Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Ойтүрікті сұрақтарға жауап беріңіз



Ойтүрікті сұрақтарға жауап беріңіз.

а. Нобель туралы не білесіз?

ә. Нобельдің ашқан жаналықтарын білесіз бе?

б. Ол қай елдің азаматы?

7-тапсырма .

Мына етістіктерді, сөз тіркесін пайдаланып, мәтінді әңгімелеңіз.

Табылады, тарихта қалу, өмірі қайшылыққа толы, өзгешілікте көп болған, кәсіпкер болған, әңгімелесуші болған, жалғыздықты жақсы көрді, отбасы болған жоқ, отаншыл болды, белгілі болу, саяхаттау, ойлап табу, пайдалану, қызығу, жаналық ашу, аманат жазу, жариялау, өзгеше болу.

Оқытушының басшылығымен жүргізулетін студенттердің өздік жұмысы (ОСӨЖ)

Оқыңыз,аударыңыз.

Нобель сыйлығы.

Парижде 1895 жылы жазылған өзінің атақты аманат хатында, А. Нобель қалдырған капиталын қалай пайдалану керектігі туралы жазды. Қайтыс болар алдындағы (перед смертью) оның қалдырған (оставленный) байлығы 92 млн.доллар. Қазір барлық қаржылық, ұйымдастырушылық сұрақтарған «Нобель қоры» ұйымы шешеді.

Нобель сыйлығы қорының қаржылық жұмысы табысты жүргізіліп келеді. Жыл сайын сыйлық қоры теңдей беске бөлінеді. Физика, химия, медицина және физиология саласынадағы ғалымдарға сондай-ақ әдебиет саласындағы жазушыларға, бейбітшілікті нығайтуға қызмет еткен қоғамдық қайраткерлерге бес Нобель сыйлығы бар.

Нобель қоры жеке және тәуелсіз ұйым болып табылады. Директор жұмысын Швеция үкіметі ұсынған адам орындайды. Нобель сыйлығын кімге беруді Нобель қоры шешпейді. Нобельдің аманат хатында Нобельдің өзі айтқан: «физика саласындағы сыйлық туралы Швед академиясы медицина саласындағы сыйлықты

Стокгольм Медицина институты, әдебиет саласындағы сыйлықты Стокгольмдегі Академия, бейбітшілікті нығайту туралы сыйлықты Норвег парламенті сайлаған бес адамнан тұратын арнайы комитет шешу керек.»

1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі ұсынған экономика бойынша тағы бір Нобель сыйлығы бар. Бұл сыйлық ресми басқаша аталған – Альфред Нобельдің құрметіне аталған сыйлық (премия в честь Альфреда Нобеля)

Қазіргі күнде Нобель сыйлығы бүкіл әлемге белгілі.

Нобель сыйлығына кандидаттарды тандау үшін, бекіту үшін арнайы комитет құрылған. Онда белгілі мамандар жұмыс істейді. Нобель сыйлығына кандидаттар бекітілген соң, олар 10 желтоқсанда Стокгольм мен Ослоға отбасымен бірге шақырылады. Стокгольмде марапаттау рәсімі 1200 адам қатысқан концерт залында өтеді. Химия, физика, медицина, әдебиет саласындағы сыйлықтарды Швеция Королі табыс етеді. Кеш банкетпен аяқталады. Ослода бейбітшілік сыйлығын марапаттау рәсімі Норвегия королімен оның отбасының қатысуымен университетте өтеді. Мараппатаудан кейін лауреаттар өздерінің Нобельдік лекцияларын оқиды. Ол лекциялар «Нобельдік лауреаттар» деген арнайы басылымда жарияланды.

Нобель сыйлығы өте ерекше айрықша сыйлық болып табылады. Ол 1901 жылдан беріліп келеді. Осы уақыт аралығында 600 жуық адамдар лауреат болды.

Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.

Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2-тапсырма.

Сіздің пікіріңіз.

Келесіңіз немесе қарсылағыңызды білдіріңіз.

1. Альфред Нобель капиталды қалай пайдалану туралы аманат хатын қалдырды.

2. Екі ғана Нобель сыйлығы бар: физика және химия саласында.

3. Нобель қоры – мемлекеттік ұйым.

4. Кімнің лауреат болатынын қор дирекциясы шешеді.

5. А.Нобель әдебиет қызметін маңызды деп санамады.

6. Нобель соғысты үлкен қылмыс деп санаған, сондықтын Нобельдік бейбітшілік сыйлығы құрылған.

7. Нобельдік лауреаттарды марапаттау, әдетте, желтоқсанда, екі қалада Стокгольмде және Ослода өтеді.

8. Марапаттау рәсіміне тек қана лауреаттар мен Нобельдік комитеттің мүшелері қатысады.

9. Марапаттаудан кейін лауреаттар өз Отанына бірден қайтады.

10. Сыйлық 1910 жылдан беріліп келеді және осы уақыттан бері лауреатттар саны жүзге жуық.

3-тапсырама. Мәтінге жоспар құрыңыз. Мәтінді әңгімелеу үшін тірек сөздердітеріп жазыңыз.

4-тапсырма. Өзіңіздің пікіріңізді, қорытындыңызды айтыңыз.

