Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МОСКВА ҮІШН ШАЙҚАС 2 страница



—Иә, мм... ме... солай, солай. Жоқ, жоқ, жоқ, деді кенет шорт кесіп.— Олай болмас, бұндай жым-жырттыныштыққа мен сенбеймін. Тағы да сұрастырып, әбден анықтаңыз, Иван Иванович. Дауыл алдында күн райы әрдайым ашық болдының кері келіп жүрмесін. Оларға бір сенімді пысық офицер жіберіңіз. Иә, ие... иә... Капитан Гофманды, немесе майор Стариковты... Телефонды орнына қойып, генерал картаға тағы үңілді. Қолына калам алып, аспай-саспай бірнеше белгі түріп түсіріп тұрып, қасы тағы да түйісіп кетті. Қаламнын ұшымен столды тоқылдақша тықылдатып, біраз ойлап тұрды да, өзіне езі күбірлеп,— иә, иә, солай, солай...— деп мақұлдады да, сонан соқ жалт бұрылып маған қарап: — айтпақшы, Сіз маған не демек едіңіз, жолдас Момышұлы деді. Мен жол-жөнекей бір-бірлеп, топ-тобымен бізге қосылған жауынгерлер туралы, олардың кейбірі сонау шекарадан бері келе жатқаны туралы, оларды бөлек колоннаға тұрғызып, жан-жағына күзет қойып алып келгенім туралы айттым. Осыны айтқанымда генерал ұнатпастан, ренжігендей пішін білдіріп, қабағын шытты. — Мен бұл мәселе жөнінде сізден басқаша ойлап, басқаша түсінемін, жолдас Момышұлы,— деді ол сал-қын жүзбен көзіме тіке қарап.— Қоршауда қалған жалғыз-жарымдар кім еді? Сіз оларды кімдер деп танисыз? Олар мына қырғын соғыста полктерінен, бөлімшелерінен адасып калған біздін, бейшара жауынгерлеріміз. Мына шат-шәлекейде сүйенер, медет етер командирінен, жолдастарынан ажырап, қорғансыз қалып, ашып-арып, ез тобын, өз үйірін іздеп келе жатқан өзіміздің солдаттар олар. Олар ел десе еңіреген, ақ ниетті адал жігіттер, жолдас Момышұлы. Олар опасыздар емес. Олардың неміс қолында қалғысы келмей, өз тобын табуға талпынып, өзегі талып, азаптанып, қорлыққа көніп, тәуекелге бел байлап, бірнеше қиындықтардан толарсақтан қан кешкендей өтіп шығыпты. Бұл сізше ерлік пе, қорқақтық па? Меніңше бұл ерлік, азаматтық, адалдық. Олар өзіміздің адамдар ғой, шырағым-ау! Олардың қоршаудан ұйымдасып шыға алмағанына көбі кінәлі емес, олар бізге қайта қосылып, қатарымызға қайта тұрып, соғысқа қайта бармақ болып келді... Генералдың бұл сөзінен кейін жаңа бізге қосылған тоқсан жауынгер туралы бірбеткей тіке сөйлегеніме енді өзім қатты қысылдым. Жорық кезінде оларға тым қатал болғаным кәзір көзалдымда елестеп, жаныма батты. Оларды бөлек тұрғызуға бұйрық бергенімде, шекара формасын киген, сақал-шашы өскен, үзын бойлы әлуетті бір жігіт наразы болып, бетіме тіке қарап тұрып: «Не-мене, жолдас аға лейтенант, біз сізге тұтқынбыз ба соншалықты?» — деп еді. Мен зекіріп тастамақшы болғанымда, оның қасындағы жай киім киген бір қаба сақал жолдасы әлгі жігітке жылы сөйлеп, оны жуаткандай: «Ештеңе емес, Иван Митрофанович, құдайдың мұнысына да шүкір, өзіміздің адамдарға тұтқын болсақ арманымыз не?» — деген еді. Содан кейін әлгі шекарашы жігіт түсі жылып, күлімсіреп: «Мейлі, жолдас аға лейтенант, макұл сіздің қарамағыңызда-ақ болайық», деп сапқа барып тұрып еді. Біраз ойланып өз сезін өзі ұқыптағандай болып, ол тағы: «Майдан шебін бұзып өткеннен кейін бізге қару-жарақ береді, сонда жауға біз де қайта тиісеміз»,— деген еді.— «Өзіңнің қаруың қайда?»— деп оның сөзін кекесін түсініп, мен зекіне сұрап ем сонда.— «Міне, жолдас аға лейтенант» — деп ол сабырлы түрде қойнынан бір револьверді суырып алып, түсі суық қара револьверді қолына салмақтап ұстап тұрды да, тағы былай деді: — «Бірақ, жолдас аға лейтенант, мұның ішінде не бары екі-ақ патрон ғана. Сақтықта қорлық жоқ дегендей бір айдан бері қасқалдақтың қанындай сақтап жүрмін. Жаман айтпай жақсы жоқ, бірдеде бола қалса бір оғы неміске, бір оғы өзіме деп сақтаған едім». Сөй\тіп, ол револьверді қайтадан қойнына тығып қойып еді. Кәзір бұл оқиғаны әңгіменің басында генералға айтуды ұмытып кетіппін. Енді есіме түскенде әдейі айтпай ішке бүгіп қалдым. Өйткені тоқсан жауынгер туралы өз айтқаным өзіме соққы болып тигені онсыз да жеткілікті болды.

