Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Джордж Вашингтон



(1732-1799)

Джордж Вашингтон АҚШ-тың ең бірінші президенті болған.Ол муниципалдық полицияда полковник шенінде қызмет істеп жүріп, адамдарды басқару тәжірибесін жинақтаған.Тәуелсіздік үшін соғыс басталғанда, Вашингтон колониялдық әскердің бас қолбасшысы болып тағайындалған.

Революциялық соғыстың жеңісінен кейін, Вашингтон өкімет басшылығын өз қолына алуға және елде әскери басқарма құруға мүмкіндігі болды, бірақ ол Республикаға және Америка халқының жарқын болашағына қатты сенді.

1776 (бір мың жеті жүз жетпіс алтыншы) жылғы 4 шілдеде тәуелсіздік декларациясы бекітіліп, Америка Құрама Штаты егеменді ел деп жарияланды.

1789 (бір мың жеті жүз сексен тоғызыншы) жылы Джордж Вашингтон жаңа республиканың бірінші президенті болып сайланады. Вашингтон 1797 (бір мың жеті жүз тоқсан жетінші) жылы өзінің өзінің президенттік орнынан екі мерзімнен артық болмаймын деп бас тартады. Ол қайтыс болғаннан кейін, Америка Құрама Штатының астанасы оның атымен аталады.

4 – САБАҚ

Лексикалық тақырып: Шетелдерде оқу

Граматикалық тақырып: Етіс категориясы

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Шетелдерде оқу

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік бірлестікке енуі қазақстандық жастардың шет елдерде оқуына мүмкіндік туғызды. Қазір ғылым және білім беру министірлігі серіктестіктерімен бірге мамандарды шет елде дайындау жұмыстарын жүргізуде. 600-ден астам Қазақстан азаматтары шетелдік жоғары оқу орындарында оқиды. Сонымен қатар өз қаражаттарымен оқып жатқан жастар саны да өте көп.

Осыған орай шет елде оқудың төрт жолы бар.

1. Өз қаражатымен, не демеушінің көмегі арқылы.

2. Екі жақтық келісім арқылы.

Көптеген шетелдік ұйымдар Қазақстанға кадрлар дайындауға көмек көрсетуде. Олар жыл сайын шетелдік университетте оқу үшін гранттар бөлуде. Оқуға арнайы сынақ жүргізіледі. Сынаққа қатысу ережесі қоғамдық ақпарат құралдарында жарияланады. Мысалы, осы сайыстарды жүргізуші ұйымдар.

1) АҚШ-тың ақпарат бөлімі(ЮСИС)

2) Білім беру және тілдерді үйрету саласындағы америка ынтымастақтық кеңесі

3) «Сорос –Қазақстан» қоры

4) Британ кеңесі

5) Қазақстандағы Франция елшілігінің лингвистика мен педагогикалық ынтымастақтық бюросы т.б.

3. Халықаралық келісімдер бойынша алмасу.

Қазір білім беру саласында Араб Республикасы, Египет, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Монғолия, Испания, Болғария, Британия,Америка,Германия, т.б. елдермен ынтымақ

тастық қарым- қатынас келісіміне қол қойылды.

4. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту.

Сөздікпен жұмыс:

бірлестік - объединение

ену - вхождение

мүмкіндік - возможность

қаражат – средства, финансы

демеуші - спонсор

екі жақтық - двухсторонний

ереже - правило

ақпарат құралдары – информационные средства

елшілік - посольство

Лексика – грамматикалық тапсырмалар

1 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

2 тапсырма. Сөйлемдерден етіс категорияларының түрін анықтап, құрамына қарай талдаңыз.

Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылды. Ұлы жол үйінің табалдырығынан басталады (мақал).

Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас(мақал).

