Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі



Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын негізгі құралдар ұзақ мерзім өндіріс процесіне қатыса отырып, біртіндеп тозуға ұшырайды. Тозу бұл – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сипаты жағынан жойылуы.

Физикалық тозу – незгі құралдарды пайдалану кезінде және сыртқы яакторлардың әсерінен пайда болады.

Моральдық тозу – ғылым мен техниканың жаңа талаптарына активтердің сәйкес келмеу процесі.

Негізгі құралдардың амортизациясы негізгі құралдардың біртіндеп тозу сомаларының дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстардың) құндарына немесе кезең шығындарына апарылу процесі. Амортизация жер учаскілеріне, өнім малдарына, кітапхана қорларына есептелінбейді. Активтерге амортизация олар пайдалануға жарамды кезінен бастап шыққан дейін, актив ұзақ уақыт бойы қызметте болмаса да есептелінеді.

Амортизацияланатын құн негізгі құралдардың бастапқы құндары мен оларды есепке алу кезінде анықталған болжамды жойылу құндары арасындағы (пайдалану мерзімінің соңында жоюдан алынған қосалқы бөлшектер, сынықтар, қалдықтардың құны арасындағы) айырма арқылы анықталады. Амортизациялық аударымдар әрбір есепті мерзімде шығын ретінде мойындалады.

Негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеу үшін олардың қызмет ету ұзақтығы маңызды рөл атқарады.

Объектінің қызмет ету ұзақтығы ұйымның осы объектіні пайдалану болжамын есепке ала отырп анықталады. Көп жағдайда объектінің болжамды пайдалылығы тек қана оның функционалдық пайдалығына қарай нормативтік көрсеткішіне байланысты емес (қуаттылығы, физикалық өнімділігі), сонымен қатар негізгі құралдардың моральдыө тозуына да байланысты болады.

Негізгі құралдар объектісінің болжамды қызмет ету ұзақтығы жиелі кезеңде қайта қаралып отырылуы тиіс. Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығын өзгертудің мақсаты - ұйымның қызмет жағдайының өзгерісіне байланысты негізгі құралдарды пайдаланудың нәтижесінде кірістер мен шығындардың арақатынасының дұрыстығын сақтап қалу болып саналады. Объектінің пайдалы қызмет ету мерзімін өзгертудің нәтижесі ағымда және болашақ мерзімде осы объектінің амортизациялық деңгейіне әсер етеді, ал өткен мерзімдегі жинақталған амортизация өзгертілмейді.

Амортизацияны есептеу кезінде ұйым төмендегі әдістерді қолдана алады:

а) бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі;

б) құнды орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды шығару әдісі (өндірістік әдіс);

в) жеделдетілген әдіс:

- азайып отыратын қалдық әдісі;

- кумулятивтік әдіс.

Негізгі құралдардың әрбір түріне әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Ұйымның таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі есеп саясатымен анықталып, бір есепті мерзімнен екінші есепті мерзімге дейін қолданылуы тиіс.

Тікелей сызықты есептеу әдісі – объектінің функционалдықпайдалылығыоның пайдалы қызмет ету ұзақтығына байланысты емес, пайдалану уақытына байланысты болады және ол пайдалы қызмет ету ұзақтығында өзгеріссіз қалады. Амортизация объектінің қызмет ету ұзақтығында оның амортизациялатын құнын тең бөлу арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс бойынша амортизацияның жылдық нормасы және жылдық сомасы пайдалы қызмет ету ұзақтығында тұрақты болып қалады да, жинақталған амортизация көбейіп, объектінің баланстық құны тең үлеспен азайып отырады.

1 мысалы: Ұйым бастапқы құны 500 000 теңге болатын құрылғы сатып алды, он екі жыл пайдаланудан кейін оның болжамды жойылу құны - 50 000 теңге. Осы мәліметтердің нәтижесінде жыл сайынғы амортизация сомасы былай анықталады:





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 9943 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...