— Мен сізге карағанда көпті көрген солдаттың бірімін, жолдас Момышұлы. Мен олардың мұнына, қайғылы қалдеріне түсінем, олардың қадірін білем. Осы кездің өзінде олардың талайымен кездесіп әңгімелестім де,— деп генерал сөзін жалғастыра беріп,— олардың кебі жігерлі, ұстамды, тұрақты адамдар. Өзіңіз ойлаңызшы, жау жағына өтіп кетуге, немесе жау басып алған аймақта қалып қоюға олардың мың мәртебе мүмкіншілігі болды ғой. Бірақ, олар мейлінше қорлық көріп, азаптана құз-қиядан өтіп, азып-тозса да қайтадан сапқа түруға тырысыпты. Олар соғыстан қашып келе жатқан жоқ, соғысты іздеп келе жатыр. Өйткені, олар біздің жеңісімізге шын жүрегімен сенеді. Ал егер Совет үкіметі жеңіледі деген пасық пиғылда болса, мұншама азаптанып, жаннан түңіліп тәуекелге бел байлап несі бар еді олардың? Жеке-жеке бытырап келе жатқандарды жиып алып, басын қосып алып келгеніңіз дұрыс болған екен-. Генерал өзінің айтқан сөздерін пайымдап, қайта-қайта таразыға салып отырғандай-ақ біраз үнсіз отырды. Шынымды айтсам, генералдың көкейге қонымды әділ сөздерін сонда бірден түсіне алмадым — әлгі тоқсан адамға бола генералдан сөз естігенім жаныма батты. Генерал ақырып айтпаса да әр сөзі зілдей ауыр тиді, жәбірлендірді, зығырымды қайнатты. Оны сезген генерал мұртынан кулімсіреп:

—Қане, қне, ал айта беріңіз, айта беріңіз,— деді. Оның «айта беріңіз» дегенін мен «әңгімеміз осымен бітті деп сыпайлатқаны ғой деп түсіндім. «Мына сын сағатта жұысы кеп, шаруасы тығыз кісінің уақытын алып отырмын-ау», деп ойладым да, оның ойын бөліп, басты істерден қол үздірмеу үшін барынша қысқаша баяндауға тырыстым. Қала күйреп, от құшып, көк күңіреніп, жер тебіреніп, ел күйзеліп жатқанда өмір мен өлім арасындағы қиян-кескі арпалыс жойқын сұрапыл болып жатқанда, генералдың менімен әңгімелесіп отыруға уақыты мүлде тапшы деп түсінгенім ғой.

—Жиырма үшінші октябрь күні кешке,— деп бір жетіні аттап өтіп бара жатыр едім...

