Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гегель еңбектеріндегі мемлекет пен азаматтық қоғам идеясы



Георг Вильгельм Фридрих Гегел [1] (IPA: [ˈgeɔʁk ˈvɪlhɛlm ˈfʁiːdʁɪç ˈhegəl]) (1770 ж. тамыздың 27-сі (Штутгарт, Алмания) — 1831 ж.қазанның 14-і) — неміс пәлсапашысы,немiс классикалық философиясы мен романтизм философиясы философтарының бiрі. Йоһанн Готтлиб Фихте және Фридрих Вильһельм Йозеф Шеллингпен бірге неміс идеализмінің негізін қалаушы.

гегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен. Солардың арасында Һегелді қолдайтындар да (Бауер, МарксБредли, Сартр, Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Шеллинг, Киркегард, Шопенһауер, Ницше, Һайдеггер, Расселл) бар. Һегелді пәлсапашы ретінде қызықтырғаны — табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай, немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті логика, яғни «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл» диалектикасы, «этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Һегелді кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді. Мемлекет пен құқық мәселелерін қарастырды. Еңбектері: "Германияның Конституциясы", "Рух философиясы", "Құқыкфилософиясы", "Тарих философиясы", "1831 жылы реформа жайлы ағылшындық билль" және т.б. Құқық философиясы - философияның гегельдікі жүйесінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады. Оның ойынша, мемлекет дамудың ен жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады. Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды. Азаматтық қоғамның үш негізгі тусы: қажеттіліктер жүйесі, әділ сот, полиция және бірлестіктер. Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді: 1) субстанционалды (жериеленушілер - дворяндар мен шаруалар); 2) өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер); 3) жалпылама (шенеуніктер). Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1513 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...