Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Негізгі құралдарды жөндеу есебі



Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарды негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және сапалық тозуға ұшырайды. Сондықтан негізгі құралдардың уақытынан бұрын тозуын болдырмау үшін оларды ағымдағы немесе күрделі жөндеуден өткізіп отыру қажет.

Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығын және өнімділігін жоғарылатуға әкелетін шығындар капиталдандырылып (қорландырылып), негізгі құралдардың құндарын жоғарылататын шығындар күрделі жөндеу болып саналады. Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығы мен өнімділігін жоғарылатпайтын, сонымен қатар төтенше жағдайлардың және ұқыпты пайдаланбаудың салдарынан, сондай-ақ негізгі құралдардың бұзылуынан болған шығындар ағымдағы жөндеу шығындары болып есептеледі.

Негізгі құралдар объектісін пайдалану кезінде болған шығыстарды төмендегі топтарға бөлуге болады.

Негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу негізгі құралдарды жұмыс қалпында сақтап тұру үшін жүзеге асырылады және майлау, сырлау сияқты жұмыстарға, сондай-ақ қосалқы бөлшектерге, көмекші материалдар мен жұмыс күшіне шығындардан тұрады. Мұндай шығындар мерзімдік сипатқа ие және деңгейі ондай жоғары емес. Олардың есебі үшін екі әдісті қолдануға болады:

· пайда болу мүмкіндігіне қарай есеп әдісі – техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуге нақты шығындар пайда болу мүмкіндігіне қарай көрсетіледі;

· резерв жасақтау әдісі – белгілі бір уақыт аралығында техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу үшін шығындарды бағалауға негізделген. Бұл жұмыстардың маусымды сипатында шығындар анағұрлым жоғары болған жағдайда өте ыңғайлы. Мұндай жағдайда жөндеу жұмыстарының құны бір жылға жалпы бағаланып, тең үлеспен әрбір айға немесе өндіріс көлемінің қарқынына (динамикасына) байланысты бөлінеді. Таңдап алынған қарқынға байланысты жеке шотта негізгі құралдарды болашақ мерзімде жөндеу үшін шығындар резерві жасақталып, кезең шығыстары немесе өндіріс шығындары шоттарымен корреспонден-цияланады. Жөндеу жүзеге асырылған кезде, жөндеуге байланысты шығындар жасақталған резерв есебінен шығарылады (жабылады).

Негізгі құралдарды ағымдағы жөндеуге байланысты шығындар ұйымның шығындарына тікелей шығарылады. Соған орай негізгі құралдардың пайдаланылу орнына байланысты 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоты, 8 бөлім «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің тиісті шоттары дебеттеліп және ақша қаражаттары, материалдар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, жабқтаушылар және мердігерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен есеп айырысу 3300 шоттың тиісті шоттары кредиттеледі.

Егер ұйым болашақ мерзімде негізгі құралдарды жөндеу үшін резерв жасақтауға шешім қабылдаса, онда жасақталған резерв 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар», 7110 «Сату бойынша шығыстар», 8 бөлім «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің тиісті шоттарының дебеті және 3440 «Басқа да қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. 3440 «Басқа да қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» шотының дебеті жөндеуге жұмсалған нақты шығындар, яғни ақша қаражаттары, тауарлық-материалдық құндылықтар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, еңбек ақыдан аударымдар, 8310 «Көмекші өндіріс», 3310 «Жабдықтаушылар және мерідігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» және т.б. шоттарымен корреспонденцияланады. Жылдың соңында 3440 «Басқа да қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» шотында қалдық қалмауы тиіс.

Жөндеу барысында негізгі құралдардың кейбір бөліктері олардың өнімділігін немесе қызмет ету мерзімін ұзартады.

Жоғарыдағы аталған жұмыстарды орындау үшін активтердің баланстық құнын жоғарылатату кезінде төмендегі үш әдіс қолданылады:

· негізгі құралдарға тиісті шоттардан ауыстырылған бөліктердің құндарын және жинақталған амортизациялық аударымды шығару, осы бөліктерді ауыстыру бойынша қалған баланстық құн шегінде зиянды мойындау және жетілдірілген бөліктерді ауыстыруға байланысты шығындар сомасына шоттардың ұлғаюы.

