Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 1 страница



Күзгітаң. Түнерген аспан. Ой-шұқырдағы сулар кілегейленіп, қабыршықтанып қата бастаған. Ел орнынан жаңа тұрып жатыр. Батальон салтанатты сап түзеп, қала ішімен ырқақпен адымдап келеді, Әйелдер жылы төсектен енді тұрды, иықтарына жылы түбіт орамалдарын асығыс жамылып, терезелерін ашты. жақтауға сүйеніп қарап тұр; Қауіппен үрейленіп те, тан-данып та тұрған тәрізді. Колоннаның алдында келе жатып бұрылып артыма қарадым роталар төрт-төрт қатардан сап түзеп, бірінің соңынан бірі тізіліп, қатарларын бұзбапты. Біз алты жүздей адамбыз. Колонналар ара сында екі-екіден, төрт-терттен жегілген 36 пар ат тас жолды тағалы тұяқтарымен сартылдата басып, зеңбіректерді, оқ-дәрі жәшіктері тиелген арбаларды сүйреп келеді. Саптың соңында жаралы жауынгерлер мінген, қос дөңгелекті күркелі арба келеді. Қөптен бері жуылмаған беттері тотыққан, тозаңданған, кірпіктері кіртиген, ұйқы көрмеген, көздерініқ жиектері қызарған, еріндері кезерген, сақал-мұрттары түксие өсіп, иықтарына винтовка асынған жауынгерлер сап тартып, салтанатпен кере басып жүріп келеді. Таңғы аяздан сұрғылт тартқан мылтық. найзалары колонна үстіне талшыбықтың иін тіресе өскен сабау бұтақтары тәрізді. Ол жел лебімен теңселеырғалып тұрғандай көрінеді. Адамдардың аяқ басысы шашау шықпай, тас жолды зілді салмақпен алма-кезек, келсап соққандай солқылдатып барады. Жігіттер лай жабысқан — сатпақ-сатпақ етіктерінін тұмсығын айқайта көтеріп, серпе тастап,_ қолдарын барынша құлаштай, екпінді адымдай басып келеді. Ұзыннан-ұзақ созылған колоннаның адымдай аяқ басысынан көше солқылдап, үйлер теңселіп тұрғандай... Адамдардың түрлері сұсты, байсалды, қатал жүрістері екпінді — салтанатты.

—Өлең баста! — деп команда бердім. Қатарымда келе жатқан Толстунов жеңімнен тартып қалып:

—Ойбай, оның не, комбат-ау! — деп сыбырлады. Оған жауап берудің орнына даусымды бұрынғыдан қаттырақ шығарып:

—Өлең баста,— деп бұйрығымды қайталадым. Рота командирлері «бір, екі, бір, екі», —деп аяқ басуды ырғақтап жөнге сала бастады.

Бірінші ротаның өлең бастаушысы суық тиіп, қарлыққан дауыспен:

Слушай, рабочий, война началася Бросай свое дело, в поход собирайся,—

деп әннің басын бастай беріп, кенеттен шумақтың соңғы сөзінде даусы кілт үзілді. Үзілген үннің елегізуіне ырық бермей, оньщ қасындағы жолдасы өктем, гүрілдеген даусымен сол сәтте ән аяғын жұлып ала жөнелді:

Вот и окопы, трещат пулеметы, Но их не боятся советские роты!..

Ол әннің әр ырғағын топтың сол аяғының басу ырғағына карай сайма-сай, қазықты қолағашпен кағып тұрғандай нақ-нақ саңқылдата айтып келеді.

— Осының даусын естігенде жуан қазқоңыр дауысты Михайловтың даусын естігендей боламын да тұрамын. Па, шіркін, өйт деген-ау! — дейді Толстунов құшырлана күлімсіреп. Оның сөзін өлеңнің қайырмасында әншіге екпіндете қосыла шыққан жүздеген лектің даусы беліп жіберді:

Смело мы в бой пойдем за власть Советов, И, как один, умрем в борьбе за это.

