Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аралық ми. Құрылысы және қызметі



Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешікасты(гипоталамус), төмпешікүсті (эпиталамус) құрылымдары жатады. Аталған құрылымдар ІІІ ми қарыншасын жан-жағынан қоршап, оның қабырғасын құрады.

Таламус көп ядролы, көлемі және қызметі жағынан ең көрнектісі. Ол арқылы ми қыртысына әртүрлі сезім серпіністерін өткізетін жүйке талшықтары өтеді. 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар қызметінің маңызына қарай арнамалы,бейарнамалы,ұластырушы,қозғалтқыш деп бөлінеді. Арнамалы ядроларына жұлынның өрлеуіш жеке талшықтары арқылы дене қабылдағыштарынан келетін түрлі сезімдік ақпараттармен бірге көзден, құлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып, одан әрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі. Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді, оның қозғыштық қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бұл ядролардан ми қыртысына барған серпіністер қыртыс қозғыштығын жоғарылатып, арнамалы жолдарынан келген әсерлерге қыртыс жауабын күшейтеді. Ұластырушы ядроларға түрлі серпіністер таламустың арнамалы жолдарынан келіп түседі.Бұлар жоғары анализдік, синтездік үрдістеріне, ми қыртысының бірлестіруші қызметіне қатысады. Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты базальдық ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.

Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы құрылым. Гипоталамус орталық жүйке жүйесінің құрылымдары мен бірге шеттегі ағзалар, тіндермен екі жақты(афференттік және эфференттік) байланысының арқасында организмнің көптеген әрекеттерін реттей алады.Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр,ішкі сөлініс бездері, ас қорыту, бүйректер қызметін,зат алмасуын,несепті шығаруын реттейді.Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығын сақтайды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 6036 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.323 с)...