Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси глобалистика түсінігі. Жаһандану, оның мәні, сипаты және маңызы туралы не айтасыз?



Саяси глобалистика - жаһандану үрдісінің саяси аспектілерін зерттеу. Саяси глобалистиканың ерекшелігі - бүл ғылым жаһандық мәселелерді тек сипаттаумен шектелмейді, ол ядролық, азық-түліктік, энергетикалық, т.б. жаһандық мәселелерді шешудің саяси құралдары мен әдістерін ұсынады.[1]

Саяси глобалистиканың әдіснамалық негізі - жаһандану үрдісін өркениеттің саяси қорытындысының болуы мүмкін нәтижесі ретінде қарастыратын өркениеттік немесе әлеуметтік-мәдени әдістер.

Саяси глобалистиканың міндеті адамзат қарамағындағы болашақ баламасын дайындау және анықтау болып табылады. Өркениеттік тәсіл шеңберінде саяси глобалистика пәні жаһандану үрдісін тарихи динамикада қарастырады. Яғни, түтас өзара байланыстағы әлемнің қалыптасуын өркениеттердің шығармашылық диалогы ретінде қарастыру.

Саяси глобалистиканың ең маңызды мәселелерінің біріне өркениеттер диалогы түжырымын уақыттың жаһандық мәселелеріне жауабы ретінде қалыптастыру жатады.

Осы мәселені шешу саяси глобалистиканың міндеттер шеңберін анықтайды:

· жаһандық әлемдегі саяси диалогтың құндылық өлшемін анықтаушы әлемдік өркениеттегі негізгі әлеуметтік-мәдени құндылықтарды салыстырмалы талдау;

· өркениетаралық өзара қарым-қатынастың саяси стратегиясын салыстырмалы талдау;

· жаһандық әлемдегі униформиз мен гегемонидыққа балама ретінде адамгершілік жаһандық идеясын дайындау;

· жаңа гуманитарлық бітімгершілік түжырымын әр түрлі өркениеттердің құндылықтарын келістіру үрдісі ретінде негіздеу;

· жаһандық саяси уақыт пен кеңістік қалыптастыратын жаңа мәселелерді зерттеу;

· жаһандану үрдісіндегі кейбір ауытқушылықтарды зерттеу;

· жаһандануға балама жолдарды салыстырмалы талдау.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1651 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...