Әлгінде ғана елсіз, жұртсыз, ессіз калғандай—мүлгіп тұрған қала, көп дауысты тасқынды әннің жанғырығынан лезде тірілгендей, көшесіне адамдар аңдагі, әр үйден шыға бастады. Қала адамдары көшеге шығып, бізге состия, түнере қарайды. Біреулері колоннаны көзімен бір шолып өтіп, теріс қарап қапалы жабырқау күйде көшенің жиегімен беталдына кетіп барады. Біреулері таңырқана таңданып тұрған орнынан қозғалар емес... Біреулері бізді есіркегендей көңлі босап жыламсыраған тәрізді.

—Мыналардың көзқарасы ыңғайсыз-ау, ыңғайсыз көрінеді,— деп күйзеле сыбырлады Толстунов.

—Амал қанша, қайтерсіз енді, біз болсақ шегініп келеміз, біздің осы түрімізді көру бұларға оңай дейсіз бе? Бүл жер мен Москваның арасы жап-жақын-ақ қой, «үйіме ертең ойран салынады» деген қауіп кімді қажытып, кімді мұңайтпас, жолдас аға политрук,— деді төмен қарап,бізбен қатар келе жатқан Жалмұхамед Бозжанов.

Көшеге жапырлай шыққан балалар, ә дегенде орат, малдарының ұшымен кездерінің жасын сүртіп тұрған шешелерінің етегіне имене тығылып, олар, артына қарамастан зыр жүгіруге бата алмай, баспалап қарайды. Шешелері оларға бірдеңе деп сыбырлайды. Балалар бірте-бірте батылданып, көшенің ортасына шығып, топтанып, солдаттарға еліктеп, бізбен қағарласып, аяқтарын көтере басып, қолдарын сермей сілтеп еріп келеді.

Біз жүріп келеміз, біз көшені жаңғырта ән салып келеміз. Қала орталығында тонауға ұшырағандай ашық-шашық калған магазиндер, ойран-сайраны шығып, орнында күлі ғана қалған өртенген үйлер; дәл бір жер сілкінгендей, содан жұлынып түсіп, жалғыз шегеге ілініп қалған сырмен жазған жарнамалар... Біз соғыс ойранының тұсынан өтіп барамыз, көрген көзде жазық жоқ —. біз оларды көріп барамыз...

Біз жүріп келеміз.- Біз әңкілдете әндетіп келеміз. Смело мы в бой пойдем за власть Советов, Эз! Ээ... пока не помрем в борьбе за это...

деп айқын үніміз қарқынды болса да, кемей астындағы түйе жіліктің басындай бір нәрсе жұтылмай үн сырын бегеп, ән ырғағын зорлап тұншықтыра шығарады. Сөйтсе де біз ән салып, елең айтып келеміз. Күйзелген елді, қиналған ананы, қираған қаланы көріп келеміз... бірақта:

1917 жылғы Октябрьдің осы бір өлеңі енді ширек ғасыр өткен соң, 1941 жылдың октябріндегі күзгі таңда гимн болып естіледі. «И, как один, умрем борьбе за это» деген соңғы жолы ән салғандардьщ антындай болып ек-піндете қайталанады.

—Бұлардың есіне бұл ескі өлең қайдан түсті екен?— дедім Бозжановқа, не айтарымды білмей келе жатқан мен.

—Мынау ойранды көргенде кімнің есіне түспесін, жолдас комбат, түсінікті ғой,— деді ол, егжей-тегжейін айтып жатпай...

Екатерина заманындағы үлгімен салынған, маңдайша, босағалары, терезе жақтаулары оюмен нақышталған кішкене үйдің есік алдында тұрған әйелдердің ішінен бурыл шашты егде әйел бізге қарай бет алды. Ол тура бізге қарай келеді. Үстінде жағасы мен жеңі кестеленген ескі үлгілі көне көйлек, басында иығынан сусып түскен түбітті жылы орамал... Колоннаның басында келе жатқан бізге аяғын жорғалатып кібіртіктей басып жақындады да, қатарласа жүріп, неге екенін білмеймін,. Бозжановқа қарап сөйледі. Көңлі босап, жасқа булыққандай даусы қалтырап шығып, тұтыға сөйлеп:

—Шырақтарым-ау, айналып кетейіндер-ау, қайдан келесіңдер, қарақтарым, қайда бармақсыздар?..

