Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сату есебі бойынша алғашқы құжат айналымы



Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында дайын өнімді сатуға байланысты төмендегідей алғашқы құжаттар қолданылады.

Өсімдік шаруашылығынан алынған астық, көкөніс, мақта, қант қызылшасы және тағы басқа да өнімдерді жөнелту кезінде «Тауарлық-транспорттық жүкқағазы» және «Шот фактура» рәсімделеді.

Бөлшек саудаға немесе жеке тұтынушыларға сатылған өнімдері үшін «Жүкқағаз» толтырылады.

Сатып алушылар қабылдаған өнімді растау үшін түбертек жазып беруге тиісті.

Ауыл шаруашылығы өндірісінен алынған дайын өнімді, жұмыстар мен қызметтердің сатылу процесін жинақтап көрсетуші есеп тіркемелері ретінде төмендегілерді қолдануға болады:

- 11 журнал ордер (7010 шотының кредиті бойынша);

- 11 журнал ордерге арналған «Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу ведомостісі»;

- «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша құжаттардың тіркемелері».

Осы аталған есеп тіркемелері бір-бірімен тығыз байланысты. Ұйымның орталық қоймасынан жөнелтілген дайын өнімдер бойынша толтырылған тауарлық-транспроттық жүкқағазы, шот фактура және басқа да ілеспе құжаттар шаруашылық бөлімшелерде немесе ұйымның орталық есеп бөлімінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сату бойынша құжаттардың тіркемелеріне күн сайын тіркеліп отырылады. Бұл тіркеме әрбір сатып алушыға немесе тапсырыс берушіге бөлек толтырылады. Тіркемелерде өнім сатылған айдың күні, ілеспе құжаттың нөмірі, қабылдау түбіртегінің нөмірі, сатып алушының атауы, сатылған өнімнің түрі, көлемі, сатылу бағасы жазылады. Тіркеменің ең соңғы бағаны бойынша сатудан түскен жалпы түсім көрсетіледі.

Шаруашылықтың бөлімшелерінде дайындалған тіркемелер алғашқы құжаттармен бірге ай сайын ұйымның орталық есеп бөліміне тапсырылып отырылады. Ұйымның есеп бөлімі өздеріне қызмет көрсететін банк көшірмелерін, касса есебінің құжаттарын пайдалана отырып, әрбір жіберілген шот-фактура бойынша дебиторлық қарыздардың төленгенін тексереді. Орталық есеп бөліміне түскен тіркемелер арқылы ұйым басшылығы жыл басынан бастап сатылған өнімдердің көлемі, сатудан түсім мөлшерін анықтай алады.

Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату және сатылған өнімдер бойынша сатып алушылармен есеп айырысу есебін жүргізетін жинақтаушы есеп тіркемесі ретінде 11 журнал ордер қолданылады. Бұл журнал ордер 7010 «Сатылған өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің өзін құны» шотының кредиті бойынша есепті кезең ішіндегі айналымды көрсетуге арналған. 11 журнал ордерге жазу өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізу ведомостісі негізінде жүргізіледі.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 994 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...