Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз



Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Ынтымақтасты тереңдете түсу, екі жақты құжат, жаппай қырып-жоятын қару, айналадағы ортаны қорғау, ерекше қөңіл бөлу, бірлесіп игеру, шартқа қол қою, ірі көлемде тартылу, қол жеткізу, бірлескен кәсіпорын, дүниежүзіне танымал, ықпалды окілдер, келіссөздер барысы.

3. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Установлены деловые связи, международное развитие, техническая помощь, казахстанско-американские отношения, официальный визит, актуальность региональных и международных проблем, оборонная промышленность, ликвидация стратегических наступательных вооружений.

Студенттердің өздік жұмысы.

1. Мәтінді оқып, диалог құрастырыңыз.

Елбасы АҚШ Президентімен телефон арқылы сөйлесті.

26 қырқүйекте американ жағының бастамасы бойынша Елбасы Н.Назарб00 0 0аев АҚШ –тарының Презіденті Д.Бушпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады ҚР- сы Президентінің Баспасөз қызметі.

Н.Назарбаев террорлық акцияның салдарынан жазықсыз жандардың опат болуына байланысты көніл айтты. Дж.буш американ халқының атынан көніл айтқан және қолдау көрсеткен жылы лебіздері үшін Қазақстан Президентіне алғыс сезімін білдірді.

Америка Президенті екі ел басшыларының арасындағы қатынастардың достық сипаты АҚШ пен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастықтың негізі болып табылатын айтып өтті. Әнгімелесушілер Каспий аймағында минералдық ресурстар өндіру мен тасымалдаудағы ынтымақтастықты дамыту туралы пікір алмасты.

(Егемен Қазақстан)

2. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас туралы газет беттеріндегі материалға шолу жазып, әнгімелеп беріңіз.

3 – САБАҚ

Лексикалық тақырып: Америка Құрама Штаттары

Грамматикалық тақырып: Септеулік шылаулар

Америка Құрама Штаттары Солтүстік Америкада орналасқан.АҚШ-ты шығысында Атлант мұхиты,батысында Тынық мұхиты көмкеріп жатыр.Кордильерлер мен Аппалачи таулары американдықтардың мақтанышы.Бұл қаһарман өлкені тау ғана көріктендіріп жатқан жоқ.

Америкада таңқаларлық әдемі жерлер бар.Биік таулар мен кен байлықтары бар.Сондай биік таудың бірі – Аляска түбіндегі Мак-Кинли(6194 м).

Минералдық шикізатқа өте бай.Олар: темір,никель,кобальт,алтын,уран.

АҚШ-та континентегі ең ірі: Миссисипи,Колорадо және Колумбия өзендері орналасқан.АҚШ-та бірнеше тропикалық.субтропикалық және жайлы климаттық аймақтар бар.

Америка Құрама Штаттарының музыка, кино өнерінің әлемдік деңгейде ұзақ тарихы,ұлттық өрнегі, өзіндік бай дәстүрі бар.Америкада көбінесе үрлемелі(флейта, ысқырық, ұрмалы барабан) секілді аспаптар көп тараған.

Америка Құрама Штаттарында киноға түсіру 1896 жылы басталды.Киноға түсіру елдің шығысындағы үлкен қалалар: Нью-Йорк, Чикаго,Филадельфияда болады.1911 жылы Лос-Анжелестің іргесіндегі шағын қалашық – Голливудта алғашқы студия ашылады.Чарли Чаплин,Мэри Пикфорд, Дуглас Фербенкс сияқты кино өнерінің шеберлері әлемге әйгілі болды.

АҚШ-тың ірі: қалалары Нью-Йорк, Вашингтон, Бостон, Детройт, Чикаго, Филодельфия, Сан-Франциско, Лос-Анжелес, Даллас, Хьюстон, Балтимор.50штат пен 1 федеральдық округке бөлінеді.

Америка Құрама Штаттары федеральды демократиялық республика. Бұл мемлекетте президент басшылық етеді.Президенті – Джордж Буш. Америка Құрама Штаттары – тек заңға ғана бағынатын, есігі ашық ел.

Вашингтон― АҚШ астанасы.Халқының саны-250 млн. адам.

Сөздерді есіңізде сақтаңыздар

көмкеру – охватывать

аймақ – территория, сторона, регион, зона

мақтаныш – гордость, хвала

таңқаларлық – удивтельная

кен байлықтары – богатые ископаемые

үрлемелі - духовой

Лексика – грамматикалық тапсырмалар





Дата публикования: 2014-10-29; Прочитано: 973 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...