— Я, шеше, соғыстан келеміз, соғыстан,— деді Жалмұхамед,— соғысқа, майданға барамыз, шеше...

—Немістер де кешікпей келе ме, қалқам? — деп сұрады кемпір.

—Ертең бүрсі күндері келе қалса, біз осы жерде оларды табан тіресіп қарсы алмақпыз, шеше... олармен біз соғысамыз, шешетай!

—Я, қарақтарым, я. Кеше неміс осы жерге ойран салып, бомбалап кетті,— деді қарт кемпір. Күйреген үйлерге тарамыстай сұқ қолын шошайта нұсқап.— Тіпті, бір рет дәлдеп шіркеуге де тастады. Қарғыс атқан құдайсыз басұрмандар1, тегі құдай үйі — шіркеуді де аямады. Еш нәрсеге қарамастан бомбалай береді, қарғыс атқан қара беттер.

—Осы келе жатқайдарыңның көбі мұеылман тұқымы екенін қайдан білсін бұл кемпір,— дедім мен Толстуновқа қазақшылап.

Бейтаныс сөзді естігенде кемпір түршіккендей, бізден қаша жөнелмек болғандай-ақ,маған шүбәләне, тесіле карап, сасқалақтап қаймыға:

Басурман — орыстардың ескі ұғымында дінсіз, деген мағынада.

—сіз біздін, адам боласыз ба? Әлде?..

— Әлбетте, біз өз балаларыңызбыз, шеше, әйтпесе кім деп ойлап едіңіз?— деп Бозжанов күлді.— Бәріміз де сіздін балаларыңызбыз, шеше.

—Өзіміздіңқаракөз қазақтар мен қырғыздар ғой, шеше,— деді Толстунов қалжыңдап, күле сөйлеп,— арамызда орыстар да аз емес, шеше. Әлде көрмей тұрсыз ба? Өзіміздің жігіттерді танымай қалғансыз ба, шешетай-ау?

—Бір құдай сақтасын сендерді, қарақтарым. Біздің медеуіміз де, қорғанымыз да сендерсіңдер ғой. Шырақтарым лайым өмірлерің ұзақ болғай, балаларым! — деді кемпір бата бергендей бізден қалып бара жатып. Сөйтіп, соңымыздан кепке дейін қарап тұрып қала берді кемпір. Біз қаланың көшесімен жүріп келеміз. Қаланың шыға беріс іргесіне жақындай бергенімізде жаңбыр баяулап сылбыр себелей бастады... Біз қала шетіне шықтық, ойпаңмен қырға көтеріле бергекімізде алыстан мұнарлана орман жиегі көрінді. Біз қаладан өт-тік, мен бұрылып кейін қарадым: соңымыздағы ойпанда жаңа ғана оның орталық кешесімен, өткен ойран басталып, ойран күткен түзу көшесі әп-әдемі соғылған, қаз-қатар тігілген шатырдай ықшамды үйлі Ресейдің көп қаласының бірі... Я көп қаланың бірі. Ол қалаға соғыс лебі жетіп «ертең үйіңді ертеп, күліңді көкке ұшырып, таудан тозаң, көлден тамшы қалдырмай бүлік салып, басына, қиямет қайым орнатамын...» деген жалмауыз қарт соғыстын. ызғарлы үні іргесіне жақындаған сайын тітіркеніп, үрейлене қауіптеніп, кешесінде болашақта қан төгілерін сезіп, соғыс безгегімен калшылдап тұрған мұңды қаланың, бірі. Ол қаланың аты Волоколамск. Ол Москва өлкесінін бір қаласы — астанамыздың ту сырты...

