Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 3 страница



— Шынымды айтсам мен Лысенконың батальонының күшін асыра бағалап, ондағы жауынгерлердің арпалыста майысқан беліне кезінде тіреу бола алмаппын,— деп генерал мерт болғандардың аруағын еске алғандай, әлі кінәлі адамдай, ақ шашты бурыл басын қайғылана төмен иді де, — домбыраның ішегі, енді-енді үзіліп кетейін деп тұрғанын білсем де, кұлағын тым қатты бұрай беріппін... Жігерімді құм қылып, жанымды қатты күй-зелткен қатемнің осы екенін кейіннен біліп, опық жеп отырмын... Сөйтіп, генерал Лысенко соғысқан жерді маған картадан көрсетті. Генералдың әңгімесіне, картадан көрсетіп берген белгілеріие карап, меп капитан Лысенконың батальоны жүргізген соғысты көз алдыма елестеттім....Міне, Осташовоның кіре берісіндегі көпірі... Оның арғы алқымында немістің бірнеше танктері қирап жатыр. Көпірге кіре берістегі тас жолдың ернеуінде әлденеше мотоцикл жайрап жатыр. Үстінде тышкан сұр шинелі бар жау өліктері мына жерден де, ана жерден де көрінеді. Бұлар Осташово кепірінен қарқынмен тоқтамай өтіп, сонымен негізгі қүштеріне Руза өзенінен жол ашып бермек болған немістің алдыңғы барлаушы отрядгары......Міне, үстінде атты әскердің мәуті шолақ бешпенті бар, белдігін қыса буған, құлақшынын шекесіне қисайта киген Лысенко. Ол, Осташовоның шетіндегі кірпіш үйдің тасасында, бақылау пунктінде тұр. Ол дүрбімен алға қарайды. Ол Курганов артиллерия полкінің екізецбірегін кереді. Оның алдындағы екі пулеметтің сорайған мойындарын кәреді... Кейде траншеяларда жүгіріп жүрген біздің жауынгерлердің дулығасы қылт-қылт етіп қалады... Айналада әлемді тұншықтырып тарсылдап, гүрсілдеп жау снарядтары жарылып жатыр. Немістің бір танкі көпірге қарай ынталап өктім келеді. Оны өкшелептағы екі танк зымырап келеді. Олар оқтын-оқтын тоқтап оқ атып, бірінші танкқа жол ашып сүйемелдейді. _Неге біз жақтан үн жоқ?—деп айқайлайды Лысенко кіріп келген адъютантқа. Демала алмай аптықкан адъютант оған:

