Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма



а) Авраам Линкольннің хатынан үзінізді жазыңыз.

ә) Осы хат туралы пікіріңізді жазбаша жазыңыз.

Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

ұмыта алмау – не забудь

алғашқы – первый

ойдан-қырдан – отовсюду

мектеп табалдырығы – порог школы

ілесу – успевать за кем-то

қадам басу – делать шаг

қиял – мечта, воображение

арман – цель

шындау – уточнять, воплощать

ұғу – понять, соображать

көлеңке – тень

кедергі – препятсвие, преграда

кешірмеу – простить

Сәлеметсіз бе, ұстаз?

Сізді мен әлі ұмыта алмай жүрмін. Ұмытқым да келмейді, апай.

Ойдан-қырдан жиналған 25 бала, бала емес балапандар мектеп табалдырыған алғаш аттаған оқушылар ортасында тұрып: «Кім жүзге дейін санай алады?», - дедіңіз.

Алғашқы болып мен шықтым. Алғаш рет ұстаз алдында жауап бердім. Алғашқы бестігімді, сіз сыйлаған, сіз шексіз қуантқан бағамда құшақтап, үйге жүгірдім.

Өмір атты ұлы көшке ілесерде, дүние жалғанға алғаш қадам басқанда, арманымызды шындаған, аруақты ұстаздар, сіздерге мың алғыс.

Бізді осы күнге жеткізген де сіздер, қиялымызға қанат болған да сіздер, қателігімізге күйіп, қуанышымызға бірге шаттанған да сіздер.

Сіздердей қимай, алтын ұясын қимай әр жылғы түлектер жыласа, әрбір шәкірттің көз жасы, тұп-тұнық көз жасы, ең қымбат, ең ыстық көз жасы өздеріңізге берілген баға деп ұғыңыздар. Мектеп алтын ұя болса, біз сіздердің мәңгі, иә, мәңгілік балапандарыңызбыз.

Көңілдеріңізде көлеңке, өмірлеріңізде кедерге болмасын. Өйткені сіздер ұстазсыздар. Ал ұстаздар мәңгі кішіреймеуі керек.

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

а. Ең бірінші ұстазыңыз есіңізді ме?

ә. Сүйікті ұстаздарыңыз көп болды ма?

б. Мектепте сізге қай пән ұнады? Неге?

в. Ұстаздарыңызды есіңізге аласыз ба?

г. Кім ұстаз болғысы келеді? (мектепте, университетте)

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а. Сіздің алғашқы бестігіңіз (бағаңыз) есіңізді ме?

ә. Класс жетекшіңіз туралы айта аласыз ба?

б. Қай мұғаліміңізге еліктедіңіз, қай мұғаліміңізге ұқсағыңыз келді?

в. Қай пәннен сіз өте қабілетті болдыңыз? Мұғалім еңбегі бар деп ойлайсыз ба?

г. Қай ұстаңызды жиі есіңізге аласыз?

3-тапсырма. Ұстазыңызға хат жазыңыз.

4-тапсырма. Ұстазыңызға тілек айтыңыз, жазыңыз.

5-тапсырма. Грамматикалық тапсырма.

а. Мәтіннен үстеулерді табыңыз.

ә. Мәтіннен сыпай тұлғада жақ жіктеу есімдіктерін, және басқа жіктеу есімдіктерді табыңыз.

6-тапсырма. Лексикалық тапсырма.

а. алғашқы сөзіне антоним, синоним табыңыз.

ә. ұстаз сөзіне синонимдер табыңыз.

б. дүние-жалған - басқаша қалай айтуға болады?

в. өмір деген сөзге мәтінде қандай теңеу берілген.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1-тапсырма. «Ұстаз» өлеңін жатқа айтыңыз.

2-тапсырма. «Ұстаз» тақырыбына шығарма жазыңыз.

13-сабақ

Лексикалық тақырып: Аударма мәселесі

Грамматикалық тақырып: Жедел өткен шақты қайталау.

