Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Стеме шығындардың есебі және оларды бөлу



Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында үстеме шығыстарға арнайы өндірістік саланы басқару, сондай-ақ өндірілген өнімнің бір түріне немесе бір шығын объектісіне тікелей апаруға болмайтын, яғни жалпы салаға не болмаса жалпы өндірістік бөлімшеге қатысты әртүрлі өндірістік шығындар жатады.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі үстеме шығыстарды өсімдік шаруашылығының және мал шаруашылығының үстеме шығыстарды деп бөліп қарастыруға болады.

Үстеме шығыстардың есебі 8410 «Үстеме шығыстар» деп аталатын жинақтап бөлуші активтік шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша жыл бойы шығындар жинақталып, ал жылдың соңында шоттың кредиті бойынша шығындар негізгі өндіріс шығындарының шоттарына шығарылады. Нәтижесінде жылдың соңында үстеме шығыстар шотында қалдық қалмай, шот жабылады.

8410 «Үстеме шығыстар» шотына төмендегідей аралық шоттар ашуға болады:

8410/1 «Өсімдік шаруашылығының үстеме шығыстары»;

8410/2 «Мал шаруашылығының үстеме шығыстары».

Үстеме шығыстар есебі арнайы белгіленген шығын баптары арқылы ұйымдастырылады. Бұл шығын баптарына сипаттама жеке-жеке беріп өтуге болады.

1) Саланың басқару аппараттарын ұстау шығындары. Бұл шығын бабы бойынша саланы басқарушылардың еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары есепке алынады. Өсімдік шаруашылығында – бас агрономдардың, бөлім және учаскі меңгерушілерінің, бухгалтерлер мен есепшілердің еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары жинақталады. Мал шаруашылығында – бас зоотехниктердің, ферма және учаскі меңгерушілерінің, бухгалтерлердің еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары жинақталады.

2) Саланың басқа да қызметкерлерін ұстау шығындары. Мұнда өсімдік және мал шаруашылығын басқаруға қатысты өндірістік бөлімдер мен фермалардағы бригадирлердің, қатардағы агрономдар мен зоотехниктердің, мал дәрігерлерінің және өндірісті басқарумен айналысатын көмекші мамандардың еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдары есепке алынады.

3) Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздендіру шығындары. Мұнда өндірістік машиналар мен құрылғылар арқылы орындалатын жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмсалынған шығындар, яғни қоршаулар мен агрегаттар орнату, дыбыс құралдары мен желдеткіштерді құрастыруға байланыст ышығындар есепке алынады. Бұл шығын бабында сонымен қатар, өндірістік тазалықты қамтамасыз ету (жунатын құрылғыларды орнату, су өткізу, канализация және т.б.) және еңбекті қорғауға байланысты басқа шығындар (белгі беретін жазуларды рәсімдеу, анықтамалар мен нұсқауларды сатып алу және т.б.) есепке алынады.

4) Жалпы салалық негізгі құралдарды күтіп-ұстау шығындары. Бұл бап бойынша жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы мен оларды ағымдағы жөндеуге байланысты шығындар: өсімдік шаруашылығында – агрокабинеттерді, агрохимиялық зертханаларды, ауыл шаруашылығы машиналарын сақтау орындарын; мал шаруашылығында – мал дәрігерлік зертханаларды, мал дәрігерлік пунктер мен дәріханаларды, мал дәрігерлік автокөліктерді күтіп-ұстау мен олардың амортизациялары есепке алынады.

5) Жеңіл автокөліктерді күтіп-ұстау шығындары. Бұл бапта салаға қызмет көрсетуге байланысты жеңіл автокөліктерді күтіп-ұстауға жұмсалынған шығындар есепке алынады. Оған жанар-жағар май құндары, жеңіл автокөліктердің амортизациясы мен оларды ағымдағы жөндеу шығындары жатады. Сонымен бірге бұл бапта өндірістік-техникалық қызметкерлерге өндірістік бөлімшелерді аралау мақсатында берілген аттарды күтіп-ұстау шығындары да есепке алынады.

6) Уақытша құрылыс жайларды күтіп-ұстау шығындары (тек өсімдік шаруашылығы бойынша). Өсімдік шаруашылығының маусымдық жұмысына байланысты уақытша тұрғын жайларды (күрделі емес) тұрғызу, олардың амортизациясы, егіс алаңдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты шығындар есепке алынады.

7) Көліктік қызмет көрсетулер. Бұл шығын бабы бойынша әрбір салаға көрсетілген көліктік қызметтердің құны көрсетіледі. Өсімдік шаруашылығында – машиналар мен өндірістік құрылғыларды бір учаскіден екінші уаскіге тасымалдау, су және жұмыс машиналары мен комбаиндарына жанар-жағап май тасымалдау, жұмысшыларды егіс алаңына әкелу шығындары; мал шаруашылығында – жұмысшыларды жұмыс орындарына тасымалдау, құрылғылар мен материалдарды ішкі орын ауыстыру және басқа да шығындар жатады.

8) Басқа да шығындар. Бұл шығын бабы бойынша жалпы өндірістік мақсат үшін жұмсалынған энергия, жылыту, эрозияға қарсы шараларды жүзеге асыруға байланысты шығындар мен карантин шараларын ұйымдастыруға байланысты шығындар есепке алынады.

