Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Present Participle Active



Present Participle Active етістіктің инфинитив формасына (to бөлшегінсіз) –ing жалғауын жалғау арқылы жасалады.

to read оқу reading оқып жатырған.

to buy сатып алу, buying сатып алып жатырған.

Past Participle Active және Passive.

Past Participle Active және Passive дұрыс етістіктердің инфинитив формасына –ed жалғау арқылы жасалады.

to ask сұрау asked сұраған, сұралған.

Past Participle бұрыс етістіктерден әртүрлі жолмен жасалады.

to give беру given

to send жіберу sent

to buy сатып алу bought

Not болымсыз бөлшегі есімшенің алдына қойылады:

not asking – сұрамай, not sold - сатылмаған, т.б.

Есімшенің жай формаларының қолданылуы.

Present Participle Active:

I. Анықтауыш функциясын атқарады.

1) Зат есім алдында.

The rising sun was hidden by the clouds.

Көтерілген күнді бұлттар жапты.

2) Зат есімнен кейін. Present Participle баяндауыш етістікпен қатар жүрген істі білдіреді.

The boy playing in the garden is my sister’s son.

Бақта ойнап жүрген бала менің апамның баласы.

II. Пысықтауыш функциясын атқарады.

1) Мезгіл пысықтауыш.

Waiting for a tram, I saw Peter.

Трамвайды күтіп тұрып, мен Петрді көрдім.

2) Себеп-салдар пысықтауыш.

Knowing English well, he translated the article without a dictionary.

Ағылшын тілін жақсы біліп, ол мақаланы сөздіксіз аударды.

3) Қимыл-сын пысықтауыш.

He walked down the road limping.

Ол ақсақтап жолмен жүрді.

Past Participle Passive анықтауыш функциясын атқарады.

А) Зат есім алдында.

A broken cup lay on the table.

Сынған кесе үстелде жатты.

Б) Зат есімнен кейін.

All books taken from the library must be returned next week.

Кітапханадан алынған барлық кітаптар келесі жұмада қайтарылуы керек.

Есімшенің күрделі формасы.

Perfect Participle Active жасалуы және қолданылуы.

Perfect Participle Active Present Participle формасындағы көмекші етістік to have және Present Participleформасындағы негізгі етістік фрқылы жасалады (having asked). Perfect Participle Active баяндауыш-етістік көрсететін іске дейін аяқталған істі көрсетеді және себеп-салдар және мезгіл пысықтауыш функциясын атқарады.

Having lost the key, he couldn’t enter the room.

Кілтін жоғалтып алып ол бөлмеге кіре алмады.

Объекті септік осы шақтың есімшесімен құрылымы.

Сезім мүшелері арқылы қабылдауды білдіретін етістіктерден to see-көру, to watch-қарау, to notice -байқау, to hear-есту, to feel-сезу, -кейін объекті септік осы шақтың есімшесімен құрылымы қолданылады. Ол объектік септігі есімдік немесе жалпы септіктегі зат есім мен осы шақтың есімшесі (Present Participle) байланысын көрсетеді.

I saw him running. Мен оның жүгіргенін көрдім.

«Объектік септік инфинитивпен» құрылымы аяқталған істі көрсетсе, «объектік септік есімшемен» құрылымы істеліп жатырған істі көрсетеді.

I saw him crossing the street. - Мен оның көшені кесіп өтіп бара жатырғанын көрдім. I saw him cross the street. - Мен оның көшені кесіп өткенін көрдім.

@ Exercise 1.

Change the adverbial clauses of cause with the participle construction.

1.As he now felt more at ease, the man spoke in a louder voice. 2. Since he knew who the man was, Robert was very pleased to have the chance of talking to him. 3. As he thought that it was his brother at the window, Steve decided to open it. 4. As the people were afraid of falling into a ditch in the darkness at any moment, they felt their way about very carefully. 5. Since he needed a shelter for the night, Peter decided to go to the neighbours’ house.

@ Exercise 2.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 816 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...