Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша құжат айналымы



Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына негізгі құралдар салынған құрылыс объектілерін кірістеу, машиналар мен көлік құралдарын және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, өндірістік және шаруашылық мүліктер мен бұйымдарды ұйымның өзі дайындауы арқылы, жас төлдерді негізгі табынға ауыстыру, көп жылдық көшеттерді негізгі құралдар қатарына енгізу немесе басқа кәсіпорындардан сатып алу арқылы жүргізіледі.

Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша Қазақстан Республикасының заңдылықтары немесе мемлекеттік өкімет органдары бекіткен келесідей алғашқы есеп құжаттар есеп тәжірибесінде қолданылады:

- «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» (НҚ-1);

- «Ж өнделген, қалпына келтірілген, жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» (НҚ-2);

- «Негізгі құралдарды шығару актісі» (НҚ-3);

- «Автокөлік құралдарын шығару актісі» (НҚ-4);

- «Негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы» (НҚ-5);

- «Негізгі құралдар есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімі» (НҚ 6);

- «Негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы» (НҚ-7);

- «Жалдағы (ұзақ мерзімді жалдағы) негізгі құралдар есебінің карточкасы» (НҚ-8);

- «Материалдық-жауапты тұлға бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімі» (НҚ-9).

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары негізгі құралдар қатарында көгалдандырғыш, декоративтік, өнім беретін, егіс алқаптарын қорғайтын көпжылдық көшеттердің де есебін жүргізеді. Ұйымға негізгі құралдардың, соның ішінде жас көшеттердің түсуі, жас көшеттерді пайдалануға екпелер қатарына қосқанда, егістікті қорғайтын ағаш көшеттерін алғанда «Қабылдау-тапсыру актісі» рәсімделеді. Акті әрбір объектіге толтырылады және осы объектіге тиісті техникалық құжаттар тіркеліп, есеп бөлімінде мүліктік карточка ашылғаннан кейін ұйымдағы пайдалану орны бойынша тиісті бөлімге беріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі объектіні қабылдаушы және тапсырушы жақтармен пайдалану уақытын, дайындалу мерімін және бастапқы құны көрсетіліп толтырылады.

Малдардың жас төлдерін негізгі табынға ауыстыру кезінде «Малдарды бір топтан екінші топқа ауыстыру актісі» рәсімделеді. Оны шаруашылық меңгерушісі немесе бригадир малдарды төлді негізгі табынға ауыстырған күні жасайды. Егер ірі қара мал, мегежін, бие, айғыр ауыстырылса актіде әрбір малдың инвентарлық нөмірі, туған уақыты, жынысы, түсі және басқа да белгілері көрсетіліп жазылады.

Негізгі құралдардың ұйым шегінде бір цехтан немесе бөлімшеден басқаларына орын ауыстырылуы осы бөлімнің (бас механиктің, бас технологтің және т.б.) тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады және оған негізгі құралдарды «Ішкі орын ауыстыру жүкқұжаты» толтырылады. Қордағы негізгі құралдары пайдалануға немесе бір цехтан кінші цехқа, бір бөлімшеден басқа бөлімшеге беру кезінде жүкқұжат екі данамен жазылып беріледі. Есеп бөлімі бірінші дананың негізінде мүліктік карточкаға жазу жасап, оны негізгі құралдардың жаңадан орналасу немесе пайдалану жері бойынша қайтадан қояды. Тапсырушы екінші дананың негізінде мүліктік тізімдемеге негізгі құралдардың шығуы жөнінде белгі қояды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында негізгі құралдар әртүрлі себептерге байланысты есептен шығарылады. Солардың негізгілері болып:

негізгі құралдардың тозуына байланысты; мүліктік объектілерді толықтай бұзу немесе демонтаждау кезінде, сонымен қатар төтенше жағдайлардың салдарынан жойылуы; мүліктік объектілердің бөліктерін қайта құралдауға, құрылғылауға, жаңартуға байланысты жойылуы; негізгі құралдарды басқа ұйымдарға беру (сату, төлемсіз беру, жарғылық қорға салым ретінде беру); негізгі құралдардың жетіспеуі; малды негізгі табыннан жарамсыздыққа шығару болып саналады.

Қандай да бір негізгі құралдардың әріқарай пайдалануға жарамсыздығын анықтау үшін ұйым ішінде негізгі құралдарды істен шығару комиссиясы құрылады. Комиссия есептен шығарылуға жатқызылатын негізгі құралдар объектісінің қалпына келтіруге және одан әрі пайдалануға жарамайтындығын, есептен шығару себептерін, уақытынан бұрын есептен шығарылуға кінәлі тұлғаларды анықтайды. Комиссия негізгі құралдардың жойылуына (бұзуға, демонтаждауға) «Негізгі құралдарды жою туралы акті» рәсімдейді. Актінің негізінде есеп бөлімі мүліктік карточкаға және карточкалар тізіміне объектінің істен шығару күнін және жою актісінің нөмірін белгілеп қояды.

Негізгі құралдардың объектісін басқа ұйымдарға беру кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі» толтырылады.

Өнім және жұмыс малдарын өсіруге қабілетінің және жұмыс қабілетінің төмендеуіне, жазылмайтын ауруына, кәрілігіне, пайдалы сапалылығын жойған кезде негізгі табыннан жарамсыздыққа шығарады. Негізгі табыннан малдарды жарамсыздыққа шығаруға байланысты құрамында бөлімше меңгерушісі, мал дәрігері, бригадир, малды бағып-күтуге жауапты тұлға бар арнайы комиссия құрылады. Комиссия негізгі табыннан малды жарамсыздыққа шығарудың себебін, ауырған малдың диагнозын және басқа қажетті мәліметтердің негізінде «Малдарды жарамсыздыққа шығару актісін» екі данадарәсімдейді. Актіге комиссия мүшелері толықтай қол қойып, оны ұйымның басшысы бектітеді. Содан соң оның бір данасы ұйымның есеп бөліміне тапсырылады да, екінші данасы бөлімше немесе ферма меңгерушісінде қалады. Бұл есептеменің мәліметтері Бас кітапқа және журнал ордерге немесе машинограммаға түсіріледі.

Егер ұйым көпжылдық көшеттерді өнім беретін қабілеттілігінің төмендеуіне, табиғи қурауына, табиғат апатына және басқа да жағдайларға байланысты есептен шығаратын болса, онда «Көпжылдық көшеттерді есептен шығару актісі» рәсімделеді.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2430 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...