![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Адам темпераментінің осы күнге дейін маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш рет грек ғалымы Гиппократ жасады
Сангвиник (ширақ) – мінезі жайдарлы,қағңлез, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көнілшең адам.Ол өз мақсатына жетуде жігерлілік,қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін-өзі қстай біледі. Өзінің тіршілік дағдысының өзгерістеріне төзімді.Сыртқы әсерлерге тез бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.
Флегматик (салғырт)- сабырлы,байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді. Мұндай адамдар зор жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшін табандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа кісілермен қиын ұласады, күнделікті дағдыларының өзгерісіне қиындау бейімделеді. Оларға тән белгілі кертартпалық қыңырлық байқалады. Әдетте, қатаң, дәстүрлі түсініктері бар, олардың сезімдері және көңіл-күйі тұрақты келеді.
Холерик (ұстамсыз)- албырт, қазба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам.Оның мінезі қызбы, өте белсенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады.Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз жұмыс істей алады.Бірақ шамалы бөтен тітіркендіргіштер оларда жиі ашу, ыза тудырады. Кейде едәуір аяқталып қалған ісі зая кетеді, ақырында ол оған өкінеді.
Меланхолик (саудайы)- мұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады. Меланхоликтер өмірінің өзгерістеріне қиын бейімделеді.Қиын-қасіретке бейім, күйрек, сәздік және сезімділік белсенділігі төмен, тұйық мінезді келеді.
Темпераменттің төрт түрін салыстырса, мінез ерекшеліктеріне қарай, олар өте қиын жағдайларда өздерін қалай ұстайтындығын болжауға болады.
Сонымен темперамент- бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаттамасы. Алайда, кісі мінезінің маңызды жақтарын (дүниетану, көзқарас, тілек, сенім) ол ажыратпайды. Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін белгілемейді, өйткені оның мінез-құлығын санасы басқарып отырады.
2) Жұлынның құрылысы мен қызметі. Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.Жұлынның сұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.
Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.
Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.
Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.Жұлынның да, мидың да сыртын үш түрлі қабықша қаптап жатады. Сыртқысы - қатты, ортаңғысы - торлы, ішкісі - жұмсақ қабық-шалар деп аталады. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. Б
Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 5114 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