— Жолдас капитан, немістер оңнан да, солдан да орап алып барады..._ Бұл жағдайда баяндау емес, дұшпанды соғу керек,— Деп Лысенко адъютанттың сөзін кілт үзіп, тыңдамастан блиндаждан жүгіре ыршып шығады. Шығады да окоптың жиегіне секіріп түсіп, артиллеристерге айқай салады. — Ей, сендердің үндерің өшіп қалғаны несі, неге атпайсыңдар аңдап келе жатқан жауды? А? Сол сәтте зеңбіректің күбідей соясы кеңірдегін төмең түсіре беріп, келе жатқан танкке қарсы тұрғандай болғанда: «Алдыңғы танктің тұмсығын дәлдеп ат!» деп команда беріледі. Зеңбірек гүрс етіп атылғанда даусы құлақты шың еткізіп, ауа толқыны екпінімен Лысенконы тәлтіректетіп орнынан ұшырып жібере жаздайды. Алдыңғы танктың тұмсық жағындағы сауыты лап ете қалып, қою түтін бұрқ етіп, жалыны аспанға ершіп, жана бастайды. Зеңбіректің атыс жаңғырығы өше бергенде, оның жанындағы пулемет те безектейді, қорғасын оғын жауға бүркіп жіберіп, кенет құлаққа ұрған танадай жым болды. Лысенко жалт бұрылып карап, пулеметтің тұтқасына басы сұлық түсіп, құлап жатқан солдатты көреді. Ырши қарғып пулемет ұясына барып, өлі пулеметчикті тез жылжытып, сосын орнына өзі жатады. Пулемет тұтқасын жұдырығымен қойып, қойып қалып, екінші номерлі пулеметчикке: «Оқ тізілген лентаны әкел бері» дейді. Пулемет нысанасындағы саңылаудан ол жүгіріп келе жатқан немістердің тігбегін кереді... Сол кезде Лысенко шаппаны басып-басып жібереді. Пулемет қақалмай, сыртылдап— сарнап жөнеледі. Лысенко екі көзінең от шашып, құшырланып тісін қайрап, безгегі ұстағандай тісі-тісіне тимей, сақылдаған пулеметтің тұтқасын қатты ұстап жатып, оның үстіне үн қоса: «так, так, так,— солай, солай, солай!» деп жау тізбегін жайқата жусатып пулемет оғын дамылдатпай сеуіп-сеуіп,. тегіп-төгіп жібереді... Оқ күні бұрын қарқындап, аптығып келе жатқан жауды жерге жапсырып бас кетертер емес... Менің көз алдымда елестеген капитан Лысенко жауды осылайша қанға бөктіріп, қызыл май қылып, жер кұштырып, топырақ қаптырып, мандайынан, самайынан саулап аққан ащы терді сүртуге мұршасы келмей, толғана тепсініп ән үстіне ән салған ақындай өктем өкгігіп, ыза мен кектін. оғын жау үстіне нөсердей боратып жатыр... Оның қолындағы пулемет біресе бажылдап, біресе шажылдап, біресе тұтығып, біресе булығып, тісін сақ-сақ қаққан аңдай — жау тобына оқ бүркуде... Қабағын қарс жауып, түксие түнерген түн. Айнала оқ зуылдап, снарядтар түн қараңғысын қақырата қақ жарып, күрс-күрс жарылып жатыр. Лысенко бас киімсіз. Басы таңулы күйде орындықта отыр. Үстіндегі мәуіт бешпеті қанға боялған, түймелері ағытылған:

—Бізді қоршап алды,— дейді ол күңгірт караңғы жертөбе ішінде онын. аузына карап отырған командирге,—іргемізді ығыстыра, кабырғамызды кайыстыра, айнала құрсаулап қысқалы екі күн, екі түн болды, жігіттер.— Осыны айтып ол колымен санын қағып, зығырданы қайнап, бетіне от теуіп, ызалана былай деді — Жоқ олардың бұл қыспағынан ешнәрсе шықпайды. Тірі тұрғанымда көпірді де, Осташовоны да бермеймін...— даусы әлсіреп барып үзіліп кетеді.— Жігіттер, көзіміз тірі тұрғанда көпірді де, бсташовоны да жауға бермейміз. Сіздер менің айтқанымды түсінесіздер ме?—деп сұрады командирлерден... Есік ашылып кплына ақ мата байлаған бір неміс офицері кіріп келеді. Отырғандардың бәрі аң-таң болады. Неміс офицері қаздиып тікесінен тік тұрып, колын шекесіне көтеріп, сәлем беріп, орыс тілін бүзып сөйлеп:

—Кім болады осы жерде командир?— деп сүрайды. «Мен» деп тұра келеді Лысенко. Неміс мырс етіп езу тартып, колын тағы да шекесіне апарып:

—Өте жақсы, өте жақсы,— дейді ол.— Мен елшімін, майор Кандель.

—Капитан Лысенко.

—Сізбен таныспыз, капитан мырза,— дейді неміс.

—Әрине таныспыз, майор мырза,— деп Лысенко мұртынан күліп мысқылдап.— кұдайға шүкір, біз төрт күн, төрт түннен бері бір-бірімізді қапсыра кұшақтап танысып, «достасып» тұрмыз ғой.

—О, достасып!..— деп неміс қарқ-қарқ күледі.1

—Сіздің кай қажетіңізге жарай аламын, майор мырза? Келген шаруаңызды айта тұрыныз.

_ О, сіз көп-көп қызмет керсете алады, капитан

— Айта беріңіз, майор мырза.