Қала шеті артымызда қалды, таяудағы Возмище деревнясына жақындағанымызда, бұлт қоғалап, жаңбыр сіркірей бастады. Біз жүріп келеміз. Алда, деревня үйлерінің ауласымен бірен-саран әскери форма киген адамдар көрінеді. Алыстан бізге олар да таңдана қарайды. Біз жүріп келеміз... Жаңбыр үдей түсіп, бетке бүркіп-бүркіп жібереді. Алдыңғылар тақтай шарбақты шағын ғана аппақүйдіңтұсынан өте бергенде, әлдекім менің атымдыатап шақырды. Жалт бұрылып карасам, генералПанфиловтың адъютанты маған қарай жүгіріп келеді екен.

— Сәлеметсіз бе, жолдас аға лейтенант! Сізді генерал... шақырады, жолдас аға лейтенант...— депқуана, алтыға, асығып, кызыл шырайлы лейтенант ентіге қуып жетті.. Батальонды бастап әкете беруді Рахимовқа тапсырып, өзім шетке бұрылып шығып тұрдым. Алдымнан роталар топ-тобымен өз командирлерінің соңынанбұрынғысынша қаз-қатар тізіліп өтіп барады. Жаңбыр себелеп жауып тұр, Одан нменіп,одан қорғанып бұғып бара жатқан ешкім жоқ. Бәрініңеңсесі жоғары, бастары көтеріңкі. Үсті-бастарынан тарам-тарам болып сорғалап аққан судың арасынан бірнеше қиын-қыстау жағдайда міндетті борыштарын орындап, алыстан ардақты елін сағынып келе жатқан, соғыстарда сағы сынбаған ер тұрпаттары көрінеді. Байқап қараған адамға олардың көздерінен қуаныштың оты білінер-білінбес жылтырайды. Иә, біздің мынажігіттердің еңсесі жоғары. Басты көтеріңкі ұстап, адымдай басуына ақысы бар. Олар от шарпыған, қанқұсқай жерлерді басып, жау кұрсауында, түсі суық ажал шеңгелінде қалып койды. Жоқ, қалып койған жоқ, жантүр-шігерлік арпалыспен қанды шеңгел жау шебіп жарып өтті. Қанаттарының ұшын шалдырып жаудың берік қамалдай шебін ойрапдап, талқапдап бұзып шықты. Кеше ғана орындалмас армандай болып көріпген мақсатқа бүгін жетті. Өз үйіріне қайта қосылды. Өткен күндерде шеккен нехнаттарымыздың бәрі түс көргендей артта қалады. Сапта кетіп бара жаткан азаматтар маған үнсіз, тілсіз жылы шыраймен қарайды. Оларға мен де жылы жүзбен қарағым келеді. Кеше ғана ақырып-зекіргенім олардың есінде жоқ. Осы хәтте олардың кеше ғана қыңырланып, қинала бағынғандары менің де есімде емес. Кешегіменің зекіргеніме, онымды олардың көңіліне ауыр алғанына бүгін күлгендейміз. Біз бір-бірімізді жап-жақсы түсінетін адамдарға ұқсаймыз. Ендеше арамыздағы кешегі дүрде араздықтың керегі нееді, дегендейміз. Ер азаматтардеп осындай - ақсолдаттарды айтарсың...

—Бұ жаққа, бұ жақка жүріңіз, жолдас аға лейтенант,— деп епелектеп адъютант шарбаққа кіре беріс «есікті ашып, маған жол берді. Мен ауыз үйден өтіп, адъютант көрсеткен маңдайшасыаласа есікті ашып, табалдырықтан аттап тік тұрып, тәртіп бойынша рапорт бермекші бола. бергенімде, генерал Панфилов аузымды ашуға да мұрша берместен, сергек басып алдымнан қарсы шықты. Қос қолдап қолымды ала амандасып, әкелік мейіріммен қолымды сипай қысып,өзіме таныс мейірімді баяу дауыспен:

—Терезеге карап тұрсам,әскерлер келе жатыр екен. Мұншамасап тартқансалтанатты қол қайдан келе жатыр деп танданып біраз тұрдым. Колонна басынап сізді көріп тани кеттім,— деп, ол қолымды босатып, столға қарай қолтықтап ерте жүріп, сөзін сабақтай: — шынымды айтсам, ә дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Шеңберді жарып етіп, жау сыртынан келіп, өз тобымызқосылғандарыңды көріп, куанышым қойныма симай кетті. Жақсы келіпсіздер, -жақсы келіпсіздер...—дей беріп тебіренген генерал кілттоқтап, маған шешінуді ұсынды. Қысыл таянжағдайда мына сұрапыл соғыстаұзақ уакыт көріспей жүріп, кездескен шақта генералдың қуанышты, әкелік сүйіспеншілігі, сүйкімді сөзі меніңтамырымды иіткендей елжіретті. Өткен күндері меп бұлай кездесеміз деп ойламап едім. Бастапқы соғыс күндерінде штабпен жөнді байланыса алмай, көрші батальондармениіп тіресе қолтықтасып бірге тұра алмай, өз полкімнің командиріменбайланысты үзіп алып, барлығынан айрылып қалып, жеке дара соғыс жүргізіп, жау сыртында қалғаным үшінгенерал мені үлкен айыпқа бұйырар деп ойлаушы едім. Өткенкүндері мен зор уайым соңында едім, уайым да менін,қыр сонымнан қалмап еді. Сондағы ойымша генерал біздің қайтіп оралғанымызды естіп, мені мұндай құлашын жайып қуана қарсы алмас,.тек менің полк командирім майор Елинге:«Момышұлынорнынан ал! Шенін төмендет!» — деп жарлық егер де қояр — деген ауыр ой толқытып, нар жүгіндей жаншып басып, еңсемді бірнеше рет төмен түсіріп еді, Егерде бетпе-бет кездесе қалсақ, генерал қасына шақырып алып, маған ақырмас та, зекірмес те, нұқымас та, соқпас та, балағаттамас деуші едім ішім-нен.Ондай одағай мінез генералда жоқ екенін мен бұрыннан білетінмін. Бірақ, қабағын шытына түйіп тұрып, даусын жарқын шығара қаттырақ сөйлеп, әдепті тілде зілдей ауыр сөздермен мені кінәлап, айыптарымды мойныма қоя отырып: «Жолдас аға лейтенант, батальонға өзіңіз қолқалай сұранып бардыңыз. Мен сізді өз тілеғіңіз бойыиша тағайындадым. Батальон басқару оңай іс емес екенін мен сізге сол кезде-ақ ескертіп айтқан болатынмын... Енді батальонның батарея емес екеніне көзіңіз жеткен болар, жолдас аға лейтенант. Батальонда сіздің «ноль-нольмен «солға таман, оңға таман ноль-

ноліңізден», соңынан бірін бастырмалата ат» емес. Батальон басқару үшін тактика, тактика керек. Әдіс қолданып, соғысу керек екенін кезінде сізге ескерткем. Соғыс ойыншық емес, шырағым... Мен сізге сеніп жүруші едім, сөйтсем қолынан іс келмейтін болбыр командирлердің бірі екенсіз ғой... Ал, сіз болсақыз біздің ісімізге кеп кесір-кедергі келтірдіңіз. Әскери саптан түгел бір батальонды алып кетіп, ешкіммен жөнді байланыса алмастан жау сыртында салақтап қалып қойып, партизан болғыңыз келді ме? Жоқ, жолдас аға лейтенант, менің дивизиям партизан отряды емес, салалы, арналы армия-

ның дивизиясы. Сіз сияқты кез келген аға лейтенант дивизиядан бір-'бір батальонды беталды суырып алып кете берсе, не болмақпыз? Мен партизан отрядының командирі емеспін. Мен тұрақты дивизия командирімін. Менің әскери жоспар-жобама әркімнің кесір келтіруіне жол бере алмаймын... Сіз сияқты пайдасынан зияны мол батальон командирінің енді маған керегі жоқ...» Кездескен кезде генерал маған осылай айтып айыптар деп ойлаушы

едім. Соңғы бес күн, бес түн бойы мен осындай қатал да болса әділ үкімді естуге өзімді-өзім дайындап едім. Ал емді болса, генерал менің алдымнан шығып рапорт айтуыма да мұршамды келтірмей, шапшаң басып қасыма келіп, қолымды қосқолдап казақша алып, сәл киғаштау қара көзімен маған тебірене куанышты жүзі жайдарылана қарап, көпке дейін қолымды өз колынан босатпай тұрды. Мен сенер сенбесімді білмей, тұрдым да қалдым.