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Аударма - ел мен елді, тіл мен тілді жақындастыратын, ұғыстыратын, бірін-бірі байытатын, толтыратын алтын көпір деуге болатындай қастерлі де қасиетті ұғым.

Аударма үш бірдей маңызды міндет атқарады: біріншіден, ұлттық мәдениеттің өзінің қайталанбас төлтума тұрпатын сырт елдерге танытады; екіншіден, сыртқы мәдениеттердің құндылықтарын жеткізу арқылы жасаң мәдениеттерді жаңғыртып, тың тыныс береді; үшіншіден, осы елдер тілдерінің сырттан кірген жаңа ұғымдар мен түсініктерді бейнелеуге бейім сөздерін іздестіруге, саралауға бейілді етіп, тілді жаңартып, жасандырады.

Аудармада ең жиі талап етілетін түрлерінің бірі-ауызша аударма. Ауызша аударманың шағын екі түрі бар: ілеспе және дәйекті аударма.

Ілеспе аударма- ірі халықаралық саяси жиындарда, ғылыми конференцияларда, форумдарда қолданылатын аударманың күрделі түрі. Бұл ретте аудармашы сөйлеушінің сөзімен бір мезгілде аударманы есту арқылы жүзеге асырады.

Дәйекті аударма- мәтінді тындағаннан кейін ауызша аудару. Әдетте аудармашылар дәйекті аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады.

Сонымен қатар аударманың кеңінен тараған түрлері де бар:

көркем, әдеби, саяси аударма.

Зерттеушілер аударманы үш түрге бөледі:

а) еркін немесе назиралық аударма;

ә) дәлме-дәл және жолма-жол аударма;

б) тендес, толық, сәйкес келетін аударма;

Жаңа сөздермен жұмыс:

Төлтума-

Тұрпат-

Құндылық- ценность

Жасаң - искусственный

Жаңғырту-

Ілеспе-синхронный

Дәйекті-

Еркін, назиралық-свободный, вольный

Дәлме-дәл, жолма-жол-буквальный, дословный

Теңдес, толық, сәйкес- адекватный, поолноценный

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

2 -тапсырма. Берілген аудармалардың екінші жолдан түпнұсқасын тауып жазыңыз.

Бір ақыл жақсы, бірақ екеу болса бекем болар.(М.Әуезов) И волки сыты, и овцы сыты.

Қасқыр да тоқ, қой да аман. Кто в лес, кто по дрова.

Жылтырағанның бәрі алтын емес. Охота смертная, да участь горькая.

Біреу орман паналайды, біреу отын арқалайды. Ум- хорошо, а два лучше.

Талабы зор-ақ, бірақ тағдыры тозық. Не все золото, что блестит.

Әркімнің өз денесіне өз көйлегі жақын. Заветный перстенок и поношенный хорош.

Қимас жүзігің жұқарса да қымбат. Всякому своя рубашка ближе к телу.

3 -тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, етістіктердің шағын аңықтаңыз.

Ты хорошо понял? Он вчера пришел. Вы работали вечером. Они слушали радио. Мой друг учился в университете. Я не был на лекции. Мы вчера повторяли. Она не поздоровалась. Мы на уроке хорошо работали. Сосед открыл окно.

4-тапсырма. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойыңыз.

Болу, тұру, жазу, оқу, бару, келу, ашу, жабу, сөйлесу, сөйлеу, сәлемдесу, танысу, жұмыс істеу, түсіну, үйлену, тұрмысқа шығу.

5-тапсырма. Сөйлемдердің орын тәртібін дұрыс келтіріңіз.

Аудармашы, қайта беретін транслятор, бір тілде түзілген, басқа тілдегі мәтінде, ауызша немесе жазбаша мәтінді.

Аудармашыға, берілуі тиіс,жұмысын, жеткілікті мерзім, орындауы үшін.

Өте қиын өнер, ілеспе аударма жасау, екінің бірінің, қолынан келе бермейтін.

Бастау алыпты, біздің елімізде,заң шығару органында, ілеспе аударма, ең жоғары, мемлекетіміздің.