__ Капитаи мырза, ендігі карсыласуларың пайдасыз болады. Арыстанға тышқан қарсыласа ма?

__ А, а, сіздер солай ойлайды екенсіздер ғой, майор мырза, дейді Лысенко оның сөзін шорт бөліп. Болады күмәнданбауыңызға, капитан мырза. Сіз біреусіз, біз көп, біздікі күш көп. Сіздікі дивизия жоқ болған. Дивизия өлген. Біз Волоколамск алған. Ертең Мәскәуді аламыз. Менікі генерал сізге ұсынады қолға түсуді. Бағыныңыз. Менікі генерал сізге жақсы жағдай, жақсы қызмет уәде етеді... Лысенко оның сөзін беті түтігіп, айбарлана, қаһарлана, ызаланып үзіп-үзіп жібереді.

—Генералыңызға айтып барыңыз, біз бұл жерде жаудың айтқанына көніп, айдауына жүру үшін соғысып жатқан жоқпыз. Біз жаудың құлақ кесті құлы болғалы соғысып жатқан жоқпыз. Генералыңыз жақсы жағдай мен жақсы қызметті опасыз сатылғандарға, жүзі қара лағнаттарға жасасын. Біз тұтқын болып ешуақытта тізе бүгіп, жау алдына шөге алмаймыз. Біз табан тіресіп, арпалысып бағамыз. Соғыс көрсетеді, майор мырза, қайсымыздың арыстан, қайсьшыздың тышқан екенімізді, оны тек соғыс көрсетеді!

—Қызбалық, қызбалық іс мұныңыз, капитан мырза. Сізге қарсыласуға күш қалған жоқ қой...

—Жоқ,! Сіз бізді аямай-ақ қойыңыз есіркемеңіз сіздің аянышыңыздың бізге керегі жоқ. Біз не көрсек те соғысып кереміз. Біз соғысамыз!—Лысенко неміс майорының өңменінен өткізе ызбарлана бір қарап алып, өзінің бір лейтенантына бұрылып:

—Майор мырзаны біздің шептен аман-есен шығарып салыңыз, — деп бұйырды. Сонан соң неміске қарап,— жолыңыз болсын, майор мырза, — дейді. Неміс өкшесін сарт еткізіп, қолын шекесіне апарып:

—Қош болыңыз, капитан мырза, Ауф видерзейн! Ай, ай, қайсар адам екенсіз ғой! — деп кілт бұрылып шығып кетеді. Оның соңынан есік жабылған кезде Лысенко жанында отырған командирлерге қарап, жақағы елші келері алдында айтқан сөзін қайталайды:

—Көпірді де, Осташовоны да тірі тұрғанда бермейміз, жолдастар! Алакөлеңке, қарабарқын жертөленің ішінде отырғандар Лысенконың сөзін ант бергендей қоштап:

—Көпірді де, Осташовоны да бермейміз! — дейді бір ауыздан.

