Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Б.М. Лотман және А.Н. Николаенко стиль алмасуының динамика механизмі



Сабақ мақсаты:

1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы мен теориясы пәнінің көлемді материалынан жүйелі білім алу.

2. Өнеркәсіптік дизайн саласындағы жетістіктер негізін, түпкі ой мен концепцияның өзара байланысын, өнеркәсіптік дизайнның даму заңдылықтарын, сондай-ақ практикалық қызметпен тікелей байланысты мәселелерді шешу.

3. Дизайнерлік жүмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.

4. Берілген тапсырмамен сәйкес жүмыс жоспарын құру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жұмыс жасай білу.

Сабақ жоспары:

1. И.В. Жолтовский мен А.Г.Габричевскийдің «стиль» түсінігі.

2. Б.М. Лотманның стиль алмасуының динамика механизмі.

3. А.Н. Николаенконың стиль алмасуының динамика механизмі.

Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:

Конспектілер, слайдтар.

Жұмысты орындау әдістемесі:

1.Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.

2. Материалдарды оқу:

1910 жылдардағы неоклассиктер орыс сәулет өнері классиктері архитектураның негізгі принциптеріне ден қойғанмен (И.А. Фомин, И.В. Жолтовский, В.А. Щуко, т.б.) осы кезеңде классикалық мотивтерді стильдендіруді мақұлдаған орыс “модернінің” өкілдері (Ф.О. Шехтель, Ф.И. Лидваль, т.б.) шықты. Неоклассицизм 20 ғасырдың 10 – 20-жылдарында АҚШ пен Ұлыбританияда негізінен ресми архитектурадан (Вашингтондағы Л.Линкольн ескерткіші) көрініс тапты. 50-жылдардың ақырында АҚШ архитектурасынан (Нью-Йорктегі Линкольн-сентер) елеулі орын алды.

Неоклассицизм принциптері ішінара 30-жылдардың 2-жартысы мен 50-жылдардың бас кезіндегі ТМД елдері сәулет өнерінен де бой көрсетті. Бейнелеу өнерінде “ Неоклассицизм ” термині әр түрлі ағымдарға байланысты қолданылды. Онда классикалық образдардың ішкі үндестігіне өмір мен өнердегі идеялық және стильдік шарпылыстар қарсы қойылды. 20 ғасырдың басында импрессионизмге қарсы бағытталған ағымдардың бірі ретінде кең қанат жайды. Ол көне дүние өнері мен ішінара Қайта өркендеу дәуірі өнерін және классицизмді, кейіннен “модерн” стилін де қамтыды. АҚШ-та регионализм, Италияда “метафизикалық кескіндеме”, Францияда П.Пикассоның “неоэнгризмі” сынды Неоклассицизмге қатысты ағымдар туындады.

Габричевскийге қарсы П.А. Флоренскийдің (оккульттік-мистикалық метафизика) маңыздылық орталығы болып табылатын эстетикалық ой-өрісі шыққан. Олар, әдетте, декларативті-клерикальды және антиөрлеу пафоспен ерекшеленеді.

Қайталау сұрақтары:

1. И.В. Жолтовский немен айналысқан?

2. А.Г.Габричевский немен айналысқан?

3. И.В. Жолтовский «стиль» түсінігі.

4. А.Г.Габричевскийдің «стиль» түсінігі.

5. Б.М. Лотманның стиль алмасуының динамика механизмі.

6. А.Н. Николаенконың стиль алмасуының динамика механизмі.

Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:

В. Гропиустың өмірбаяны және шығармашылық қызметі.

Литература:

Негізгі әдебиеттер:

1. Турганбаева Л.Р. Очерки истории материальной культуры и дизайна. – Алматы: ФСК, 2002. – 448 с.

2. Fiell P., Fiel Ch. Desing f the 20th Ctntury. – Taschen, 2005. – 768 p.

3. Габричевский А.Г. И.В. Жолтовский как теоретик. Опыт характеристики.// Габричевский А.Г. Морфология искусства. – М.: Аграф, 2002. – С. 478-493.

4. Хайдеггер М. Искусство и пространство. // Время и бытие. – М.: Республика, 1993. – С. 312-316.

5. Флоренский П.А. Анализ пространственности в художественно-изобразительных произведениях. // Флоренский П.А. Статьи и исследования по истории и философии искусства и археологии. – М.: Мысль, 2000. – С. 81-285.

6. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория. Учебное пособие. /2-е изд., стер. – М.: Изд-во Омега-Л, 2006. – 224 с.: ил.

7. Қосымша әдебиеттер:

8. Бурдье П. Физическое и социальное пространства.//Социология социального пространства. – М.: ИЭП, СПб.: Алетейя, 2005. – С. 49-63.

9. Бурдье П. Социальное пространство и символическая власть. // Социология социального пространства. – М.: ИЭП, СПб.: Алетейя, 2005. – 288 с. – С. 64-86.

10. Маца И.Л. О природе эклектизма. // Форма и образ. – Алматы, 2006. – С. 204-211.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 1694 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...