—Жоқ, шырағым, жиырма үшінші октябріңді кәзірше қоя тұр,— деп генерал сөзімді бөліп.— Сіз сөзіңізді Житаха мен Синьководан бастаңыз,— деп генерал сол жерлерді картадан шұқып көрсетті.— Біздін соғысты жобалауымыз есіңізде ме? Сол жоба іс жүзіне қалай болып шықты. Әңгімені содан бастаңыз.

Мен лейтенант Доиских пен Брудный бастаған алдыңғы шептегі взводтардың соғысы туралы, олардың ерліктері туралы кысқаша баяндап бердім. Бәрін тыңдап болғаннан кейін, генерал маған: Бір ұрыста тоғыз мәртебе жараланса да, бір адым кейін шегінбеген Донскихты наградаға ұсынуды және оның ту-ған-туысқандарына ол жөнінде хат жазуды бұйырды. Брудныйдың әңгімесін айта бастағанымда, генерал үн-түнсіз тыңдап отырды, бірақ елеңдеп, сабырсызданып, қалтасынан сағатын аларын алса да, оған қарамай, тек оң қолының бас бармағымен дөңес шынысын сипалай берді. Мен де сасқалақтап, бұл нышан жақсы хабардың белгісі емес-ау деп сезе койдым. Мен нар тәуекел, не болса о болсын деген оймен жасырмастан, жаппастан бұл лейтенант туралы жай жапсардың бәрін түгел жайып салып барып, бірақ толастадым. Генерал да үн қатпай отырды. Сағатын столдың үстіне қойып, маған жақындай беріп, жылышыраймен сөзімді бөліп, езі сөйлеп кетті. Қызуым басылмаған мен сол шақта бұл кісі өзімен өзі сөйлесіп отыр ма деп қалдым.

—Талап қою бар да... Қаталдық бар... Талап қою—-заңды нәрсе. Қаталдық заңнан тыс... Әйтсе-де...— деді ол осы бір сөзді созып айтып, маған көзінің қиығымен қарап. Мен де оған кез тайсалдырмай тіке қарадым.— Әйтсе де,— деп қайталады —бір жағынан сіздікі өте дұрыс...— Менің нем дұрыс екенін айтпастан, осы мәселені ойлап, пішіп тұрғандай тоқтап қалып, стол үстінен сағатты қайта алып, шынысын тағы сипалап отырды да, ой желісін сабақтағандай: — Сіз, әрине, білөсіз ғой, соғыс бұл екі ұғымды жиі-жиі матастырады. Олай болмаса соғыс та бола ма. Шатақ, шатасу соғыстың кесепатты заңының бірі емес пе. Брудныйдан және қоршауда қалған тоқсан солдаттан міндетті орындауды қатал түрде болса да әділ талап еткенсіз. Оныңыз дұрыс. Мен де сүйтер едім. Соғыс қай кезенде табандылықпен талап қою мен қаталдықтың арасындағы айырмашылыкты жойып жібереді. — Соңғы сөздерді генерал салмақпен айтты.— Әлбетте, соғыста кезінде дауласып, мәселені ортаға салып талқылап жатуға уақыт жоқ. Қей кезде мейірімді, қайырымды болуды, адам баласына жанашырлық сезім білдіріп жатуды ойлауға да уақыт аз. Соғыс пен ұрыс пәрменді әрекетті, әсерлі тапқыр, қатал қимылды уақытында тез талап етеді. Сонда да болса, шектен шығып, қалыптан аспау керек. Командир ер серкесі, ер ағасы, жауынгерлердің жетекшісі «сергек ой — ер серігі», деген мақал бекер айтылған емес. Қызбалыққа жол бере берсек, қырып алу оп-оңай-ақ. Ашуға тізгінімізді меңгертсек, орынды айыптаудан адасып, жазасызды жаралап адасуымыз сөзсіз...

—Жолдас генерал, менің жаза басып қате кеткен жерім қайсы, сонда? Ашық айтыңызшы? — деп жіберіппін қысылғанымнан.

—Менің жаза басып, қате кеткен жерім қайсы, сонда? Ашып айтыңызшы?— дедім мен шыдай алмай.

