Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

М. Хайдеггер, П.Н. Флоренский мен П.Н. Габричевскийлердің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы



Сабақ мақсаты:

1. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.

2. Берілген тапсырмамен сәйкес жұмыс жоспарын құру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жүмыс жасай білу.

3. Пікірталас кезінде оз ойларын толық жеткізе білу және қорғай білу, белгілі шеберлердің шығармаларын мысалға ала отырып, сол және басқа да шығармашылық концепцияларының пайда болуы, гүлденуі, қайта қүрылуы себептерін өздері сараптай білу.

Сабақ жоспары:

1. Өнердегі стиль алмасуының динамика механизмі.

2. Б.М.Лотманның стиль алмасу динамикасының механизмі.

3. А.Н. Николаенко стиль алмасу динамикасының механизмі.

М. Хайдеггердің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы.

Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:

Конспектілер, Слайдтар.

Жұмысты орындау әдістемесі:

1.Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.

2.Материалдарды оқу:

ХХ ғасыр философиясы үшін дәстүрлі онтологиямен салыстырғанда алдымен әлем, табиғат емес, адамды зерттеу мәселенің бастапқы нүктесіне айналды. Неліктен бірқатар философиялық бағыттар үшін болмыс туралы ілім ерекше назарға аударуға мәжбүр етті? Оның адам мәселесіне қарай ауысқандығын қалай түсіндіруге болады? ХХ ғасыр философтары өткеннің философия ішіндегі басымдылықтарын қайта қарады. Олар әлем болмысының өзбетінділігінен бастау алып, одан адамды түсінуге ұмтылатын және адамды әлемге тәуелді етіп қойған классикалық онтологияның өкілдеріне қарсы шықты. Бұл жағдайда философия «заттар философиясына» айналып, ал адам да көп жағдайда дәл солай зат ретінде қарастырылды. Алдыңғы қатарға логика, гносеология, идеялар теорияларын ұсынған классикалық философияның кейбір бағыттарына наразылық одан кем болмай, «жаңа онтология» өкілдері оларды «идеялар философиясы» үстемдік етуде адамды белгілі бір «таным машинасына» айналдырды деді.

Классикалық онтологизм және гносеологизммен таразы теңестірген ХХ ғасыр философиясының феноменология, экзистенциализм мен персонализм бағыттары шындығында адамды философияның орталық мәселесі деп есептеді. Бұл бағыттарда адам болмысының зерттелуі едәуір жан-жақтылығымен, тұтастығымен ерекшеленіп, метафизикалық толықтығы қамтылады. Адам болмысын түсіндіруде қаншама көзқарастар орын алғандығына қарамастан, адам болмысы өз деңгейінде терең зерттеліп, өзінің соңғы шешімін тапқан жоқ. Бұл ретте адамның болмысы жайлы анықтамалардан да адам болмысының адам үшін қажеттілігі негізгі орталық мәселеге айналып отыр.

Мәселенің экономикалық тұрғыда басымдылықпен шоғырлануын К. Маркс жаттанудың капиталистік қоғам жүйесі үшін маңыздылығын былайша баса көрсеткен: «Еңбекпен өндірілген зат, оның өнімі еңбекке қарсы қандай да бір бөтен нәрсе, бұл өндірушіге тәуелді болмайтын күш...» [2, 455 б.]. Бұл жерде өмірден жүзеге асырушыны, өмірден жұмыскерді алып тастаған болып шығады, заттандыруда адамның жоғалуы және затпен оны жаулау, затты игеру – мұның барлығы жаттану, өзін-өзі жаттандыру болып табылады.

Ж.-П. Сартр «жаттануды индивидтің жаттанбайтын еркіндігі мен оны қоршаған әлемнің арасындағы онтологиялық қақтығыстың салдарынан» деп есептейді; сондықтан «жаттану адам болмысының бөліп алуға болмайтын бөлігіне айналады» [3, 44 б.]. Г. Маркузе «жаттану қазіргі заманғы еуропалық мәдениеттегі болмыстың барлық элементтерін құралға айналдырып, оны индивидпен жаттандыратын инструментальді рационалдылықтың үстемдік етуінің салдарынан туындаған» деп табады [4, 91 б.]. Адам болмысы мәселесін бірден-бір бірегей орталық мәселе ретінде қарастыратын ХХ ғасыр философиясындағы бағыт экзистенциализм философиясы. Оны жасаған ең үздік өкілдері: Карл Ясперс (1883-1969), Жан-Поль Сартр (1905-1980), Альбер Камю (1913-1960), Мартин Хайдеггер (1889-1976) болып саналады.

