Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шінші әлем» проблемаларын шешу



Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді.

Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.

Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы "Қазақстан- 2030” Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында қалыптасқан экологиялық мәселелер: Радиациялық ластану, Арал теңізінің экологиялық ахуалы, Каспий теңізінің жағдайы, Семей полигоны, жерлердің шөлейттенуі, ауыз су проблемасы, орман қорының экологиялық мәселесін шешу.

Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді.

Бірінші кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

Екінші кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.

Үшінші кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66% түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен үш жүз миллиард теңгені құрайды.

2004 жылдың барысында шөлейттенудің көлемі мен құрғақшылықтың теріс әсерінің алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлерді және топырақтың құнарлығын қалпына келтіруге, ресурстық базаны сақтауды немесе қалпына келтіруге, халықтың экологиялық қауіпсіздігің нығайтып тұрақты жер пайдалануды экономикалық тетіктерін әзірлеу мен енгізуге, сондай ақ шөлейттенумен күрес процестерін жүргізу.

Топырақ эрозиясы дегеніміз- оның су мен желдің әсерінен бұзылуы. Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде ағаты су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процесстердің жылдамдығы бірнеше рет артып кеткен. Мысалы: соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен сегіз есе артқан. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін тыңайтқыштардан 1,5-2 есе артық өсімдіктерге қажетті заттар табиғи өсімдіктер жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден өсімдіктер топырақты тамырларымен бекітіп тұрады. Екіншіден өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және әсіресе ауа ағыстарының күшін арттырады.

Экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологиялары өндірістерді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнім мен жабдықты, оның ішінде ауыл шаруашылығына да әзірлеу;

Биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемаласын зерделеу;

Климаттың ықтимал жаһандық және өңірлік өзгерістерінін табиғи орта үшін оның салдарларын зерттеу;

Адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінін арасындағы байланысты зерделеу;

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру;

Мұнайды өңдейтін өнеркәсіп орындары Қазіргі таңда экологиялық кодекске сәйкес жұмыс атқарып жатқан жоқ. Сол немқұрайлылықтың салдарынан қоршаған орта ластанып, биоалуантүрлілікке зиянын тигізіп, адамзат өміріне қауіп-қатер төндіруде. Сондықтан Қара алтынымызды ысырап етпей өз орнымен
пайдаланайық!





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 2155 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...