Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасындағы саяси жаңару: жуй-күйі, мәселелері



Ауқымды әл-к қауымдастыққа кіру қажеттігіне тап бола отырып, посткеңестік мем-р жаңару жолына, яғни, батыстық дамудың қарқыны мен стандартына бейімделген әл-к-эк-қ және саяси өзгерістер жолына түсті. 2007 ж.Қаз-да еліміздің саяси жүйесін әрі қарай жаңарту тұжырымдамасына сәйкес келетін бірқатар айтулы оқиғалар болды: 1.2007ж.28 ақпанда Президент Н.Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа жолдауында еліміздің саяси жүйесінің әрі қарай дамуының жалғыз дұрыс бағыты деп жан-жақты жедел жаңғырта жаңарту жолын айтады. 2. 2007ж.мамырында ҚР конституциясына саяси алаң мен саяси ойын ережелерінің пішін үйлесімін өзгерткен толықтырулар енгізілді; 3. ҚР 50 дамыған елдердің қатарына қосылу мақсаты алға қойылды

27. Қазақстан қоғамындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері? Тұлғалардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп, бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.Адам құқығы — азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғымдар бар. Оларға қысқаша түсінік берейік. Адам кұқығы – табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.v Азамат құқығы — табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.v Тұлғаның құқығы – жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебесінің шеңберіне байланысты.vАдам құқықтарын бекiтуге, оларға кепiлдiк беру, қамтамасыз ету, қорғау және iске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттiң (қалыптасқан немесе ендi ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегiне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистiк бастаулардың, демократияландырудың күшеюiне, мемлекеттiк құрылымдардың халық бұқарасы үшiн ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткенi оның нәтижесi қолданылған тәсiлдерге барабар болып шығады.




Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 764 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...