Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аржылық есептілік түсінігі және оған қойылатын талаптар



Қаржылық есептілік бұл - кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi, сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпараттар бередi: активтер; мiндеттемелер; меншікті капитал; пайда мен зиынды қоса, кiрiстер мен шығыстар; ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Бұл ақпараттар қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.

Көптеген ұйымдар, қаржы есептiлiгiнен басқа, ұйым басшылығының қаржылық шолуын, яғни түсіндерме хаттамасын ұсынады, онда ұйым қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi сипаттамалары және олар кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есепте мынадай шолулар болуы мүмкін:

- ұйым iс-әрекет ететiн конъюнктураның өзгеруiн, ұйымның осы өзгерiстерге және олардың ықпалына әсерiн қоса, қаржы нәтижелерiн айқындайтын негiзгi факторлар мен ықпалдарды, сондай-ақ дивидендтер саласындағы оның саясатын қоса, қаржы нәтижелерiн қолдауға және жақсартуға бағытталған ұйымның инвестициялық саясатын;

- ұйымды қаржыландыру көздерiн, және оның міндеттеме мен меншікті капитал арақатынасының жоспарлы көрсеткіштерін.

Қаржы есептілігі ұйымның қаржылық жағдайын, оның қызметінің нәтижесін және ақшалай қаражаттардың қозғалысын міндетті түрде адал көрсетуге тиіс.

Қаржылық есептiлiкті дайындаған кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржылық есептiлiктіжасауға міндетті.

Ұқсас баптардың әрбiр елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеулі болып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.

Ұйымның қаржылық есептiлiгі операциялардың көп санын немесе сипатына, немесе мақсатына сәйкес құрылымы жағынан топтарға бiрiктiрiлген өзге де оқиғаларды өңдеу нәтижесi болып табылады. Біріктіру және сыныптау процесінің соңғы кезеңі жеке баптарды не тікелей баланста, пайдамен зиян туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте, не ескертулерде қалыптастыратын ықшамды және сыныпталған деректердi ұсынудан тұрады. Егер қандай да болсын жеке баптың өзі елеулi болып табылмаса, ол тікелей қаржы есептiлiгiнде, не ескертулерде басқа баптармен бiрiктiрiледi. Қаржы есептiлiгiнің өзінде оны жеке ұсынуды талап ету үшiн бап жеткiлiктi түрде елеулi болмайтын бап, қайткенде де, оны ескертулерде жеке-дара ұсыну үшiн жеткiлiктi түрде елеулi болуы мүмкiн.

Активтер мен мiндеттемелер және кірістер мен шығыстар өзара есепке алынбауға тиiс. Активтер мен міндеттемелердің, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстардың жеке-жеке ұсынылуы маңызды. Пайда мен зиян туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мәнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақшалай қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді. Бағалау резервтер, мысалы, ескірген босалқыларды жоюға арналған резерв және дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резерв шегерілген активтерді бағалау – өзара есепке алу болып табылмайды.

Кәсіпорын қаржылық есептіліктердің толық жинағын ең кемінде, жыл сайын ұсынуы тиіс. Кәсіпорын есеп беру кезеңінің соңын өзгерткенде және қаржылық есептіліктерін бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезең ішінде ұсынғанда, кәсіпорын қаржылық есептілікте қамтылған кезеңге қосымша мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

- бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезеңді қолдану себебін;

- ұйымның қаржылық есептілігінде ұсынылған сомалар толығымен салыстырмалы емес екендігін.

Қаржылық есептілікте көрсетілген барлық сомалар бойынша басқаға жол беретін немесе талап ететін реттерді қоспағанда, алдыңғы кезеңдегі салыстырма ақпараттар міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс. Салыстырма ақпарат, егер ол ағымдағы кезең iшiндегi қаржы есептiлiгiн түсiну үшiн орынды болса, міндетті түрде баяндау және сипаттау ақпараты қосылуға тиiс.

Салыстырмалы ақпаратты ашып көрсетуші кәсіпорын, ең кемінде, қаржылық жағдай жөніндегі екі есептілік, басқа есептіліктердің әрқайсысының екеуін, және осыған қатысты ескертпелерді ұсынуы тиіс. Кәсіпорын есеп саясатын ретроспективті түрде қолданғанда немесе өз қаржылық есептілігіндегі баптар жөнінде ретроспективті түрде қайта жіктегенде ол ең кемінде, қаржылық жағдай жөніндегі үш есептілік, басқа есептіліктердің әрқайсысының екеуін және осыған қатысты ескертпелерді ұсынуы тиіс.

Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну және сыныптау міндетті түрде бiр кезеңнен келесі кезеңге сақталуға тиiс.

Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.

Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жылдық қаржылық есептемені баспасөз беттерінде жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1049 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...