—Сіздің қиын-қыстау жағдайда бір шешімге келіп, оны іс жүзіне асырғаныңыз оңды екені даусыз. Сіздің командирлік еркіңіз, сіздін, шешіміңіз сәтті орындалыпты — бұ да жақсы: Сіздің алдыңызда Брудныйдың кінәлі болғаньша дау жоқ. Оны сіз куып жіберіпсіз. Ол ыза меп намыс бойын кернеп, жаны ашынып барып ерлік істепті. ерлікпен өз кінәсін ақтап шығыпты. Кетіп қалмапты, өзіңізге қайтып оралыпты. Міне, енді сонын алдында сіз кінәлісіз. Оған тым қаталдық істеп кінәлі болдыңыз. Сіз оған; «Қайда барсаң онда барғын, ақыры немістерге кете бер, сен енді маған керек емессің депсіз: Қаңғып жүріп қаза тапса, немесе, айтқан жерден аулақ, Отанға оласыздық істеу жолына түссе — сонда не болмақ?..

—Бұныңыз дұрыс екен. Адамды елімге итермелегенім үшін немесе опасыздардын, жолына айдағаным үшін өмір бойы жаным қиналып, арым күйзелер едіа жолдас генерал.

—Е, мәселе сонда, жолдас Момышұлы, мәселе сонда. Мұны өзіңіз енді байқап, түсініп айтып отырсаңыз жаксылықтың белгісІ.

—Мұны маған түсіндіріп, байқатып айтқан өзіңізсіз ғой, жолдас генерал.

—Айту, әрине, оңай. Бірақ, сол айтқанға түсініп, ұғып, білу қиынырақ... Ал, біздің көп жігіттер кейде, жаманшылық ойламаса да асыра сілтеп ұрда-жыққа сальш кетеді. Сіз мына жағдайда командирлік билікті аздап асыра сілтеп жібергендейсіз-ау. Менінше, Брудныйды командирлік қызметіне қайта қойып, жолдастарынын алдында оны ақтау керек болар. Бұдан былай өте-мөте бір ерекше жағдай болмаса, кісілерді орнынан ауыстырудың қажеті жоқ. Қанша дегенмен, әрбір жауынгер өз командиріне, өз жолдастарына, өз полкіне бауыр басып, үйір болып калады да, туған үй ішіндей жаксы көреді. Брудный қайтып келіпті, өйткепі ол сізге бауыр басып, үйір болғаннық бірі,— деп генерал сұқ қолымен нұқа сөйледІ. Бұрын-соңды генералдын, бұлай нұқа сөйлегенін көрмегендіктен—мен шегіншектеп барып состиып қалдым.—Сөз жоқ, сіз онық көңіліне қатты каяу салғансыз, бірақ та ол сізді ішінен жақсы көреді, жақсы көрыесе қайтып келіп несі бар еді оның.

—Оны мен де жақсы көремін, жолдас генерал.

—Әңгіменің өзі сонда болып тұрған жоқ па.

—Рас, жолдас генерал, мен өз правомды аздап арттырыққырап жіберген екем.

—Аздап емес, кебірек арттырып жібергенсіз. Бүдан былай командирлік билігін қалыптан асырмай істеп көруге тырысқаныңыз жөн болар. Ал, менің дәрежем сіздікінен гөрі жоғарылау ғой. Бірақө мен әзірше дивизиядан ешкімді қуған жоқпын.— Брудный үшін маған айтылған генералдын, осы сөздерінен ауыр сөгіс қайдап болсын?

—Рас, айып менде екен, жолдас генерал, оған түсініп отырмын.

—Айыпты емессіз, кызбалаусыз, кей кезде тым қызбалаусыз. Ал, жаңағы соғыс жөніндегі әңгіменің жалғасын айта берінізші.

—Аржағы белгілі ғой, жолдас генерал. Оның несін айт дейсіз?

—Қорықпаңыз, именбеңіз, мен сізге әлі бірде-бір рет зекіріп, не ұрысқан жоқпын ғой,— осыны айтқанда генералдың бұрынғы байсалды жүзі өзгеріп сала берді де, түрі жайдарыланып, мұртынан күліп қойды.

—Рас, ұрыскан жоқсыз,— дедім мен де қалжың ретінде. Сөйтіп екеуіміз де күліп жібердік. Бағанадан бергі аңдысып түрған салкын катынас осы күлкімен шайдай ашылып, бұдан бұлайғы әңгімеміз жылып сала. берді.