— Отырыңыз, жолдас Момышұлы, отырыңыз,— деп үстінде топография картасы жатқан столдың жанындағы орындықты нұсқады. — Отырыңыз, отырыңыз... Шәйішкіңіз келе ме? Тамақтанып алсаңыз қайтер еді? — деп кадірлі қонағындай қарсы алып, менің жауабымды күтпестен есікті ашып, бір кісіге бұйрық берді. Мен «не болып қалды екен» деп сұраққа жауап таба алмай, ал-дал болып генералдың осынша мейіріммен қарсы алғанына түсіне алмай, имене жалтақтап, күйгелектей барып, орындыққа отыра кеттім... Біз көріспеген аз уақыттың ішінде генерал арықтап, бұрынғыдан да кішірейіп еңкіштеніп, кителінің жағасы мойнына кеңейіп қалыпты. Мықынынан балағына дейін екі елі қызыл әдіпті генералдық белгісі бар шалбары өзіне шақ еместей олпы-солпы болып көрінеді. Жүзі тотыққан, әжімдері бұрынғыдан кері терең сызаттана түскен. Қысқа бурыл шашы қылтанақтай тікірейіп тұр. Мұрны мен иегі аздап сүйірленген. Бұрын мұқият күзеп жүретін суағарындағы бармақтың тырнағындай терт бұрышты қара мұрты бұрынғыдан гөрі тікірейе өсіп кетіпті. Соғыс әуресі кейінгі күндері мұртын басуға мұршасын келтірмегені сезіледі. Генерал маған осы жолы бірінші рет картайып, қажығандай көрінді. Гепералдың мына мұндай келбеті өзімнің марқұм қарт әкемді есіме түсірді. Әкем де генералдай сақал-мұртын, шашын бурыл басқан кісі еді. Генералмен осы кездесуім әкеммен соқғы рет кездескенімді көзіме елестетті. 1938 жылы Қиыр-Шығыстың өркеш-өркеш таулары, Уссуридің дүлейлене біткен ұшы-қиыры жоқ ормандары. Сковородйно мен Волочаевкадағы мәңгі суық аймағы арқылы жүріп Амурдың ирек өзенін тіке кесіп, Байкалдың жағасындағы алпыс тескеғі тауларынан өтіп, Сибирьдін кең дала жазығы мен тауларын басып, Қырғыз Алатауының бауырында жатқан Жуалыдағы туған ауылыма Владивостоктан 15 күн, 15 түн дегенде зордан жеттім. Кептен кермеген қарт әкемді сағынып жеттім. Алдына алып әлдилеп, саған келген пәле маған келсін деп тілеп, бөпем, балам деп, бауырына басып, мәпелеп өсірген, тентектік етсем кешірген, мені көп жасап, азамат болсын деп тілеген әкемнен қымбат маған кім бар еді? Сол кісімен жолығуға асыға келіп жеттш. Мен ауылға жақындай бергенімде, еңсесі түсіп бүкірейген қарт әкем үйден кібіртіктей басып жүгіре шығып, қарсы алып, әкелік мейірім билеп, қол-аяғы қалтырап, көкірегі сырылдап, көзі жасаурап, қолымды ұстап аймалай сүйіп, мойнымды теберіктей иіскеп, балапанындай бауырына қысып көпке дейін құшақтап тұрғанын мына кездесу есіме түсірді. Мені құшағынан босата беріп, әкем хал-жайымды сұрамастан, көптен бері ботасын көрмегея інгендей иіп, даусы дірілдеп, сасқалақтап, біздің ауылдың кісілеріне. «Әй, сендер, неғып тұрсыңдар, неге осы уақытқа дейін самауыр қоймайсыңдар? Әлгі соятынқой-ды осы уақытқа дейін өрістен алып келген жоқсыңдар ма? Тез бір баланы шаптырып жіберіңдер! Үйге киіз, көрпені қалыңырақ төсеңдер, неғып тұрсындар, барын-дар!» — деп ауылдағы қарсы алған жігіттер мен қатын-қалаштан мені қызғанғандай олардың әрқайсысын әр жаққа жұмсағанын есіме түсірді.