Әбішім мен Кәрімім жаңа парталар мен тақталарды көтерісті. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді. Сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқып, орыс тіліне бергізеді, мәтіндерді қазақша оқып, орыс тіліне аудартқызады, сөйлемдерді жазғызып, талдаулар жасаттырады. Ғ. Мүсірепов ең алғаш 1928 жылы газетте жарияланған «Тулаған толқында» повесімен көрінді. Мен суықтан сақтанамын.

Бүгінгі қайталайтынымыз

1.Ырықсыз етіс: түбір + -ын, -ін,-н (страдательный) -ыл, -іл, -л
2. Ортақ етіс: түбір + -с, - ыс, -іс (совместный)
3.Өзгелік етіс: түбір + - қыз, -кіз, -гіз, -ғыз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -т
4.Өздік етіс: түбір + -н, -ын, -ін

3 тапсырма.

Мәтінді қазақ тіліне аударып, етіс категорияларын талдаңыз.

Что такое OISE?

А в самом сердце города Оксфорда находится главный офис организации. В Оксфордской школе имеется библиотека учебных пособий и аудиопленок, которыми студенты могут пользоваться на протяжении всего курса обучения. При этом каждый учащийся прикреплен не к одному, а к целой группе преподавателей.

Организация предлагает различные курсы английского языка. Наримет, главная цель курсов в OISE Бристоле – дать каждому студенту знания для уверенного и эффективного общения на английском языке. Поэтому внимание учебной программы зафиксировано на 4 основных компонентах: устная речь, аудирование, чтение и письмо. Курсы в Бристоле предлагают английский для ежедневного общения и экзаменов. Бристоль является образовательным центром, с одним из более известных в Великобритании университетом, при этом являясь вторым по величине наиважнейшим финансовым центром Англии. В Кембридже OISE проводит комбинированные курсы для подготовки по всем признанным экзаменам по английскому языку, например, такому как University of Cambridge Certificate of Proficiency. Специальная подготовка к экзаменам предусматривает индивидуальные занятия.

Cөздерді есіңізде сақтаныз.

Прикреплен - тіркелген

уверенность - сенімділік

эффективность - нәтиже

общение - араласу

внимание - назар

фиксировать - назар қою, белгілеу

компонент - құрамдас бөлік

предусматривать - қарастыру

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің

өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқимыз. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

«Болашақ» стипендиясы.

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы -Қазақстанның дарынды жастарына шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары білім алу үшін берілетін стипендия. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысы негізінде беріледі.

«Болашақ» стипендиясы білім алушының оқуына, тамағына, оқу құралдарына, жолына тағы басқа қажеттеріне кететін шығындарды толық ескеріп, мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Стипендияға үміткерлерді таңдау мақсатында жыл сайын «Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия» сынақ өткізеді. Сынаққа жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін өзі қалаған мамандығы бойынша бір жыл жұмыс істеген үміткер жіберіледі.

Іріктеудің басты өлшемі:

- үміткерлердің оқудағы нақты табыстары;

- ғылыми зерттеу жұмыстары;

- шетел тілін білуі;

- оқу орындары мен шетел сарапшыларының кепілдік хаттары;

- психологиялық тестің нәтижелері;

- үш сатылы сынақтық іріктеуден табысты өтуі болып табылады. «Болашақ» стипендиясы негізінде шет елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Канада т.б. елдерде) қазақстандық жастар білім алады.

«Болашақ» стипендиясы бойынша шет елде білім алып оралған білікті мамандар Қазақстанның әкімшілік басқару органдарында, шет елдердегі өкілдіктерде, мұнай, газ саласында, экономика және қаржы мекемелерінде жемісті еңбек етуде.

Сөздікпен жұмыс.

қаулы - постановление

шығын - затраты, расходы

ескеру - учитывать

үміткер - кандидат

сынақ - конкурс

басты өмм

шемі - основной критерий

сарапшы - эксперт

кепілдік хаттары - гарантийные письма

нәтиже - результат

3ріктеу - отбор

білікті – квалифицированный





Дата публикования: 2014-10-29; Прочитано: 699 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...