Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сүт бездерін өз бетімен бақылау



Сүт бездері ауруларының мәселесі жыл сайын арта түсуде. Бүгінгі күні 100 әйелдердің ішінде 30-40 бұл мүшенің қандай да бір патологиясына жолығады. Әрбір әйел дерлік ғұмырында бұл мәселе бойынша дәрігерге бірнеше рет қаралуына мәжбүр болады.

Ауру көрсеткіштерінің өсу себептері көп. Ең жиі кездесетін себептердің жиынтығын қауіп-қатер тобына жатқызады. Бұған жататындар: сүт бездерін соғып алу жағдайлары, ерте (18 жасқа дейінгі) жасанды түсіктер, бірнеше рет қайталанатын гинекологиялық және эндокринді аурулар. Тұқымқуалаушылық та белгілі орынға ие.

Статистика мәліметтері жағымсыз экологиялық жағдайы бар ірі өндірісті орталықтарда аурудың көрсеткіші биіктеу болатына көз жеткізеді.

Қолтық астында ұлғайған лимфа түйінін немесе сүт безінде тығыздануларды байқағанда, уақытты созбай маманға қаралу керек және де өз бетімен емдеу шараларын қолданбаған жөн.

Маммологиялық диспансерге шағымдармен қаралған барлық әйелдердің тек 3-5% ғана сүт безінің обыры болатынын және әйелдердің ерте қаралуына байланысты емделу мүмкіншілігі де жоғары екендігін тәжірибе көрсетуде. Олардың 8-10% қатерсіз ісіктер болады да, хирургиялық емді әрдайым қажет етпейді. Қаралудың көбі әртүрлі мастопатиялардың диагнозымен немесе қандай да бір түрі екендігімен аяқталады.

Маманға уақытында қаралу үшін сүт бездерін өз бетімен бақылауды дұрыс жүргізуді үйрену қажет. Бұны айына бір рет еттекір басталғанға дейінгі 6-12 күн бұрын жасау керек. Еттекірі жоқ әйелдер бақылауды өздері белгіленген айдың бір күнінде жүргізуі шарт.

Өзін-өзі бақылау әдістері:

Іш киімде (бюстгалтер, іш көйлек) қандай да бір дақтардың бар-жоғын анықтау;

Омырауды қарау – олар ішіне тартылған ба, олардың түсі мен пішіні өзгерген бе, жараланулар бар ма – осыны анықтау.

Сүт бездерінің терісінде түс өзгерістерін, ісінуді, тартылуларды, жараларды қараңыз.

Келесі мезетте сүт бездерін айна алдында бақылауға көшу. Қарау дене мен қолдардың әр түрлі қалыптарында өткізіледі: қолды төмен түсіріп, жоғары көтеріп, оңға және солға бұрып.

Ерекше назар аударатын жағдайлар:

ü Екі бездердің біреуінде ұлғаю немесе кішіреюдің (ассиметрия) болу-болмауы;

ü Сүт бездерінің бір деңгейде орналасуы немесе керісінше;

ü Қолды жоғары көтергенде сүт бездерінің бір қалыпта ығысу-ығыспауы.

Келесі кезең – арқаға жатып, сүт бездерді сипап-сезу.

       
   

Оң жақ сүт безін сипап-сезгенде оң жақ жауырын астына жастық қойылады, ал оң қолдың алақаны бұл уақытта жастық астында болуы тиіс. Сол қол саусақтарының айналмалы қозғалыстарымен жеңіл баса отырып, сүт безінің барлық бөлімдері және қолтық асты сипалынады (5 сурет).

       
   

Омыраудан бөлінетін бөлінділер кейде іш киімде із қалдырмайтынын естен шығармаған жөн. Сондықтан, әрбір әйел бұл іздерді өздігінен таба білудің маңызы зор. Омырау ұшының жанын үлкен және сұқ саусақтармен ақырын басу қажет. Қандай да бір өзгерістер байқалса, дер кезінде мекен-жай бойынша дәрігерге – хирургқа, онкологқа немесе гинекологқа, болмаса арнайы емдеу орнына қаралған жөн. Бірінші мамограмманы 35 жаста, содан кейін 40 пен 50 жас аралығында, оны әрбір екі жыл сайын және 50-ден асқанда әрбір жыл сайын қайталау керек.

Шалқалап жатып бір қолыңызды басыңыздың астына қойыңыз да, алдыңғы әдіс бойынша сүт бездерін тексеріп шығыңыз.
 
 





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1827 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...