Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалары



Азаматтық қоғам – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастың жиынтығы. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді. А.қ. идеясы өте ертеде пайда болған. Мұнда Аристотель: «кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болдаы» - деп жазған. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқанда: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. дегенмен азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы – Гегель.

А.қ-ң құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндәрәстік және жеке өмірі, олардығ әдет – ғұрпы, салттары кіреді.

А.қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.

Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ерелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады: - ұлттық – этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;

- жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел – жұртқа келіп – кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

- адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;

- азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 678 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...