![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Адам организмнде бұлшық еттердің екі түрі болады – бірыңғай салалы және көлденең-жолақты. Көлденең-жолақты бетке жүрек бқлшық еттері де жатады.Бірыңғай салалы бұлшық ет ішкі мүшелерде (қабырғааралық, өңеш, асқазан, ішек)болады. Ұршық тәрізді клеткалардан тұрады.
Көлденең-жолақты бұлшық ет қаңқа сүйектеріне бекиді, дененің кеңістікке орналасуын және ұозғалысын қамтамасыз етеді. Қаңқа бұлшық еттің 400түрі болады. Қаңқа бұлшық еттері орналасуына байланысты бас,қаңқа,аяқ-қол болып бөлінеді. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет(кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.
9-билет
Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2200 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