Сақталуы тиіс, көркем аудармада,емлелік нормалары, қазақ тілінің, сөз қолдану, табиғи күйі.

6-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Ағылшын аудармасының тарихы

Англиядағы аударма қызметінің басталуы туралы сөз болғанда, әдетте 7 ғасырда өмір сүрген Кэдмонның есімін еске алады. Ол Қасиетті жазбаның латын тіліндегі мәтінін ағылшын тіліне аударған.

9 Ғасырдың соңында аударма қызметі шарықтады. Бұл кезең король Ұлы Альфред есімімен байланысты. Билікке келгеннен бастап Альфред сарай жанынан ағылшындардың мәдениетін арттыруға арналған үйірме ашты. Ол аудармаға тапсырыс беріп қана қоймай, өзі де басқа тілдерден ағылшын тіліне аударма жасады. Кейбір ғалымдар ол Тауратты ағылшын тіліне алғаш аударған деп санайды.

Алайда король Альфредтің өлімінен кейін аударма қызметі құлдырай бастайды.

Ағылшын мәдениеті тек 11 ғасырдың аяғында ғана қайта көтеріле алды. Осы кезде тек ағылшын тіліне ойнақы, жеңіл көңіл көтеретін әдеби шығармалар аударыла бастады.

11 ғасырда мәдениет ақырындап монастырьдан қалаға қанат жая бастайды. 1167 жылы Оксфорд, ал 1209 жылы Кембридж университеттерінің негізі қаланды. Мұның барлығы ағылшын аудармасының дамуына әсер етпей қоймады.

13 ғасырда рыцарлық романдардың барлығы дерлік француз тілінен аударылды.

14 ғасырда аударма қызметі біршама төмендейді. Себебі Англияда өздерінің төл әдебиеті өркендеп, аудармаға қажеттілік болмай қалады.

15 ғасырда аударма саласында тұрмыстық мазмұндағы мәтіндерді аудару ерекше орын алды. 15 ғасырдың ең танымал аудармашыларының бірі- Джон Лидгейт.

Орыс мәд.ениетіне жаппай қызығушылық тек 19 ғасырда басталды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1 Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ағылшын аудармасының тарихы қай ғасырдан басталады?

2. 9 ғасырдағы аударма кімнің есімімен байланысты?

3. Қай ғасырда ағылшын аудармасы көтеріле бастады? Ол кезде қандай шығармалар аударылды?

4. 11 ғасырда ағылшын мәдениеті қалай дамыды? Нелер ашылды? Бұл аудармаға қалай әсер етті?

5. 13 ғасырда қай тілден, нелер аударылды?

6. 14 ғасырда аударма қызметі не себепті төмендеді?

7. Тұрмыстық мазмұндағы мәтіндерді аудару қай ғасырда ерекше орын алды?

8. 15 ғасырдың танымал аудармашысы кім?

9. 19 ғасырда ағылшындықтар қай халықтың шығармаларын аударуға қызығушылық танытты?

2 -тапсырма. Орысша баламасының қазақ тіліндегі нұсқасын дұрыс тауып жазыңыз.

Не подмажешь – не получишь. Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

Деньги откроют любую дверь.

Который палец не укуси, Ақша ашпайтын есік жоқ.

Одинаково больно.

Неторопливый и на арбе Ата-анаға баласының бәрі бірдей.

догонит зайца.

Гость недолго гостит, Шешінген судан тайынбас.

Да много видит.

Кто не рискует, Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Тот не пьет шампанское.

3-тапсырма. Мәтіннен жедел өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңыз.

4-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып, дұрыс тұлғасына қойыңыз.

Аударма үш бірдей маңызды (выполнить обязанности).

Аудармада(самый часто требуемый) түрлерінің бірі-устный перевод.

Ілеспе аударма- (крупных международных собраниях), (научных конференциях), форумдарда қолданылатын аударманың (сложный вид).

(Исследователи) аударманы үш түрге (делят).

5-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ).

1-тапсырма. «Аударма – алтын көпір» тақырыбы бойынша шығарма жазып тапсырыңыз.