Экзистенциализмде болмыс бірыңғай жүйе ретінде таңдалады. Мәннің жалпы құрылымындағы экзистенциясын анықтау, яғни, ғаламның басқа да бастауларымен қатар, адам табиғатының онтологиялық барлығын анықтау негізгі мәселе болып табылады. Экзистенцияның негізгі онтологиялық анықтамасы – «аралық болмыс», бұл ұғымды Кьеркегор енгізген. Діни экзистенциалистер (Н..Бердяев, К..Ясперс, Г..Марсель, П..Тиллих) басқаның табиғатын сенім әрекетінде ашылатын «трансценденция» ретінде анықтайды. Неміс экзистенциализмінің өкілі М..Хайдеггер болмыс нағызғы, субстанция, субъектке қарама-қарсы және қандай да бір сырттан берілгендік ретіндегі дәстүрлі қарастырылатын тұжырымдаманы сынайды. М. Хайдеггер үшін болмыс мәселесі - адам мәселесі ретіндегі мағынада, адамның өмір сүру негізі болып танылады. «Әлем тұтастық (болмыс) ретінде оны тек қоршаған табиғи ортаға қарағанда, ең алдыңғы мәнде – әлем туғызушы тіршілік иесі адамға тән» [5, 121 б.] деп өте орынды айтқан. Сондықтан да, болмыс әлемінде өзінің шынайы орнын табу адам үшін маңызды міндет.

М..Хайдеггер Э..Гуссерльдің феноменологиялық тәсілін қайта қарастырып, оның зерттеуіне «интенционалдылық болмыс», «әлемдегі болмыс» деп пайымдап, экзистенцияны қосты. Феноменологиялық тәсіл экзистенциализмді, шындықты суреттейтін жүйелі онтологияға айналдыруға мүмкіндік берді. Діни экзистенциализм адамды әлемнен құдайға шақырады және өз-өзіне тереңдеуде болмыстың жаңа «трансцендентті» өлшеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Өз-өзіне тереңдеу, сонымен бірге «Мен» даралылығының шекараларын кеңейту» [6, 47 б.].

Антропологиялық білімдердің адам болмысының сан қырлы қабаттарын қарастыруға ұмтылысы адамның биологиялық мәнінен бастап, конституциялық, эволюциялық, популяциялық, этникалық, физикалық, медициналық, мәдени, психологиялық, діни тұрғыдан түсіндірулерін қамтиды. Адам болмысының денесі мен рухының өзара байланысы тәрізді адамның өмір сүруінің биологиялық негіздеріне екпін жасалып немесе адам табиғаты әлеуметтік-биологиялықтың бірлігі, адам өмірін ұзарту, өлім мен мәңгі өмір сүру, денелілік, ауыру, сырқаттану және ессіздік мәселелері туралы болса, мәдени антропология рухани феномендерді зерттеп, адам бейнесіндегі әртүрлі тарихи және мәдени кезеңдерде, адамның тарихтағы мәдени эволюциясын көрсетеді. Қазіргі заман өнері өзінің көркемдік шығармашылықтарында антропологиялық білімдермен қауышатындығын, кейде оларға сүйенетіндігімен тұжырымдалады.

Мәдени антропология рухани феномендерді зерттей отырып, көп жағдайда сипаттау тәсілін қолданады. Оның пәні адам бейнесіндегі әртүрлі тарихи және мәдени кезеңдерде, адамның тарихтағы мәдени эволюциясын көрсетеді. Мәдени антропология өзінде тарихи, діни, психологиялық және жас ерекшелігі антропологиясын қамтиды.

Феноменология ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы зор ықпалды ағымдардың бірі ретінде зерттеу тақырыбына қатысты таңдалды. Ф. Брентано алғашқы болып «интенционалдылық ұғымын психикалық үдерістерді сипаттауға, таза субъективті мағынада қолданды» [7, 27 б.]. Интенционалдылықты Брентаноның түсінуін психологизм мен натурализмге жатқыза сынай отырып, интенционалдылыққа Э. Гуссерль «натуралистік емес», трансценденталды-феноменологиялық түсінік беруге ұмтылады. Ол Э..Гуссерльдің («Логикалық зерттеулер») феноменологиялық философияны ауқымды түрде зерттеп дамыта білгендігі нәтижесінде кеңінен таралды [8, 54 б.].

