Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Болашақ кезең шығындарының есебі



Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шығындардың маңызды бөлігін болашақ мерзімнің шығындары алады. Әрбір шаруашылық өндірістің бірнеше сатысына апарылатын шығындарды жұмсауға мәжбір болып келеді. Соған сәйкесті, есепте бұл шығындарды әрбір есепті кезеңге дұрыс бөлу үшін бірнеше есепті мерзімге бөліа қарастырудың қажеттілігі туындайды. Осы мақсат үшін бухгалтерлік есепте 1620 және 2920 «Болашақ кезең шығыстары» деп аталатын бюджеттік-бөлу шоттары қолданылады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болашақ кезең шығындары шоттарында өндіріс мақсаты үшін күрделі емес уақытша құрылыс-жайларды салу шығындары, алдын ала төлеген жалдау ақылары, сақтандыру жарналары, ғылыми-техникалық әдебиеттер мен газет-журналдарға жазылу және осы есепті мерзімде жұмсалып, болашақ кезеңде тиісті шығын объектілеріне тең үлеспен таратылып отырылатын басқа да шығындар есепке алынады. Сондай-ақ бол шотта жалға алынған негізгі құралдарды күрделі жөндеу шығындары да есепке алынады.

1620 және 2920 шоттардың дебеті бойынша жыл бойы жұмсалынған шығындар сомасы жинақталады, ал шоттардың кредитінде есепті жылда тиісті шығын объектілеріне апарылатын болашақ мерзімнің шығындары көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығында уақытша ғимараттар мен құрылыс жайларды пайдалану мерзіміне байланысты жыл сайынғы есептен шығарылатын шығындардың үлесі әртүрлі болуы мүмкін.

Ғылыми-техникалық әдебиеттер, газет-журналдарға жазылу, жалдау ақылары және басқа да шығындар есепті мерзім бойы тең үлеспен шығын есебінің объектілеріне апарылып отырылады.

Бухгалтерлік есеп тіркемелерінде болашақ кезең шығыстары келесідей тәртіппен көрсетіледі. Өндірістік бөлімшелерде алғашқы құжаттардың негізінде өндірістік есепке түсіріледі. Өндірістік есептің негізінде талдамалық есепте болашақ кезең шығыстары «Болашақ кезең шығындары есебінің ведомостісі» бойынша көрсетіледі. Бұл ведомостіде болашақ кезең шығыстары жыл басынан бастап өсу қарқынымен әрбір бөлімше бойынша шығын түрлеріне қарай жинақталады.

1620, 2920 «Болашақ кезең шығыстары» шоттарының дебеті келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:

- 1010, 1030 – сақтандыру келісім шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру жарналары;

- 1010, 1030, 1060 – болашақ мерзім үшін төленген жалдау ақылары;

- болашақ есепті мерзімге жатқызылатын шығындар (жаңа технологиялық процесстерді игеру, цехтар мен агрегаттарды дайындау шығындары):

- 2420 – негізгі құралдарға есептілінген амортизация сомасы;

- 1310, 1330, 1350 – материалдарды есептен шығару;

- 3310 – жабдықтаушылар мен мердігерлер көрсеткен қызметтердің құны;

- 3350 – жұмысшыларға есептелінген еңбек ақы сомасы;

- 3150, 3210 – еңбек ақы қорынан аударымдар сомасы;

- 1010, 1030 – басылымдарға жазылу.

Болашақ мерзім шығындары есепті мерзімде тиісті шығын объектілеріне, соның ішінде 7110 «Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша шығындар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7470 «Өзге де шығыстар», 8410 «Үстеме шығыстар» шоттарына таратылып отырылады.

1620, 2920 «Болашақ кезең шығыстары» шоттарында есепті мерзімнің соңында болашақ мерзімге жатқызылуға тиісті қалдық сомасы тиісті шығын объектілеріне таратылмаған болашақ мерзімге жатқызылуға тиісті шығындарды білдереді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұйымның әкімшілік шығындары дегеніміз не?

2. Әкімшілік шығындардың өндірістік шығындардан қандай айырмашыларын білесіздер?

3. Әкімшілік шығындардың құрамына сипаттама беріңіздер.

4. Әкімшілік шығыстар есебі қай шоттар жүргізіледі және олардың пайда болуына қандай бухгалтерлік жазулар беріледі?

5. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында үстеме шығындарға қандай шығын түрлері жатады?

6. Үстеме шығындар есебі қай шоттар жүргізіледі және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?

7. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында шығын объектілері арасында үстеме шығындарды қандай тәртіптермен бөлуге болады?

8. Үстеме шығындардың қалыптасуы және оладың шығын объектілеріне бөлінуіне қандай бухгалтерлік жазулар беруге болады?

9. Ауыл шаруашылығы саласында болашақ кезең шығындары дегеніміз не? Және оларға шығындардың қандай түрлері жатады?

10. Болашақ кезең шығындарының есебі қандай шоттарда жүргізіледі? Және бұл шоттарға сипаттама беріңіздер.

11. Болашақ кезең шығындары есепті кезең ішінде шығын объектілеріне қандай тәртіп бойынша бөлініп отырылады?

12. «Болашақ кезең шығыстары» шоттарында есепті мерзімнің соңында қалдық қалады ма? Және ол нені білдерді?

13. Ұйымда болашақ кезең шығындарының қалыптасуы және оның есеп объектілеріне апарылуына байланысты қандай бухгалтерлік жазулар беруге болады?

Тест сұрақтары:

1. Әкімшілік шығындар дегеніміз бұл:

А) шаруашылық қызметін жалпы басқару және ұйымдастырумен байланысты шығындар;

Б) өнім өндірісімен байланысты тікелей жұмсалатын шығындар;

В) негізгі өндіріске қызмет көрсетумен байланысты тікелей жұмсалатын шығындар;

Г) көмекші өндіріске қызмет көрсетумен байланысты тікелей жұмсалатын шығындар;

Д) қосалқы өндіріске қызмет көрсетумен байланысты тікелей жұмсалатын шығындар.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2599 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...