— 22 октябрь күні немістер Лысенконың батальонын тар қыспаққа салып, айнала қоршап алды,—деді генерал әңгіменің жібін сабақтап. — Сөйтіп ол қаламның ұшымен картадан Осташовоны айналдыра сызып майын қан сақинадай көк шеңберді көрсетті. — Міне, сонда ғана барып Лысенконың мүшкіл халі есіме түсті. Бірақ амал не, шабан ойлап соғыс жағдайын асқындырып алғанымызды бірақ сездім, — деді генерал. Полк командирі полковник Капров Болычево совхозының аймағына табан тіресе шегініп, жолындағы Игнатово, Федосино, Қняжево және басқа деревняларда ай-бындаса арпалысудың әуресінде жүріп, капитан Лысенкоға дер кезінде демеу бола алмапты, шынын айтқанда да көмек беруге мүмкіншілігі де жоқ екен. Генерал Панфилов батальонның өте қиын жағдайда қалғанын біле салысымен қолда бар 100 адамнан отряд құрап, лейтенант Қаюм Гариповтың бастауымен Лысен-коға дереу көмекке жібереді. Бірақ, Гарипов Осташовоға жау шебін бұзып өте алмапты. Отряд жаудың жеті танкін жайратып, өздері түгел дерлік қоянқолтық найзаласқан арпалыста мерт болады. Отрядтан не бары алты адам қайтыпты, олардың өзі де жарақаттанып оралыпты. Иә, лейтенант Каюм Гариповтыда мен білуші едім. Ол біздің Талғар полкының үшінші батальонындағы ро-та командирі болатын. Алатаудан арқырап аққан Талғар өзенінің жағасы, полкта әскери жаттығулар етіп жатқан кез. Орта бой-лы, маңдайы кере қарыс, қараторы татар жігіті ине-жіптен жаңа шыққан офицерлік форманы олпы-солпы киініп, аспалы белдікке оң қолын икемсіз сұғып ұстап оқ атып жатқан шепте ары-бері күйбеңдей жүгіріп жүр. Жүрісі әскери адамға тән емес. Бос буынғаи офицерлік жалпақ белдікті қайыс каптағы пистолеті салмағымен мендете оң мықынында қисая салбырап тұр. Үстіндегінің бәрі жаңа, бәрі олпы-солпы. Әскери формаға дағдыланбағаны сонша, Гарипов үстіндегі киімін, киім Гапиповты жатырқап тұрған сияқты. Ол өз адамдарына жасықтау бұйырып, кесіп әмір айтпай, қоластындағы-ларменен саудаласқандай болып, жалынғандай көрініп тілін сонда барып қана алдырғанын байқадым. Соның ротасының сылбыр шұбалақдығына бола біз атуға машықтану сабағын бастамай бір аз күтіп тұрып қалдық.

_ Жолдас лейтенант, бері келіңіз,— деп бұйырдым мен оған. Гарипов маған қарай бар ынтасымен жүріп келе жатты. Бірақ, қимылы солғын. Маған таяп, қолын желкесіне сырғып кеткен пилвткасына икімсіз апарып, жұмсақ дауыспен аспай-саспай:

—Ләппәй, жолдас аға лейтенант,— деді. Менің. ескерте айтқан сөздерімді ол қысылып, атжақты сепкіл бетінен тер шығып, мейірімді қой көзі жыпылық қағып тұрып тыңдады.

— Егер сіз қоластыңыздағы адамдарға тым ұяң сөйлеп, балаша әлдилеп, кесіп айтып бұйырудың орнына саудаласып, әкелеп-көкелеп тұратын болсаңыз, ротаңызды бұл қысқа мерзімнің ішінде түкке де үйрете алмайсыз. Бір айтқанды екі айтқызбайтындай етіп, жаппай тіл алдыру үшін жалынып, жалпаймаңыз талап қойыңыз, бұйырыңыз! «Бүйтсеңші» емес «Былай ет!» Қатал бұйырып айтқанға жарылатын жүрек болса жарыла берсін. Гарипов ұяла қызарып тұрып:

—Кәзірше ешнәрсе шығара алмай жүрмін, құрғыр осы... Мен қатты зекіріп сөйлеп, бұйыра жұмсауға дағдыланбаған мұғалімнің біреуі едім, жолдас аға лейтенант, — деп шынын айтты. Өз айтуы бойынша, Гарипов бұдан бес жыл бұрын педапогика институтын бітіріп, соғыс басталғанға дейін орта мектепте мұғалім болып істепті. Бір айдан кейін мен оның бір сержантты бидайдай Қуырып, шыжғырып жатқанының үстінен шығып:

_ — Е, мұғалім жолдас, енді ақырып ұрсуды да үйренесіз ғой,— деп күлдім.

Гарипов қолды аяқтай үйіріліп, тап-тұйнақтай жинақ ұрып, әскери ізет көрсетті де:

— Иә, солай, жолдас аға лейтенант, шын қысылған жаннан тер шығады деген ғой. Кейбіреулері орынсыз зығырыңды қайнатып ұрыспайын десең де лажсыз ұрысты рады екен,— деп кінәлі түрде күлімсіреп жауап берді, Сол кезде Гариповтан сыбағасын алған әлгі сержант айыбын мойындағандай оның алдында сіресіп жерге қаққан қазықтай қақайып тұр еді.