—Қалай соғыстыныздар, соғыстан не үйреніп, не біліп шықтыныздар, алдымен осыны айтыныз. Соғыс тәжірибесін үйреніп, жіпке тізІп қорыту, кәнігі болу — біз үшін өте маңызды мәселе. Мен оған Нпвлянск, Васигтьево түбінде болған бірінші ұрыстарды айтып бердім. Генерал кейбір кезде сөзім-ді бөліп, көп нәрсені қайта сұрап, әбдеп апықтап алып өз картасына түзетулер енгізіп отырды да, бірнәрсе есіне түскендей қаламын столға қоя беріп:

—Сіз капитан Лысенконы білуші ме едіңіз? — деп сұрады. Мен капитан Лысенконы бұрыннан, Алматыдан білуші едім. Ол кісіге не болып қалды» деп сұрадым генералдан. Генерал қабағы жабыңқы, жүзі қапалы кескінмен біраз отырды да:

—Ол өз батальонымен бірге ерлікпен каза тапты,— деді.

Сол сәтте капитан Гофман кіріп келді. Аласа бойлы, бұйра шашы қысқа қырықтырылған, жас пішінді, жылы жүзді жігіт. Мен орнымнан тұрып, Гофман екеуміз амандастық.

— Иә, жолдас Гофман. бүгін біздің тобымызға жолдас Момышұлының батальоны келіп қосылды,— деді генерал.— Мен мұның сөзін тыңдап, сіздің сызған жобаларыңызды түзетіп отырмын,— деді ол тағы да картаны көтеріп,— жолдао Гофман, бұл кісі болған оқиғанын. тірі куәсі. Сіз бен біз мұнда отырып дұрыс жобаламаппыз, жоғары орынға кейде дұрыс мағлұмат бере алмаппыз.

—Жолдас генерал, мен сізге әрдайым біздің болжауымызды ғана айтқан болатынмын,— деді Гофман қысылыңқырап.

—Әрине,— деді генерал,— кейбір деректеріңіз сайма-сай келсе де, кейбіреулері шәлкес. Ал, не айтайын деп едіңіз? Гофман кезінің қиығымен қолтығындағы қара папкаға қарап:

—Мынаның ішіндегіні сізге баяндайын деп келіп ем, жолдас генерал,— дедІ.

—Қап, осы жағдай асықтырып, аптықтырып, жағадан алады да тұрады. Айыпқа бұйырмаңыз, айыпқа бұйырмақыз, деп генерал маған бұрылып әбігерленгендей, әңгімеге айналып отырып сізге деген тамақ естен шығып кетІптІ ғой. Ал, анау кішкене бөлмеге барып, тамақтанып алыңыз,— деді көрші бөлмені нұсқап.—.Сіз тоя тамақтанып алғанша, біз Гофман жолдас екеуміз біраз сейлесіп, сөзді пісірісіп алайық,—дедІ. Мен аласа ғана дөңгелек столдың жанына келіп отырдым. Аспаз қаймақ катқан капуста сорпа әкеліп алдыма қойды.

—Бір жұтым арақ ішіп жіберсеңіз қайтеді, жолдас аға лейтенант? — дедІ маған адъютант. Көрші бөлмеден генералға мән-жайды баяндап жатқан Гофманның қоңыр сазды даусы естіледі. Мен оған зейін қойып тыңдамастан, көптен бері ішпеген ыстық сорпаны үсті-үстіне бір-екі-үш ұрттап жіберіп, қанағаттанып алғаннан кейін капитан Лысенко ойыма түсті. Әлі есімде: біздің дивизия жақадан құралып жатқан кезде ол штабқа келіп еді. Бір жолы мен генерал Панфиловтан шығып келе жатқанында, ат жақты, баптап ши-ратылғап жылтыр қара мұртты, біржағына жыға қайырған шашы бар, бір сылкым атты әскердін, офицері ауыз үйде отыр екен. Оның жалпы пішінІ маған Чагтаевтың бас киімсіз түскен суретіне үқсағандай көріндІ. Аяғын алшайта созып, орындыққа. шалқая түсіп отыр екен. Сәнді етігінің сірнесінде күміс білезіктей тағылған жалпақ шпор жалтырап тұр. Мен оғап жүре сәлем беріп, етіп бара жатыр едім...

