Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі



Жыныстық пісіп-жетілу кезеңінің ұзықтығы 10 жылға таяу, осы мерзімде жүйелі түрде қыз баланың дене бітімінің және жыныстық дамуы жүреді. 18-20 жасқа қарай қыз бала дене бітімі жағынан, жыныстық және әлеуметтік толығады және өмірге бала әкелу қызметін жүзеге асыруға дайын болады.

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі 7-8 жастан басталады және 3 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – препубертатты (7 жастан 9 жасқа дейін) – мидің гипоталамиялық құрылысының пісіп-жетіле бастауымен, әр 5-7 күн сайын ациклдік тәртіпте гонодотропиннің (ГТ) бөлінуімен сипатталады.

Екінші кезең - пубертаттың бірінші фазасы (10-13 жас). Бұл кезеңде тәуліктік жүйеліліктің қалыптасуы және ГТ өнімінің артуы, аналық безде эстрогендердің өндірілуі өседі.

Үшінші кезең – пубертаттың екінші фазасы (14-17 жас). Толыққанды екіфазалы овуляторлы етеккірлі жүйесі бар гипаталамо-гипофизарлы жүйе қызметінің репродуктивті түрі қалыптасады және бекітіледі.

Жыныстық дамудың дұрыстығын бағалау үшін екіншілікті жыныс белгілерінің пайда болу уақыты мен бірізділігін, жыныс белгілері мен жыныс мүшелерінің даму деңгейін есеспке алу қажет.

9-10 жаста сүт бездерінің – гиперемия және төс ұшы ареолы дақтарының алғашқы белгілері пайда бола бастайды. Сүт бездерінің пайда болу жасы (10-11 жас) телархе деп аталады. Ол түктердің ұмада пайда болу жасына (10-11 жас) – пубархе және қолтық асты ойықта пайда болу жасына (11-12 жас) – адренархеге ұлғасады. Денесінің және дене салмағының ұлғаюы 9-10 жастан басталады және бір жыл ішінде максимумға (1 жыл ішінде +10 см және +12 кг дейін) – менархеге жетеді.

11-12 жаста ішкі жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің өсуі мен дамуы, жамбас сүйектерінің ұлғаюы басталады. Алғашқы етеккір – менархе 12-13 жаста пайда болады. 13-14 жаста алғашқы овулярлы циклдер пайда болады. 15-17 жаста қыз бала денесінің өсуі тоқтап, әйелдік дене бітімі қалыптасады және репродуктивті жүйе қызметінің ересек түрі бекітіледі.

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі - әйел өмірінің анағұрлым лабильді кезеңі, себебі ағзаның қалыптаспаған репродуктивті жүйесі жағымсыз сыртқы және ішкі факторларға өте сезімтал болып келеді.

Жыныстық пісіп-жетілу кезеңі барысында баланы толыққанды үйлестірілген тағаммен, оқу мен демалыстың, күш салмағы мен интеллектуалдық үстеменің тиімді тәртібімен қамтамасыз етілуі тиіс. 10-12 жаста қыз баланы оның жаңа жағдайына дайындау, жыныстық даму туралы айту қажет. Алғашқы етеккірден кейін өзін ұстау ережесін түсіндіру керек. Етеккір кезінде дене еңбегін шектеп, қосымша демалыс қосқан дұрыс. Бұл күндері қыз балалар арнайы гигиеналық төсемдер қолдануы керек, ал тампондармен гинекологтың ұсынысы бойынша ғана қолданған дұрыс. Гигиеналық шаралар күнделікті міндетті түрдегі сумен байланысты шаралардан тұрады: әр кеш сайын ұйқыға кетер алдында міндетті түрде сыртқы жыныс мүшелері мен қолтық асты ойықтарын сабынмен жуу керек, себебі осы аймақтарға гормондар белсенді әсер етеді.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3222 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...