5-тапсырма. Мына мәтіннің мазмұнын қазақша әңгімелеңіз.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ)

1.Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

а) Неге Нобель сыйлығы әлемдегі ең айрықша сыйлық деп ойлайсыз?

ә) Осы сыйлық не үшін беріледі?

б) Сіздің елде Нобель сыйлығының лауреаттары бар ма? Олар бұл сыйлықты қашан және не үшін алды?

в) Бұл адамдары туралы сіз не айта аласыз?

2. 3-тапсырмада жасалған жоспарыңыз бойынша тезистік жоспар жазыңыз.

12-сабақ

Лексикалық тақырып: Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты .

Грамматикалық тақырып: Болымсыз, белгісіздік есімдіктер.

Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.

жолдау – послание

нақұрыс – негодяй

қаһарман – доблестный

әлдеқайда – где-то

жоғалту – потерять

әдеттендіру – приобретать навык

қызғаныш – зависть

құлақдар ету – извещать

зорлықшы – сообщник

тылсым – секрет

қалыптастыру – формировать

жаңсақ – ошибочный

ақиқат – правда, истина

сүзгі – фильтр

ілтипат – внимание

астар – подтекст

рух – вдохновение, дух

қайыспау – не сгибаться

құрыш – сталь

шынықтыру – заняться

сабыр – терпение, выдержка

сіңіру – впитывать, усваивать

Оқыңыз, аударыңыз.

Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты

Авраам Линкольннің ұлының оқытушысына жолдаған хаты деп білемін, бірақ мынаны да үйреткейсің ұлыма: бір нақұрысқа қарсы бір қаһарман, әрбір менмен саясаткерге қарсы тұрар лидер міндетті түрде бар.

Әр дұшпанға қарсы бір достың да болатынын үйрет. Уақыт алатынын білемін, дегенмен үйретте алсаң, еңбекпен тапқан бір доллардың оңай тауып алған бес доллардан әлдеқайда қымбат екенін білдіргенінді қалаймын. Табыс тапқанға қуанып қана қоймай, жоғалтуға әдеттендір. Қызғаныштан аулақ болуға, үнсіз қарқылдардың

сырына да құлақдар еткейсің. Ұрда жық, зорлықшының жеңісі тек сырт көзге ғана екенін үйренсін. Кітаптардың керемет тылсымын да білсін.Мектепке қателік жасағанның, құлық жасағанның жақсы екенін де үйрет. Оның өз көзқарасына деген сенімін қалыптастыр, тіпті барша жұрт оның жаңсақ сөйлегенін бетіне айтқан шақта да.

Нәзік адамдармен нәзік, қаталдармен қатал болуды да үйреткейсіз. Жұрт үнсіз бір-бірінің ізін басып, бір ғана бағытқа бет алған. Өзі өзгелердің соңынан еріп кете бермейтіндей батылдыққа шақыр ұлымды. Адамдардың бәрін тыңдай білуге, бірақ тыңдағандарының бәрін ақиқаттың сүзгісінен өткізген соң ғана тек жақсылықты алуын үйрет. Егер қолыңнан келсе, ренжіп өкпелеген шақта да күлімсірей білуге үйретсең, риза болар едім. Көз жасынан ұялмау керектігін, ерекше қарым-қатынас, ілтипаттың астарына үңіле білуді үйрет.

Оған қуаты мен миын қымбатқа сатуды, бірақ ешқашан жүрегі мен рухына құн белгілемеуді де үйрет. Ұлыған тобырға мән бермеуді, егер өзінікі дұрыс екендігіне сенімі мол болса, тікесінен тік тұрып, қайыспай қарсыласу керектігін үйрет. Онымен байланыста өте нәзік болғанынды қалаймын, бірақ құшағына алушы болма. Өйткені құрышты шынықтыратын от. Шыдамсыздығын батылдыққа, батылдығын сабырға жендіре білсін. Әрдайым барлық жерде өзіне деген берік сенімі болуы қажеттігін санасына сіңір. Сонда ғана адамзатқа деген сенімі қалыптасады. Әрине, мұның бәрі ауыр талап екендігін де білемін.

Менің ұлым әзірше кішкентай ғана, жақсылықтан басқадан бейхабар. Іске сәт!

Лексика - грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.

2– Тапсырма

Мәтіннен антоним сөздерді табыңыз.

Улгі: дос – дұшпан

қымбат -...

табу -...

жеңіс -...

жаңсақ -...

нәзік -...

жақсылық -...

шыдамсыздық -...

оңай -...

ауыр -...

қуану -...

кішкентай -...

3-тапсырма. Мәтіннен өзіңізге ұнаған сөйлемдерді оқып шығыңыз.

4-тапсырма. Мына етістіктермен сөз тіркесін жасаңыз.

Үлгі: батылдыққа шақыр; тек жақсылықты алуан үйрет.

ә. үйрет

б. қалыптастыр

в. үйреткейсіз

г. шақыр

д. қалаймын

ж. әдеттендір

5-тапсырма. Мәтіннен болымсыз, белгісіздік есімдіктері табыңыздар.

6-тапсырма. Мына сөздер қай жақта тұр? Осы етістіктермен сөз тіркесін жазыңыз.

а. үйренсін

ә. білсін

в. оқысын





Дата публикования: 2014-10-29; Прочитано: 1323 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...