Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саясаттану пәні. Саясаттанудың әдістері мен функциялары



. Саясаттану саяси құбылыстармен өзгерістерінің мән-мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс-деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға: салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б.әдістер жатады.Салыстырмалы әдіс -әртүрлі елдер-гі саяси құбылыстарды салыстырып, олар-ң жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі -саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылым-ң бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтер-ң әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін, айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. Социологиялық әдіс -саясатты қоғам өмірінің эконом-қ, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б.жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи әдіс -саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай,бұрынғы, қазіргі және болашақ-ң байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді, олар-ң болған уақыт мезгілін еске ала танып білуді талап етеді. Бихевиористік әдіс -жеке адамдар мен топтар-ң іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдар-ң өздерін-өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Нормативтік әдіс -қоғамдық шілікті ең мол қамтамасыз ететеін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді(функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар.Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз-саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олар-ң саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Саясаттану бағалау(аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институт-ға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократия-қ мемл-де саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халық-ң демокр-қ саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін де атқарады Оның ерекшелігі- қоғам-ң саяси өмірімен тығыз байланысында. Тағы саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.




Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 6817 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...