сәби мойнын шамалы басыңқырай отырып, оның тұлғасын төмен қарай біртендеп түсіреді. Шүйде ойығы қасағаға тірелген кезде, сәби тұлғасын түгел жоғары қарай көтереді, осы кезде жыныс ернеулерінен алдымен нәрестенің аузы, беті, басы туады. Сыртынан көмекші дәрігер нәрестенің басы шалқаймау үшін шамалы басыңқырап, оның тез жыныс ернеулерінен шығуына жағдай жасайды.

 
 

       
   





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1805 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...