— Оқасы жоқ, жолдас лейтенант, соғыста канды аз тегу үшін, кәзір терді көп төккеннің пайдасы болмаеа зияны жоқ... Енді міне генерал маған сол Гарипов туралы, онын жауынгерлері туралы, жолдастарын басқа төнген бәледен құтқармақ болып, өзінен дүші әлденеше артық жаумен шайқаста ерлікпен мерт болғанын айтып отыр. Лысенко тура үш күн, үш түн арпалысьшты. Үш күн, үш түн бойы зеңбіректер жер сілкіндіре гүрсілдей атылып, пулеметтер тынбай безілдеп, моторлар күңірене гүрілдеп, Осташово тозақ отына оранып жанталасқан қырғын арпалыс болып жатқанын төңірекке жар салғандай мәлімдейді. Қолға түскен немістің унтер-офицері Осташоводағы қызыл әскерлерден тұтқын болған ешкім жоқ деп айтты,— деп генерал сөзін жалғай берді,— Лысенконың батальоны мен Гариповтың ротасы біздің дивизиямыз-дың жаппай ерлік көрсеткен бірінші белімдері. Олар жау жолын үш күн, үш түн бөгеп, біздің дивизия үшін маңызды бағыттың бірі жауға тістесіп, бір сүйем жер шегінбей ұстап тұрды. Сол қырқысқан соғыста, меніңше немістер қатты қансыраса керек. Талай танктарынан айрылып, талай солдаттары о дүниеге аттанды. Кәзіргі жағдайда ержүрек Лысенконың батальоны мен Гариповтың ротасы алдында көптен қарыздармыз деуімнін себебі міне осы. Мен генералға Сталин атындағы совхоздың жанындағы тоғайда болған соғысты, Софатовадан келе жатқан артиллериялы неміс колониасына төрт зеңбіректен оқ бората тиіскенімізді түгел айтып бердім. Генерал маған түрлі түсті қалам ұсынып, картадан Софатованы сұқ қолымен шұқып көрсетіп:

— Жаңағы айтканыңыздың бәрін картаға сызып түсіріңіз,— деп бұйырды.. Мен картаға еңкейіп, біздің батальонның тоғайдағы орнын, зеңбіректердің тұрған жерін салып, қоңыр қаламмен тартылған жолға қаламның көк ұшты жағымен сүйілеп үш белгі түртіп, неміс колоннасын орналастырып, астына кара қаламмен соғыс болған күнді, сағатты жаздым.

—Ие, солай екен ғой,— деді генерал,— демек, осы жермен сол кезде жаудың жаяу әскері батальон және артиллерия дивизионы өтіп бара жатқан екен ғой?

—Иә, жолдас генерал.

—Дұрыс, дұрыс, айта беріңіз, сөзіңізді белмей айта беріңіз, тыңдаушы да, ұғушы да мен болайын. Соғыс жағдайын мына картаның бетіне сыза отырып сөйлеңіз. Сіздің салған нақыштарыңыз бұған да тіл бітіреді,— деді генерал картаны нұсқап. Әңгімеміз жайдарылана, жандана берді. Мен айтып отырмын, айта отырып картаға қаламнын, қызыл ұшымен біздің көк ұшымен жаудың қимылын түсіре сейлеп отырмын. Генерал зейін сала қарап ұйып тыңдап тұр. Мұны көріп мен бұрынғы күдіктен әбден құтылып, енді именбестен, жасқанбастан еркін сөйлеп кетсем керек.

— Міне, мына жерде, жолдас генерал, винтовка біздің кәдемізге жарап берді,— дедім мен картадан Миловани деревнясын көрсетіп, дүркін-дүркін оқ себелеп неміс колоннасын тоңтарып тас жол арқылы жау үстінен аттап өткенімізді айттым.

—Сабыр ет, еаібыр ет, шырағым, тұра-тұр,— деді генерал,— бұл оқиға қашан, қай сағатта болды? Мен толық айтып бердім.

