Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Босану ерекшеліктері



Жамбаспен жатқан нәрестенің баспен жатқанмен салыстырғанда босану кезеңдерінің едәуір ерекшеліктері бар:

Босанудың 1-ші кезеңінде қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың әлсізденуі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.

Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасын толық қысып ұстай алмаған жағдайда қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып, қағанақтың тез жарылуына әсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойыны түгел ашылмай тұрып) нәресте кіндігінің, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсіп, босанудың асқынуына әкеледі. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезеңде сақтаудың маңызы зор. Ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жаққа қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен тұрғызбай дәрет «ыдысына» отырғызады. Осы кезеңде нәресте жүрегінің соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Жатырдағы нәрестенің қысылуын алдын ала ескерту үшін оттегін, 20,0 мл 40 % глюкозаны, 1,0 мл АТФ 100 мл кокарбоксилаза, 0,01 гр метионин, 0,02 гр фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.

Ал толғақтың әлсіздігіне әсер ететін жағдайлар жатыр қабырғаларының созылуы, жамбастың жұмсақтығына байланысты жатырдың қозу қасиетін бас сияқты күшейте алмайды. Жатырдың қозу, жиырылу қасиетін тек дәрі-дәрмектер қолдану арқылы күшейтеді.

Босанудың екінші кезеңін жүргізгенде дәрігер ұстамды болуы керек. Әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғысын және толғақтың қарқынын қатты қадағалайды. Бұл кезеңің басында толғақтың әлсізденуін алдын ала ескерту үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылатып құяды (8-40 тамшыға дейін, тамшыны қатты қадағалайды). Нәресте құйрығы жыныс ернеуінен шыққан кезде жатыр мойнының өзегі тарылмау үшін, 2,0 мл 2 % но-шпа немесе 4 мл 2 % папаверин,1 мл атропин сұйықтығын бұлшық етке жібереді.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2526 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...