Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ № 2. Дизайнның алғашқы пионерлері



Сабақ мақсаты:

1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы және теориясы пәнінің көлемді материалынап жүйелі білім алу.

2. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.

3. Берілген тапсырмамен сәйкес жұмыс жоспарын кұру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жұмыс жасай білу.

Сабақ жоспары:

1. Дж. Рескин – ағылшын философы, өнер теоретигінің еңбектерін талдау.

2. Г.Земпер - әсем және технологиялық бұйымдарды өндіру жалпы принциптерін түсіндірген неміс архитекторының дизайнға қосқан үлесі.

3. Ф. Рело – белгілі инженер және машинақұру теоретигінің еңбектері.

Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:

Коспектілер, слайдтар.

Жұмысты орындау әдістемесі:

1. Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.

2. Материалдарды оқу:

Рёскин — өнер теоретигі. Ол замандастарына кескіндемеші, график, пейзаждық кескіндемесіші Уильям Тёрнердің шығармашылығын ашқан. Сонымен қатар, Рёскиннің принципы «Табиғатқа сыйыну» болған, идеал ретінде ол ортағасырлық өнерді, әсіресе Перуджино, Фра Анжелико, Джованни Беллини дегендердің шығармаларын мақтан ұсталған.

Рёскиннің сәулеттік теориясында механизация мен стандартизацияға орын табылған жоқ, акцентті готическалық стилге қойған. Рёскин восхвалял готическалық стилді табиғатқа жақындық үшін, қарапайым пішіні үшін биіктен көрсеткен және Уильям Морриспен бірге болашақты готиканы жандандыруда көрген.

Уильям Морриспен бірге және прерафаэлиттармен ол индустриальдық аудандардың жұмысшыларына қолөнер өндірісінің әсемділігін көрсету арқылы механикалық еңбекті жеңбекші болды. Рёскиннің өзі «Гильдия святого Георга» деген бірінші шеберхананы басқарды.

1. Сұрақтарға жауап беру

Қайталау сұрақтары:

1. Құралдың жаппай шығарылуына не себеп болды?

2. Батыс Европада алғашқы кітап басып шығару қай кезеңге жатады?

3. Мөрді ойлап тапқан кім?

4. Ең алғашқы 1252 беттен тұратын «Библия» кітабы қай жылы басылып шықты (Майнц қаласы)?

5. ІХ ғ. ең алғашқы цехтік бірлестіктер қай қалада пайда болды?

6. ІV ғ. пайда болған ірі цехтік бірлестіктер қалай аталды?

7. Алғашқы мануфактуралар қай кезеңге жатады?

8. Алғашқы шамшырақты сағатты ойлап шығарған кім?

9. Тоқыма станогын ойлап шығарған кім?

10. Булы двигательді ойлап шығарған кім?

11. Кім конвейерлі өндіріс «пионері» болып табылады?

12. Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме қай жылы өтті?

13. Қай сәулеттік құрылыс Англиядағы алғашқы бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы болды?

14. Францияда өткен бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрменің ашылуы қай сәулеттік құрылыс болды?

15. Эйфель мұнарасының жобасының авторы кім? Эйфель мұнарасы қай жылы салынды?

16.Дизайнның қай стилі инженерлік технологиялылығымен, рационалдылығымен сипатталады?

17. Техника және эстетика теорияларының авторы, атақты неміс сәулетшісі кім?

18. Өнеркәсіптік революция заманындағы өнер ойларын білдірген, индустриализацияға қарсылығын көрсеткен кім?

19. Дирижабльді ойлап шығарған неміс конструкторы?

20. Ағылшын ғаламы, архитекторлар мен қолөнершілердің еңбек қиял-арманының эстетикалық концепциясының авторы?

Глоссарий:

Стиль – белгілі бір уақыттағы немесе бағыттағы, сонымен қатар жеке шығармалардағы, әдебиет пен өнердегі көркем әдістердің мақсатты және көркем шартты жинағы; бөлек бір суретшінің жеке стилі.

Эволюция - өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі түрі.

Мәдениет – адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.

Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:

Дж. Рескин – ағылшын философы, өнер теоретигінің еңбектерін талдау.

Г. Земпер - әсем және технологиялық бұйымдарды өндіру жалпы принциптерін түсіндірген неміс архитекторының дизайнға қосқан үлесі.

Ф. Рело – белгілі инженер және машинақұру теоретигінің еңбектері.

Реферат тақырыптары:





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 1690 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...