—Мм, да... енді маған біраз нәрсе айқындала бастайын деп тұр. Кәнеки қаламды маған бере тұрыңызшы... Генерал маған қарамастан картаға ирек сызық салып отырып:

—Сол күні таңертең Капровтың полкі мен Кургановтың артиллерия полкі Рюховское мен Спасс-Рюховское тас жолының бойындағы сол —.жерлерді түртіп көрсетіп тағы сөйлеп кетті. Мен тыңдап отырмын. Генералдың айтуы бойынша: полковник Капровтың полкі мен подполковник Кургановтың артиллериясының қалдығы жаңағы көрсетілген жерлерге тез өтіп бекініс жасайды. Волоколамск алқымындағы бағытка тірелетін Рюховское мен Спасс-Рюховское түйініне бас командование аса зор мән беріп, зор көңіл бөледі. Армия командованиесінің күш қорын Кургановтың полкына танкке қарсы тұратын артиллерия дивизионы келіп қосылады. Сонымен генерал Панфилов өз артиллерия командирі подполковник Марковты ертіп, артиллеристердің күшін Капровтың полкымен байланыстырып, соғыс әрекеттерін бір жүйеге салу үшіи сол аймаққа барады. Соғыс жобасы бойын-ша, Волоколамск аймағына мықты бекініс дайындау мақсатымен осы жерде жаумен неғұрлым көбірек соғысып, уакытты ұту керек еді. Келесі күні танертең жаудың бомбардировщиктер полкы осы пункттерге бес рет айнала ұшып келіп бомбалап, артиллериямен жиырма минуттай оқ атқылағаннан соң, кенеттен жау алпыс танкпен шабуыл жасайды. Дұшпанның алпыс танкы алдымен тіке шабуылға шығады, бірақ артиллерияның дәлме-дәл нысанасына тап болып тойтарылады. Жау енді біздің шепке артиллериясынан да үсті-үстіне атқылап, оңнан да, солдан да орап алып, танктер, жаяу әскерлер біріге қимылдап кос бүйірден соға бастайды. Біздің артиллеристер де қатты қысыла қимыл жасайды. Жау дамыл таппай үсті-үстіне шабуылдайды.

—Жолдас генерал, полк енді төтеп бере алар емес,— деп баяндайды Капров.

—Жолдас генерал, зеңбіректердің тең жартысы іс-тен шыкты, ок-дәрі де таусылып барады,— деп хабарлайды Курганов.

Күштің тең емес екенін генералдың өзі де біледі. Ол біраз күшті соғыста қалдырып, соның оғын тасалай отырып келесі шепке шегініп шығыңдар деп бұйрық береді.

—Кенет жаудың кыспағы әлсіреп сала берді,— деді генерал,— бұл қалай? Не боп қалды? Жау неғып тына алды? Сөйтсем жаудың. қарқынды шабуылына нұқсан елтіріп, кесір еткен сіздер екенсіздер ғой...

—Менің одан хабарым жок еді, жолдас генерал.

—Мен сізді жауға кесір келтірді деп отырғаным жоқ қой. Сізге тас жолды кесіп ету керек болды. Оныңыз дұрыс табылған ақыл.— Генерал аз ойланып қалды да, сулана күлімсіреп сөзін айта берді:—Айтпақшы, сіз дүрсін-дүркін залппен оқ атуды өзініз тапкан жаңалықтай тіп айтып отырсыз. Әрине, сіз үшін бұл жаңалық бірақ бұл тіпті де жаналық емес, ескі тәсіл. Амал не, бір өкінетін жай, біз осы тәсілді ұмытып кетіппіз. Бүл соғыстын оны сіздің есіңізге түсіргені жақсы болған екен. Біз дүркін-дүркін оқ атуды әлі патша армиясында жүргенде қолданушы едік. «Рота, дүркін-дүркін, соқ!» — деген команда бойынша ататынбыз.— Генерал біраз ойланып отырды да мынаны айтты:— Бірақ, жолдас Момышұлы, мұны сіз көңіліңізге алмаңыз, солдаттарды осы атысқа үйрете беріңіз, бүдан бұлай да осы әдісті керек жерінде

қолданыңыз.

Генерал орнынан тұрып, арлы-берлі жүріп, орнына кайтып келді де, картаға тағы еңкейіп, өзімен-өзі сөйлескендей-ақ:

— Нендей сәтті, нендей ақиқат кездейсоқ,— деп ол «осы айтқаным рас па» дегендей маған қарады. Бірақ оның не туралы айтып отырғанын түсінбей, үндеместен отыра бердім.