Соншама әкемнің күйгелектейтініндей-ақ мен жолда арынып-ашынып келмеген едім. Бірақ та әкем жарықтық шырылдап, аузын ашқан балапанына дән берген қарлығаштай, алдымен мені жұмсақ орынға отырғызып ыстық тамақ беру үшін басқалардың да мазасын алып еді. Мен шынында аш та, жалаңаш та емес едім. Сонда да болса жыл сайын өте алыс Қиыр-Шығыстан қарт әкемді, кіндігімді кесіп, кірімді жуған туған жер, туысқан елді аңсап келуші едім. «Бөпем» деп сүйген әкесін. оның «адам бол, қалқам» деп тілеген тілегін, «сергек бол» деп сенген ұясын кім сағынбайды? Я, мен шынында да жыл сайын демалыс алғанда Қиыр-Шығыстан ауылға «ашығып» жететінмін. Сағынып аңсап келетінмін. Әкемнің аймалағанын, қампиған ескі сары самауырын шайына сусынымды қандырып, әке мейірімінен бал жеп, біздің Айнабұлақтың шербет суына жуынуды аңсап келетінмін. Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі сумен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ...

— Кәне, жолдас Момышұлы,— деп генерал менін ойымды беліп жіберді.— Ал енді сөз бастаңыз. Адам шығыііьі көп пе?— осыны айтып ол бір нәрсе есіне түскендей, тықыршып қабағы түйіліп, маңдайы жиырылып кетті де, әлденеге ашуланғандай-ақ сөзін үзіп,— кешіріңіз, батальоныңызда тамақ бар ма, жігіттердің қарны аш емес пе? —деді. Мен, біздін жорық ошақтарымызда екікүннен бері от жағылмағанын айттым. Генерал орнынан ұшьга тұрып, терезе текшесіндегі телефонды алып:

_1_ Момышұлының батальонына тездеп ыстық тамақ берілсін! Үйлерге орналастырылсын! Демалу жағы қарастырылсын,— деп шаруашылық бөліміне бұйрық берді. Генерал орнына қайтып келіп, маған қарама карсы отырды да, папирос ұсынып сұрағын қайталады.

—Ал, адам шығыны кеп пе? Мен болған шығынымды айттым.

— Жараланған жауынгерлер қалып кеткен жоқ па?

—Ешкімді қалдырған жоқпыз, оларды осында алып келдік, жолдас генерал.

Генерал тағы да телефонды алып, штаб бастығымен сөйлесіп: «Момышұлының батальоны жау тылынан етіп келді» деп армия штабына хабарлауды бұйырды.

—Я, солай деңіз, Иван Иванович! Батальон түгел күйінде, жауынгерлік қалыпта деңіз. Жойылып кетпепті, жау қолына түспепті, артиллериясы да, көлік, арба-саймандары да түгел, ұйымдасқан түрде Волоколамскіге келіп жетті деңіз. Я, солай, деп баяндаңыз, Иван Иванович. Генералдың осы айтқаны менің ойымды орнына түсірді. Мен оның сөзін бөліп:

—Жолдас генерал, алты жүз адамның тоқсаны біздікі емес. Оларды біз бытырап жүрген жерінен жол-жөнекей жинап алдық дей бергенімде: «орынсыз араласып сөзімді бөлме», дегендей ишарат білдіріп, генерал телефонды тыңдап тұра берді. Мен қысылып сөзімді тия қойдым. Ол тұрған бойы штаб бастығьшың баяндамасын тыңдап, стол үстінде жатқан қартаға үңіле қарап тұрып:





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 296 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...