—- Ей, аға лейтепант, тоқтай тұршы,—деп тақ мен оның екі туып бір қалған інісіндей-ақ, үйіре қолтықтай беріп, жауырыпымнан қағып, құлағыма бетін тақап:

—Анда қалай? — деп сыбырлады.

—Нені қалай деп тұрсыз? — дедім меп түсіпбей.

—Сеніңше қалай, генералдың үстіне рұқсатсыз кіріп барғаным айып болмас па екен? — дей бергенде кабинеттің есігі ашылып генерал көрінді. Ол табалдырықтан аттай беріп кідіре тоқтағанда, қасымдағы капитан екі өкшесін сарт еткізіп, шпорын сыбғыр еткізіп, ізет құрып тікесінен тік қалт тұрды да қалды.

—Жолдас капитан, сіз маған келіп тұрсыз ба? — деп сұрады генерал.

—Солай, жолдас генерал, сізге келіп тұрмын.

—Кіріңіз онда, кіріңіз,— деп геперал шегіне басып кабинетке кайта кіріп кетті. Капитан шпорын сыңғырлатып салқын басып, кабинеттің алдына бара бергенде, қайырыла жымыңдап, ымдап кідіріп тұрып мені шақырып алып:

—Сен мені күте тұр,— деді де генералдың кабинетіне епіп кетті. «Осы сылкым казалеристердің бейтаныс адамға тала туған кіші жиеніндей «сен» дейтіні недеген әсіренділік», деп ішімнен жиренгендей болсам да, бірақ осы қайтер екен деп күтіп тұра бердім. 10-15 минуттен кейіп капитан кабинеттен шықты. Бұрынғыдай сылқым емес, салы суға кеткендей, түрінде реніштің Ізі бар. Маған жақындай беріп, қабағьш шыта:

—Жүр, кеттік,— деп бұйыра сөйлегеніне мен ішімнеп шамданып: «осының өзі немене, мені атқосшы нөкер етіп алғысы келмек пе» деп ойладым..

— Білгің келсе, мына сенің генералың мені жаяу әскердің батальон командирі етіп жіберіп отыр,— деді өте ашулы дауыспен.

—Е, несі бар, жолдас капитан, құтты болсын, жақсы болыпты. Ал, мен жаяу әскерге өзім сұранып барып отырмын,— дедім мен. Ол маған әрі таңдана. әрі түксие қарап:.

—Сен өзің ақылыңнан адаскан біреуден саумысың? — деп ақырып жіберді.

—Жоқ, денім сау, әлі ақылымнан адасқан жоқпын. Ол үндемей қалды. Екеуміз көше жиегіндегі келеңкемен журіп келеміз.

— Сен білесің бе,— деді әлден уакыттан кейін ол,— мен өмірімде жер бауырлап көрген адам емеспін. Он жыл бойы ат үстінде қылыш шауып, найза шаншып дағдыландым. Атты әскерлердің жоғары дәрежелі мектебін бітірдім... Енді болса мынау. Немене, сондай-ақ енді мен осының бәрін жер бауырлағыштарға барып етпеттеп, еңбектеу үшін оқып үйрендім бе? Менің он бес жылғы еңбегімнің бәрі зая кетпек пе?! — деп ызалана айқайлап жібере жаздады.

—Жоқ, жолдас капитан, жер бауырлағыштар емес, жаяу әскерлер деңіз,— деп мен кекете күлдім.

—Па шіркін, қарай гөр мұны, демнің арасында жаяу әскердің бел баласы бола қалуын,— деді ол мені мысқылдап. Сөйтіп, мұртын күйгелектей сипап қойды да:

—Сен онан да маған осы қалада шұрқыраған ішегімді жұбатып, жем жеп алатын жер бар ма, соны айтшы,— деді.

—Біздің қалада сұлы мен арпа беретін жёр жоқ. Бірақ іздеп көрейік, сұлы жейсіз бе, арпа жейсіз бе? — дедім мен.