—Нендей оқиға кездейсоқ,— деді ол тағы да.— Әттең мұның тек кездейсоқ қана болған ғой.

—Сіз не туралы айтып отырсыз, жолдас генерал?

— Бір мезгілдің ішінде сіз Милованийде, біз Рюховскоеде соғысыппыз ғой. Соны айтам. Екеуміздің де со-ғысқанымыз жаудың бір бөлегі болуы керек. Бірақ, сіз де, біз де бір жаумен соғысып жатқанымызды білмеппіз. Әйтпесе біз жауды бөгеп, алдауратып тұрғанымыз да, сіз мынау орманға еніп кетсеңіз ғой қандай жақсы болар еді. (Ол әлгі орманды картадан көрсетті.) Япырай, тіпті қатар тұрғанымызды қарашы... Иә, сіз байланыса алмадыңыз, байланысуға мүмкіншілігіңіз де болған жоқ, сөйтіп біз, бір-бірімізге жақын тұрғанымызды білмедік. Біз жағаласып тұрғанда, сіз оның етегінен алған екенсіз. Ал, неміс, осының бәрі күн ілгері ойланып, жобасымен істеліп жатыр деп ойлап сескене кідірген болуы керек. Сірә, осы кездейсоқ сәтті жайды генерал Панфиловтың тапқан амалы — маневрі деп ойлаған да шығар,— генерал осыны айтып ішек-сілесі қата қарқ-қарқ күліп жіберді. Бұрын мен оның бұлай күлгенін байқаған емес едім. Күле-күле көзінен шығып кеткен жасты орамалымен сүрте отырып:

— Соғыс тарихында талай-талай сенер-сенбес, ойда жоқ нәрселер бола береді. Айталық, жағдайдың кездейсоқ сәтті істерін қолбасшының ойлап әдейі істеген тапқырлық әдісі десіп дәріптеу де кездеседі. Сәтті іс жерден тауып алғандай алдынан шыға келсе — одан кім тартып, мақтаулы атақты кім жек көреді дейсіз,— деп тағы да мырс-мырс күліп генерал біраз ойланып қалды: — Бұл бұндай жағдай сіз бен бізге, бұдан былай сабақ болуға тиіс. Рас. Әзір байланысымыз нашар, радио станцияларымыз аз,— деп генерал күрсініп қойды.— Егер біз Рюховекоеде радиомен байланыса алсақ қой жауды ең жоқ дегенде екі күн әурелер едік.

Телефон шар ете қалды да, генерал трубканы алды., Сірә, штаб бастығы оған бір нәрсе хабарлап тұрса керек. Мен олардың сөзін тыңдап тұрғаным ыңғайсыз болар дедім де, үйден шыға беріп едім..

—Сіз қайда кетіп бара жатырсыз? — деп тоқтатты генерал.

—Темекі тартайыи деп едім, жолдас генерал.

—Осы үйде-ақ тарта беріңіз. Сіз бен біз әлі әңгімемізді аяқтаған жоқпыз ғой.

—Жолдас генерал, сіздің шаруаңыз тығыз, жұмысыңыз көп қой. Бекер уақытыңызды бөліп...

—О не дегеніңіз? — деп генерал сөзімді үзіп.— Сізбен әңгімелескенім жұмыс істегенім емес пе?! Біз бір-бірімізге ертек айтып отырған жоқпыз ғой. Сізбен бірге отьірып қай жерде не болғанын біліп, анықтап алсам, бұл үлкен жұмыс, кел отырыңыз, тағы да тарамталдап, әнгіменің иін қандырып алайық.

Енді қандай әңгімеміз бар деп мен аң-таң қалдым. Генерал мұнымды сезе қойып:

—Біз бейбітшілік кезде сабақ етіп машықтанып жүріп, сол сабақтан кейін күні бойы талдау жасаушы едік қой. Есіңізде ме? Ұмытқан жоқсыз ба? — деді.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 212 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...