2 -тапсырма. Мағынасын ашып, жаттаңыз.

Аудармашылар- ағарту ісінің кіре тартар күрендері(А.С.Пушкин).

Білу ғана аз, білгеніңді істе қолдана білу керек.

Ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек(И.Гете).

Білімсіз кісілердің барлығы ауру.

Ауруды емдемесе, адам тез өледі(Жүсіп Баласағұн).

14-сабақ

Лексикалық тақырып: Сөздіктер, түрлері.

Грамматикалық тақырып: Сөздікке байланысты жаттығу жұмыстары.

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Сөздіктер.

Сауатты жазып, қисынды сөйлеу үшін тіліміздегі сөздердің мән-мағынасын жақсы білу қажет. Сөздердің дұрыс жазылуы, білдіретін мағыналары сөздіктерде беріледі. Сөздіктің түрлері көп және олардың әрқайсысының міндеті мен мақсаты әрқилы. Мысалы, орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс оқылуын, дұрыс айтылуын үйретеді. Түсіндірме сөздікдердің мағыналары мен тіліміздің байлығын ұғындырады. Екі тілді аударма сөздік басқа тілді үйретеді және оның сөздік құрамын меңгертеді.

Орфографиялық сөздік.

Орфографиялық сөздік тілдің негізгі зандылықтары мен фонетикалық ереже-қағидаларына негізделіп, сөздердің қалай жазылатындығын үйрету үшін жасалады. Жазылуы қиындық келтіретін сөздерді жалпы жұрт орфографиялық сөздіктең қарап жазады. Қажетті сөздерді тез тауып алу үшін сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.

Орфографиялық сөздікте дауысты, дауыссыз дыбысты білдіретін әріптердің қолданылуы, түбір сөздердің жазылуы бергі жазылатын және бөлек жазылатын сөздер көрсетіледі. Басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғану тәртібі мен қос сөдердің де жазылу емлесін үйретеді. Мысалы, жазылуы қиындық келтіретін байиды, кейді, іриді, оқиды, суиды, сый, тый, сыйлық, сыю, тыю, сыяды, тыяды деген сияқты сөздердің жазылуын толық меңгеріп болғанша орфографиялық сөздіктен қарап жазуға тура келеді.

Орфографиялық сөздікке мынадай сөздер енеді.

1.Тәуелдік жалғаулы жалғанғанда, сөздің түбіріндегі ы,і дыбыстары түсіріліп жазылатын немее соңғы қатаң қ,к,п дыбыстарды ұяң ғ,г,б дыбыстарына айналатын сөздер бар. Мысалы: ауыл-аулы, орын-орны, көрік-көркі, бөрік-бөркі, ерін-ерні, қазық-қазығы, бесік-бесігі, есік-есігі, құдық- құдығы, доп-добы, сап-сады, т.б.

2.Тіркескен сөздердегі жеке сөздер естілуінше жазылмай, негізі тұғалары сақталып жазылады. Мысалы: ала ат, бара алмаймын. Қара көлеңке, ақ лақ, барса игі еді,барып па екен.

3.Бір заттың немесе құбылыстың атауы ретінде қалыптасқан кейбір біріккен сөздердің жазылуын көрсетеді: жаздыгүні, күздігүні, әрқашан, белбеу, өнеркәсіп.

4.Орыс тілінен енген терминдік мәндегі сөздердің тұлғасы сақталып, орыс орфографиясы бойынша өздертілмей жазылады. Мысалы: вагон, паровоз, спорт, кино, радио, ракета, т.б.

5.сс,лл,кк, тт сияқты қосарлы дыбысқа біткен жалпы есімдерге қосымшалар жвлғанғанда, түбірдегі қос әріптің біреуі түсіріліп жазылады: прогресс-прогрестік, металл-металдың, грамм-грамнан.

ОРФОЭПИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Сөздер қалай жазылса, солай оқыла, айтыла бермейді, олар қалыптасқан орфографиялық нормаға сәйкес оқылады. Орфоэпиялық сөздік орфографиялық сөздіктің негізінде құрастырылып, сөздердің дұрыс айтылу ерекшелігін таны-тады. Бұл сөздік те тәжірибеде қолданылып жүрген басқа сөздіктер сияқты алфавит тәртібімен беріледі. Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айырмашылығы бар түбір сөздер, туынды сөздер мен күрделі сөздер, сөз тіркестері, қосымша жалғанғанда өзгеріске ұшырайтын кейбір тұлғалар енгізіледі. Сөздікке енген сөздер екі баған етіп беріледі. Бірінші бағанда сөздердің емлесі бойынша жазылуы, екіншісінде қалай айтылатындығы көрсетіледі. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:

еркін күш еркің гүш

жасырын хат жасырың ғат.

Иманбек Имамбек

АУДАРМА СӨЗДІК

Басқа тілді үйрену және оның сөз байлығын меңгеру үшін аударма сөздік колданылады. Аударма сөздік екі түрлі жолмен беріледі. Бірінде шет (басқа) тілдегі сөздер ана тіліне аударылып берілсе, екіншісінде ана тіліндегі сөздер шет (баска) тіліне аударылады. Мысалы: «Орысша-казақша», «Қазақша-орысша», «Қазақша-арабша»,. «Арабша-қазақша», «Қазақша-ағылшынша», «Ағылшынша-қазақша», т. б. сөздіктер бар. Қазақ тіліне сан алуан халықтар тілдерінен аударылып енген жаңа сөздермен сөз тіркестері аз емес. Аударма жолымен көпгеген төл сөздеріміз жаңа мағынаға ие болып, сөздік қорымызды жетілдіре түсті. Мысалы: Ұлтаралық қарым-қатынас құралы болып есептеліп келген орыс тілінің лексикалык байлығын игеру үшін «Орысша-қазақша» және «Қазақша-орысша» сөздіктің маңызы зор. Бұл сөздік те алфавит тәртібімен берілген. Орыс тіліндегі сөздердің барлығының екпіні қай буынға түсетіндігі көрсетілген, өйткені қазақ тілімен салыстырғанда орыс тілінде екпіннің мәні зор. Мысалы: автопортрет — өз портреті (суретшінің өзін-өзі салған суреті), балахон — қаптал шапан (далиған кең, шұбатылған шапан), валторка — музыкалық аспап (сыбызғы тәрізді жезден жасалған).

Сөзтізбе жасалғанда, орыс немесе басқа шет тіліндегі сөздердің негізгі және қосалқы мағыналары түсіндіріліп отырады. Мысалы: 1. густой — қою, густая каша — қою ботқа; 2. густой лес — калың орман, густой туман — қалың тұман.

Орыстың немесе шет тіліндегі бір сөздің мағынасына қазақ тіліндегі бірнеше сөз синонимдес келуі мүмкін. Ондайда ол сөздердің бәрі көрсетіледі және мысалы беріледі. Мысалы: важность — қажеттілік, маңыздылық, зор мәнділік. Ему это важно знать — мұны білу оған өте қажет; дальнейший — онан арғы, кейінгі, мұнан былайғы. Они отказались от дальнейших переговоров — олар бұдан арғы келіссөзден бас тартты.

Кей жағдайда орыс сөзінің мағынасы қазақ тіліндегі ұғымға дәл келмесе де, сәйкес мағыналы синонимдер тіркесі арқылы түсіндіріледі. Мысалы: ирония — кекесін, келеке, мысқыл, мазақ, тәлкек. Ирония судьбы — тағдырдың тәлкегі.

Аударылған сөзден кейін сол сөздің негізінде жасалған тұрақты тіркес және оның аудармасы да беріледі. Мысалы: закрыть — жабу; закрыть на ключ — кілтпен жабу; закрыть рот кому-либо — біреудің аузына қақпақ болу.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2-тапсырма .

Төмендегі сөздерді көшіріп жазып, қалай жазылғанын есте сақтаңдар.

Халықаралық, ауданаралық, пәнаралық, жаратылыстану, табиғаттану, шығыстану, абайтану, фотосурет, радиоқабылдағыш, автоқалам, автоклуб, киноқондырғы, ультракүлгін, изосызық, гипержазықтық.