Өсімдік және мал шаруашылыығнда жыл бойы жұмсалынған үстеме шығындар8410 «Үстеме шығыстар» шоты дебеті және келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланып көрсетіледі:

- 1310, 1350 – жалпы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайларды, көмекші цехтарды күтіп-ұстау үшін жұмсалынған материалдар;

- 3350 – өндірісті басқару және оған қызмет көрсетуші қызметкерлерге есептелінген еңбек ақы сомасы;

- 3150, 3210 – еңбек ақы қорынан есептелінетін әлеуметтік салық сомасы мен міндетті әлеуметтік аударымдар;

- 3310, 8310 – резерв жасақталмаған кезде өндірістік негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу шығындарының сомасы (мердігерлер көрсеткен қызметтер және көмекші өндіріс қызметі);

- 2420 – өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың тозу сомасы;

- 3310, 8310 – өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс-жайлар үшін есептелінген коммуналдық төлемдер;

- 3360, 4150 – өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жалдау ақылары;

- 3240 – негізгі құралдар мен қой басын ерікті сақтандыру төлемдері;

- 1310, 1350 – кінәлі тұлға болмаған жағдайда мал азығының және басқа материалдардың бұзылуынан жетіспеушіліктер сомасы.

Ауыл шаруашылығы бөлімшелерінде үстеме шығындардың есебін жүргізу үшін ай сайын «Орындалған жұмыс және жұмсалған шығын есебінің журналы», «Материалдардың қозғалысы есебі» және басқа да алғашқы құжаттардың негізінде өндірістік үстеме шығындардың айлық есебі жүргізіліп отырылуға тиісті. Бірақ, қазіргі жағдайда кішігірім шаруа қожалықтары үстеме шығындардың айлық есебін жасай бермейді. Сондықтан, өсімдік және мал шаруашылығындағы шығындардың жұмсалуына жедел бақылау болмайды да, оның нәтижесі шығынның нормадан артық немесе үнемсіз жұмсалуына және өзіндік құнның шамадан тыс жоғарылауына негіз болады. Сондықтан, біз әрбір шаруашылықтағы бөлімшелердің бригадалық (цехтық) үстеме шығындар сметаларының сақталуына үнемі алдын ала және кейінгі бақылау жүргізіліп отыру қажет деп санаймыз. Соның нәтижесінде материалдар, отын, энергия, құрал-саймандар, негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалынатын басқа да шығындардың нормалары қатаң сақталынуы қамтамасыз етіледі.

Аул шаруашылығында үстеме шығындарды есеп объектілері арасында тарату үшін бөлу базасы ретінде көпшілік жағдайда өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары қолданылатынын анықтап отырмыз. Дегенмен де, әртүрлі сипаттағы үстеме шығындардың түрлеріне мұндай бөлу базасын қолдану дұрыс болмайды. Себебі, үстеме шығындарды еңбек ақыға тепе-тең бөлу үстеме шығындардың нақты деңгейін, сондай-ақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін алынған өнімнің нақты өзіндік құндарының дұрыс есептелуін қамтамасыз етпейді және өзіндік құнды шамадан тыс жоғарылатып жібереді. Соған байланысты нақты бөлімшелері бойынша үстеме шығындардың мына түрлерін:

- еңбекті қорғау, күзет қызметі, өрт сөндіру, өндірістегі ақау сомаларын (кінәлі тұлға болмаған жағдайда), мал басының жоғалуы, өліміне байланысты үстеме шығындарды (бөлімшелік үстеме шығыстарды) тиісті алғашқы есеп құжаттары мәліметтерінен тікелей алу арқылы бөлімшедегі мал топтарына немесе егіс алып жатқан алқаптың көлеміне қарай өнімнің өзіндік құнына тікелей апаруға болады.

Үстеме шығындардың мынадай түрлерін:

- өндірісті басқарушылардың негізгі еңбек ақыларын мал басының санына немесе азық-күнінің санына не болмаса өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақы сомасына пропорционалды бөлу жолымен;

- қосымша еңбек ақы шығындарын өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысына қарай; еңбек ақыдан аударымдарды негізгі және қосымша еңбек ақы сомасының жиынтығына қарай;

- өндірістік ғимараттар мен құрылыс жайлардың тозу сомаларын мал топтары алып отырған алаң немесе егіс көлеміне қарай пропорционалды бөлу жолымен;

- машиналар мен беріліс құралдарының тозу сомаларын олардың тиісті жұмыс істеген уақытына қарай;

- машиналар мен беріліс құралдарының жөндеу шығындарын олар орындаған жұмыс көлеміне қарай;

- өндірістік ғимараттарды жөндеу, күтіп ұстау шығындарын, жалдау ақыларын, жылыту, жарықтандыру шығындарын мал топтары алып жатқан алаң көлеміне қарай немесе астық өнімдері сақталып тұрған ғимараттардың көлеміне қарай;

- отын, қосалқы бөлшектер мен көмекші материалдарды машиналардың бір сағатта пайдаланатын нормасына не болмаса машинаның жұмыс істеген уақытына қарай бөлу қажет.

Демек, ауыл шаруашылығы ұйымдары үшін әртүрлі үстеме шығындарды өнім түрлері арасында немесе шығындар есебінің объектісіне тек өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақыларына қарай бөлу дұрыс емес деп, әрбір үстеме шығын түрін жоғарыда көрсетілген тиісті бөлу базаларын қолдана отырып, өнімнің өзіндік құнына немесе шығындар есебінің объектісіне апару қажет.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2081 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...