· негізгі құралдар есебі шоттарының дебетіне ескі агрегаттардың қалдық құнын және амортизациялық аударымдарын шығармай-ақ жаңа агрегаттың құнын енгізу. Бұл әдіс ескі агрегаттың бастапқы құны және оған есептелген амортизациялық аударымдар белгісіз болған жағдайда және нақты бағалау мүмкін болмаған кезде қолданылады. Бұл әдісті қолдану негізгі құралдардың құндарын жоғарылатуға әкеледі, сондықтан оны негізгі құралдардың қалдық құны жаңа агрегаттарды орнатқанға дейін өте жоғары болмаған кезде қолдану әлдеқайда тиімді болады.

· шығындар сомасын жинақталған тозу шотына апару. Мұндай әдіс активтің өнімділігі жақсартылмай, бірақ қызмет ету мерзімі ұзартылған кезде қолданылады. Сондықтан, бұл жағдайда шығындар активтер шотына емес, жинақталған тозу шотына дебеттеледі.

Негізгі құралдарды жетілдіру, ауыстыру және жаңарту бойынша шығындар алдын ала 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында жинақталып, ақша қаражаттары, тауарлық-материалдық құндылықтар, еңбек ақы бойынша есеп айырысу, жабыдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоттарымен корреспонденцияланады. Жөндеу аяқталғаннан кейін жинақталған сома 2410 «Негізгі құралдар» бөлімінің тиісті шоттарына (өнімділік жоғарылап, сапа жақсартылса) не болмаса негізгі құралдардың амортизациясы (қызмет ету мерзімі ұзартылса) шоттарының дебетіне шығарылады.

Егер ұйым негізгі құралдардың ауыстырылатын бөлшегін есептен шығаратын болса, онда 2410 «Негізгі құралдар» бөлімінің сәйкесті шоттарына қатысты негізгі құралдардың ауыстырылатын бөлшегі осы аталған шоттардың кредитінен, 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімінің сәйкесті шоттарының дебетіне – ауыстырылатын бөлшек бойынша жинақталған амортизация сомасының бөлігінде және 7410 «Активтерді істен шығару бойынша шығыстар» шотына – ауыстырылатын бөлшектің баланстық (қалдық) құны шығарылады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында негізгі құралдарға жөндеу жұмыстары мердігерлік немесе шаруашылық тәсілмен жүргізілуі мүмкін. Мердігерлік әдіс бойынша негізгі құралдарға жөндеу жұмыстарын арнайы маманданыдырылған мердігерлік ұйымдар жүргізеді. Ал шаруашылық әдіс бойынша негізгі құралдарға жөндеу жұмыстарын ұйымның көмекші немесе қызмет көрсетуші өндірісі жүргізеді.

Мердігерлік әдіспен негізгі құралдарға жөндеу жұмыстары тапсырыс беруші және мердігерлік ұйым арасында жасасқан келісімшарттың негізінде жүзеге асырылады. Мердігерлік ұйымдар жөндеу жұмыстарын орындап болғаннан кейін орындалған жұмыстар бойынша тапсырыс берушіге «Орындалған өндеу жұмыстары жөніндегі актіні» және «Шот фактураны» рәсімдеп, ұсынады. Мердігерлік ұйым жөндеуден өткізген негізгі құралдар объектісін қабылдаған кезде арнайы қабылдау комиссиясы құрылып, жөндеуден кіріске алынатын негізгі құралдарға «Қабылдау-тапсыру актісі» толтырылады.

Шаруашылық тәсілмен орындалатын үйлерді, ғимараттарды, тұрғын үйлерді, мал қораларын, ауыл шаруашылығы техникасын және басқа да ауыл шаруашылығы жабдықтарын жөндеу бойынша шығындар ұйымның негізгі және көмекші өндіріс шығындарына апарылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімі және нормативтік қызмет ету мерзімі дегеніміз не? Қандай мерзімге сәйкес амортизация есептеледі?

2. Күрделі мүліктік объекті дегеніміз не?

3. Негізгі құралдарды мойындау (тану) дегеніміз не және мойындаудың шарттары қандай болады?

4. Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері және олардың сипаттамасы.

5. Негізгі құралдардың «физикалық» және «моральдық» тозулары дегенміз не?

6. Негізгі құралдардың қандай түрлеріне амортизация есептелінбейді?

7. Толық амортизацияланған, бірақ өндірісте әлі пайдаланылатын негізгі құралдарға амортизация есептеліне ме?

8. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың мақсаты не және қайта бағалауды өткізу жиелігі қандай?

9. 16 «Негізгі құралдар» - ҚЕХС негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде жинақталған амортизацияны түзетудің қандай әдістерін ұсынады?

10. Амортизацияны есептеудің әдістеріне сипаттама беріңіздер.

Тест сұрақтары:





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3891 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...