Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жыныстық толығу кезеңі



Бұл 30 жылға таяу созылатын репродуктивті кезең (16-18 жастан 45-47 жасқа дейін). Бұл кезеңде ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз ететін барлық репродуктивті жүйе тұрақты тәртіпте қызмет етеді. Осы кезең барысында әйел ағзасының ұрпақ көбейтуге қабілеттілігі сақталады. Бұл жылдар жыныс жүйесінің барлық арнайы қызметтерінің жоғары белсенділігімен сипатталады. Дені сау әйелде репродуктивті кезеңде барлық циклдер овуляторлы болады, ал барлығы 350-400 аналық жұмыртқалар пісіп-жетіледі. Аналық без бен овуляцияда фолликулдардың ұдайы пісіп-жетілуі салдарынан әйел ағзасында жүктілікке қажетті жағдай туып отырады.

Осы кезеңде жүктілік болудың жоғары мүмкінділігін есепке ала отырып әр әйел өмірге тек қалаулы бала әкелуі үшін өзіне қажетті контрацепцияларды таңдаулары керек. Ал ұрықталуға дейінгі 2-3 ай бұрын қандай да бір дәрілердің қолданылуын күрт тоқтатқан жөн.

Босанғаннан кейін әйелдің репродуктивті жүйесі 3-6 айдан соң қалыпқа келуі мүмкін. Нәрестені төспен тамақандыру кезінде стерильді болады деген ұйғарым бар, бірақ ол дұрыс емес. Овуляторлы циклдер босанғаннан кейінгі 2-3 айдан соң пайда болады, осыған байланысты әр жұп өздеріне қажетті контрацептивтерді алдын ала таңдап алулары қажет. Келесі босану ең кем дегенде 2 жылдан соң болу керек, ол кезде әйел ағзасы толығымен қалыпқа келеді және жаңа жүктілікке дайын болады.

Контрацептивтерсіз үздіксіз жыныстық қатынас кезінде жүктілік 12 ай ішінде болуы мүмкін. Ал болмаған жағдайда жұп ұрықсыз саналады және бедеулік себептерін анықтау үшін олардың тексерілгені дұрыс.

Репродуктивті жас кезінде жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулар басты мәселе болып табылады. Аурудың алдын алу үшін өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтын сексуалды серіктің тұрақты болуы өте маңызды.

Әйел адамға гигиеналық шаралар кешенін орындап отыру лайықты. Етеккір кезінде оперативті және басқа араласулар жасауға, жыныстық қатынасқа түсу ұсынылмайды. Әр әйел өз ағзасының ерекшелігін білуі керек және мүмкіндігінше өзіне жағдай жасауы қажет.

Климакстық кезең

Әйелдің репродуктивті жүйе қызметінің біртіндеп солу кезеңі болып табылады. «Климакс», «климакстық кезең» терминдері орнына қазіргі уақытта келесі терминология қолданылады:

Менопаузаалды кезең - 45 жастан менопауза басталғанға дейін;

Менопауза кезіндегі кезең - менопауза алдындағы және менопаузадан кейінгі 2 жыл;

Менопауза – орташа есеппен алғанда, 50 жаста келетін соңғы етеккір;

Менопаузадан кейінгі кезең – менопаузадан соң басталып, әйел өмірінің соңына дейін жалғасатын кезең.

45 жасқа қарай менопаузаалды кезеңінде әйел адамның аналық бездерінде 10000-нан аз ооцит қалады, фолликулдарда айқын дистрофиялық өзгерістер жүреді, эстрогендер өнімі күрт азаяды, ФСГ және ЛГ өнімдері бірнеше есе өседі. Осы кезеңнің физиологиялық ағымы кезінде аналық без қызметінің біртіндеп төмендеуі басталады және ағзаның жас шамасындағы өзгеретін реакциясы болады. Патологиялық ағым кезінде климакстық синдром дамиды. Бұл жағдайда метоболизмде өзгерістер басталады – майлы ұлпалар есебінен дене салмағы өседі, қандағы холестерин, триглецирид және глюкоза дәрежесі артады. Нейровегетативті (дененің ысуы, терлеу, бас ауруы, күре тамыр гипертензиясы, қалтырау, тахикардия), психо-эмоционалды (тітіркенгіш, ұйқышыл, депрессия, әлсіздік, ұмытшақтық), урогенитальді (қынаптың құрғауы, қышынуы және күйдіруі, зәрдің ұсталмауы) бұзылыстар пайда бола бастайды. Тері қабатының көріністері (терінің құрғақтануы, тырнақтардың сынғыштығы, шаштың түсуі, әжімдердің пайда болуы) және кешірек алмасу бұзылыстары (остеопороз, жүректің ишемиялық ауруы) байқалады.

Менопаузаалды кезеңге сай етеккір циклы ырғағының және ұзақтығының өзгерістері 50-53 жастағы етеккір үзілісімен – етеккірдің толықтай тоқталуымен аяқталады. Менопаузаалды кезеңде дисфункционалды жатырлық қан кетулер байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда онкологиялық аурулардың дамуының жоғары қаупін есепке ала отырып, міндетті түрде эндометрияның гистологиялық тексеруін жүргізу керек. Бір жыл бойы етеккірдің болмауы Менопаузадан кейінгі кезеңнің басталуын сипаттайды.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3836 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...