3-тапсырма. Орфографиялық сөздікке қарай отырып, араб, парсы тілдерінен 10-15сөз тауып жазыңдар, олардың қалай жазылатынын есте сақтаңдар.

Үлгі: әділ, әрекет, мектеп, медресе,..

4-тапсырма.Берілген сөздерді «Орысша-қазақша сөздіктен» қарап, аудармасынжазыңдар.

Үлгі: Инверсия –орын тәртібін алмастыру.

Инверсия, кайма, картавый, коклюш, ломбард, маранье, мелодия, мерный, мерцание, наблюдение, назначить, налог, направление, обертка, образцовый, обратиться.

5-тапсырма. Өткенді қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

а) Көнерген сөздердің ерекшеліктері қандай?

ә) Термин сөздердің ерекшелігі мен қызметін еске түсіріңдер. Қандай саладағы терминдерді білесіңдер? Әр ғылымға қатысты термин сөздерге мысал келтіріңдер.

б) Тұрақты тіркес пен сөз тіркесінің айырмашылығын және олардың өзіне тән ерекшелігін мысалдар арқылы салыстырып айтыңдар.

в) Сөздіктердің мақсаты мен міндетін, сөздікте сөздердің берілу тәртібін еске түсіріңдер.

г) Сөздіктің қаңдай түрлерін білесіңдер? Олардың әрқайсысына мысал келтіріндер.

Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Даниловтың сөздігі

А.Даниловтың үйін алматылықтар қаладағы ерекше мұражай деп атайды. Ол «Жасыл ғаламшар адамдары» атты өте сирек кездесетін библиографиялық сөздік жасаған. Қырық алты жылдан бері осы сөздікті жасаумен айналысып келе жатқан ол барлық халықтардың түрлі уақыттағы 180 мыңнан астам белгілі адамдары туралы мәлімет беретін бір жарым миллион жазба нұсқаларды жүйеге келтірді. Салыстыру үшін «Үлкен Совет Энциклопедиясының» үшінші басылымында жиырма мыңға жуық қана адам есімдері бар екендігін айтсақ та жетілікті.

Жан-тәнімен өз ісіне берілген библиограф пен оның жинақтамасы жаңа қонысқа көшірілді: қалалық атқару комитетінің шешімімен А.Даниловқа үш бөлмелі жаңа пәтер бөлінді. Ол еліміздің түкпірінде тұратын жазушылардан, өнер және әдебиет зерттеушілерден, журналистерден, тарихшылардан, кітапхнашылардан, жас өлкентанушылардан жыл сайын әр түрлі сұрақтарға байлынысты мыңдаған, тіпті одан да көп хат алып тұрады.

Сөздікпен жұмыс істеу барысында күн сайын кем дегенде алты-жеті сағат уақытын бөле отырып, ол жастар арасында кітап насихаттаумен де көп айналысады.

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2-тапсырма. Көшіріп жазып, аударма сөздіктің қалай берілгеніне назар аударыңдар.

Абзац – азат жол; начать с абзаца – абзацтан бастау

Бесплатный – тегін, босқа, жай текке, төлеусіз, ақысыз; бесплатная медицинская помощь – тегін медициналық жәрдем.

Верно – дұрыс, дәл, ақиқат. Он верно решил задачу – Ол есепті дұрыс шығарды.

Гений – данышпан, кемеңгер, ғұлама. Ломоносов – гений русской науки – Ломоносов – орыс ғылымының кемеңгері.

Движение – қимыл, қозғалыс; движение планет – планеталардың қозғалысы.

Ездить – жүру, бару; ездить на трамвае – трамваймен жүру.

Жаркий – ыстық, шыжыған аптап, қызу; жаркий климат – ыстық климат; жаркое лето – ыстық жаз.

Забота- қамқорлық; забота о благосостоянии народа – халықтың әл-ауқаты туралы қамқорлық.





Дата публикования: 2014-10-29; Прочитано: 1758 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.026 с)...