ХХ ғасырдың бірінші жартысы мен ортасында неміс және француз философиясы феноменологиялық зерттеу тәсілі ретінде маңызды роль атқарды. Бұл М..Хайдеггердің «Болмыс пен уақыт» [6], М. Мерло-Понтидің «Феноменологиялық қабылдау» [9], Дж. Серльдің «Сананы қайта ашу» [10] атты феноменологиялық зерттеулері болып табылады.

Постструктурализм «қандай болмасын мәдени феноменнен рет пен мән іздеуге ұмтылатын логоцентристік дәстүрге сынмен қарап, қарсы шықты. Антитарихилық пен статикалықққа әкеліп тірейтін құрылым идеясы да күмән туғызды. Бұл ағымның белді өкілі Жак Деррида структуралистік әдіснаманы герменевтика мен психоанализге қосуға қадам жасап көрді [11, 25 б.]. «Мәдениет сөздігі жеке дәуір мен тарихи айналымға ғана арналып жасалуы мүмкін, бірақ әр кезеңдердегі барлық өнер құбылыстарын түсінуге әмбебап емес» [12, 45 с.] деген пікірлер, модернизм, постмодернизмді жасаған жұмыстарды тануға француз философы және мәдениеттанушысы Ж.Ф. Лиотар және т.б. көзқарастары жұмыста қазіргі заманғы мәдениеттанудағы бағдарларды анықтауға қолданылды. Неміс философы Т. Адорно «суретшілерге адам образын жасау мүмкін болмау себебі адам өміріндегі хаос - қисынсыз қайталанған деструктивті, дисгармониялық формада көрініс тапқандығынан» деді [13, 121 б.]. Сол себептерден өнердегі гротескті образдар нақты адамзаттың басынан өткізген апатты көрсетуі болып қабылданды.

Адам болмысын зерттеудің әдіснамалық негіздерінде М.С..Каганның «мәдениет» ұғымында адамның барлық биологиялық детерминделмеген сапаларының толықтығы» [14, 126 б.], оның әрекет тәсілдері мен олардың заттық іске асуы тәрізді анықтамалары алынды. Сондай-ақ, К.Г. Юнг [15], З..Фрейд [16], Ш..Шукуров [17], Ю.М..Лотман [18] еңбектері көркем шығармашылықты қазіргі заман өнерінде тарихи-мәдени аспектіде талдауға қолданылды.

Қайталау сұрақтары:

3. Алғашқы мануфактуралар қай кезеңге жатады?

4. Алғашқы шамшырақты сағатты ойлап шығарған кім?

5. Тоқыма станогын ойлап шығарған кім?

6. Булы двигательді ойлап шығарған кім?

7. Кім конвейерлі өндіріс «пионері» болып табылады?

8. Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме қай жылы өтті?

9. Қай сәулеттік құрылыс Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы болды?

10. Францияда өткен бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы қай сәулеттік құрылыс болды?

11. Эйфель мұнарасының жобасының авторы кім?

12. Эйфель мұнарасы қай жылы салынды?

13. Дизайнның қай стилі инженерлік технологиялылығымен, рационалдылығымен сипатталады?

14. Техника және эстетика теорияларының авторы, атақты неміс сәулетшісі кім?

15. Өнеркәсіптік революция заманындағы өнер ойларын білдірген, индустриализацияға қарсылығын көрсеткен кім?

16. Дирижабльді ойлап шығарған неміс конструкторы?

17. Ағылшын ғаламы, архитекторлар мен қолөнершілердің еңбек қиял-арманының эстетикалық концепциясының авторы?

18. Алғашқы бүкіл Ресейлік өнеркәсіптік көрме қай қалада өтті?

19. Бүкіл Ресейлік өнеркәсіптік көрме қай жылы өтті?

20. Атақты орыс өнертапқышы(оптикалық приборлардың, сағаттың және т.б. авторы)?

21. Атақты орыс ғалымы, әлемдегі алғаш радиоқабылдағыштың авторы?

22. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы танымал орыс инженер-конструкторы, архитектурадағы арочный конструкцияның жаңашылы?

23. Біздің заманымызға дейін жеткен алғашқы фотосуреттің авторы кім?

24. Ұлы Американ ғалымы, көп каналды телеграфтың авторы?

25. Дизайнда қай стилдік бағыт зат пішінінің функционалды талаптарға толығымен бағыныштылығымен сипатталады?

Глоссарий:

Анимизм (лат. anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген.

Архетип (грек. Arche – бастау, tupos – бейне) – алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәденпи архетиптер – бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойлауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдар.

Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:

1. Б.М.Лотман және А.Н. Николаенко стиль алмасуының динамика механизмі.

2. М. Хайдеггердің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы.

Реферат тақырыптары:





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 2122 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...