Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биомеханизм ерекшеліктері



Жамбаспен жатқан нәрестені туудың биомеханизмін бес кезеңге бөледі:

1. Нәресте жамбасы құйрықаралық сызығымен әйел жамбасының кіреберіс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне сәйкес орналасады. Қиғаш өлшемге сәйкес, нәресте құйрығымен жамбас қуысына жылжыйды, алдыңғы жақтағы құйрық өткізгіш міндетін атқарады.

2. Нәресте ішке қарай бұрылып, құйрығымен жамбас қуысының қиғаш өлшемімен оның түбінде тік өлшемге көшеді. Алдыңғы жақтағы құйрық қасағаға, артқы жақтағы құйрық сегізкөзге келіп тіреледі.

3. Нәрестенің алдыңғы жақтағы құйрығы жамбас қуысынан шығып, оның мықын сүйегі қасаға доғасына келіп, тірелу нүктесін құрайды. Осы мезгілде нәресте бір бүйіріне қарай қисайып артқы жақтағы құйрық жамбас қуысынан өзі шығады. Сол кезде нәресте тұлғасы түгелімен түзеледі де, ана бір-екі рет күшенгеннен кейін ол кіндік түбіне, содан кейін жауырын бұрышына дейін арқасымен шамалы алға бұрылып туады.

4. Нәрестенің иық белдеуі түгел көрінеді. Нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Ал жамбастың шағы беріс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді.

Бұл жағдайда алдыңғы иық, қасағаның астына келіп орналасады, артқы иық жамбас қуысынан шығады.

5. Бастың төбе жігі жамбастың қиғаш өлшемі арқылы, бірақ құйрықтың өтпелі қиғаш өлшемінде қарама-қарсы өтеді.

 
 

Нәрестенің басы бүгілген күйде жамбас қуысында, ішке бұрылыс жасап, желкесімен шат сүйегіне, ал бетімен сегізкөзге қарай бұрылады. Сөйтіп, шүйде ойығы қасаға доғасына келіп тіреледі, басы бүгіліп, жыныс ернеуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке шыға бастайды. Сонымен, нәресте жамбаспен жатқан кезде бас жамбас қуысынан кіші қиғаш өлшемнің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні өзгермейді.

57 сурет. Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизм ерекшіліктері. а - нәресте жамбасы құйрықаралық сызығымен сол қиғаш өлшеміне сәйкес орналасқан. б - нәресте тұлғасының бел омыртқа тұсында бір бүйріне бүгілуі в – иіктың ішкі бұрылысы және тұлғасының сыртқы бұрылысы г – бастың бүгілуі және оның туылуы
           
     






Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1527 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...