—Ой, жігітім, сен де атпен істес болғанның біреуі көрінесің ғой,— деп жылтыр қара мұртын сипай беріп, мырс-мырс күлді. Мен де күліп жібердім. Сөйтіп, екеуміз қарқ-қарқ күлісіп асханаға кірдік. Лысенко екеуміздің танысуымыз осылай басталып еді. Сол күннен бастап екеуміз жақсы жолдас болып кеттік. Кейінірек майданға аттанардың алдында әскер өнеріне машықтанып жүрген кезімізде мен бір жолы оған калжыңдап:

—Халің қалай, капитан, жер бауырлағыштардың өнеріне қанығып келе жатырсың ба, жоқ әлде қылыш, найзаңды аңсап жүрсің бе? — дегенімде ол маған:

—Шүкіршілік, аз-аздап ұғып келе жатқанға үқсаймын,— деп еді күлімсіреп.

Бір күні маған оның полктастары: біздің Лысенко өзінің батальондағы адамдардан атты әскерге тән сылқымдықты, жылдамдықты талап етеді. Ол ол ма тіпті, бұйым дорбасын — ат дорба деп, кейде «сапқа тұр!» деудің орнына: «атқа мін!» деп бұйырады екен деп күлкілі әңгіме ретінде айтып еді... Есік ашылып адъютант кіріп келді де, генерал шақырып жатыр деді. Мен жаңағы ойдан тез айығып, баяулап, генералға кірдім. Генерал маған орындық нұсқады да: _ Қалай, біраз қанағаттандңыз ба? — деді. Мен генералға рахмет айтып, бұрынғы орныма отырдым.

— Мен жаңа сізге капитан Лысенко туралы айта бастап едім ғой. Бірақ та сөзіміз белініп кетті,— деді генерал.— Сіз бен біз оның батальонының алдында көп қарыздармыз... Генерал картаны стол шетіне сырғытып тастап, әңгімесін айта берді. «Булычево» совхозының қасындағы болған ұрыстан кейін, ол дивизиядағы екінші полктың командирі полковник Қапровқа капитан Лысенконың батальонын кейін, майдан төріне шығар. Аудан орталығы Осташовода жауға карсы түрар бекініс ордасын күр. Сол корғаныс құрамына көпір алқымындағы бекіністі де қосып, шумақты түйін жаса деп бұйрық бергенін айтты. Осташовода Руза өзеніне салынған көпір бар еді. Генералдың ойы бойынша, егер біздің бөлімшелер шегініп келе жатып осы аймаққа, Руза өзенінің бойына табан тіреуге шамасы келмей тұрақтай алмаса, мына үлкен даңғыл жолды кесе келденең күні бұрын дайындалып қойған қорғаныс орда үйін, және езен жағасындағы тың күші бар гарнизон жаудың алдын белгілі уақытқа дейін бөгеп, шегініп келе жатқан бөлімшелеріміздің топтанып есін жиып, күш біріктіріп, топтанып жаңа шепке бекініп алып, жаудың алдына қайта бөгет болуына мүмкіндік беруге тиісті екен. Бұл аймақтағы Руза езенінен өтетін жалғыз өткел-көпір Осташовода ғана болғандықтан жау оны оңайлықпен не басып, не орағыта айналып өте алмас.

Екі күн ұдайы қасарыса соғысқаннан кейін, 21 октябрь күні жау Капровтың полкың ығыстырып, ізінен өкшелеп соңынан қалмай ықсыра қойса да, ол Лысенконың батальонына келіп, мандайы бірақ соғылмақ. Капровтың полкы шегініп келе жатқанда, өкшелеп бастырмалатып, зор сеніммен, бетпақтықпен ентелеген өршіген жау Лысенко бастаған тас түйін берік бекінген ортаға тап болмақ... Жаудың алдыңғы қатардағы отрядтары осы түйінді екпінмен басып өтуге талай рет әрекет жасайды, бірақ қаншама тырысса да түк шығара алмайды. Лысенконың батальоны мызғымай табан тіресіп, тайталасып жаудың қадымын қысқартып, алға жібермей тойтарып, орнынан қозғалмай тұра береді, тұра береді. Осыны айтып генерал былай деді:





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 242 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...