Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Public relations». «Public relations» мақсаттары мен міндеттері. «Public relations» әдістері



Ғаламды үлгі «қызмет-марка-тұтынушы-банк» жағдайымен банктердің бизнес-коммуникациясын бағалай отырып, банктер үшін коммуникацияның барлық түрлерін дамыту қажет деген түсінік қалыптастырады.

Қаржылық-банктік құрылым жоғары динамикалық көрсеткіштерге ие сыртқы орта өзгерістеріне ерекше бейім болып келеді, сәйкесінше банктің бейімделу деңгейі жоғары болып, микро және макродеңгейдегі сыртқы орта өзгерістерін қабылдауға банк толығымен дайын болуы шарт.

Оперативті және адекватты (бейімделген) реакция үшін «бизнес-коммуникацияның» коммуникациялық деңгейінің жағдайы мен дамуына әсер ететін факторларды ескеру қажет. Аталмыш факторларды талдап өтейік:

Жалпы факторлар:

1. Банктің сыртқы ортасының өзгерістеріне әсер ететін саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, технологиялық макрофакторлар;

2. Банктерге қатысты мемлекеттік саясат;

3. Құқықтық аймақ;

Коммерциялық факторлар:

1. Бәсекелестік жағдай және нарық үлесінің динамикасы;

2. Нарықтағы бәсекелестік сипаты және бәсекелестерге коммуникациялық құралдарды қолдану;

3. Нарықтың көрсеткіштері, динамикасы және даму болашағы;

4. Маркетинг стратегияларын жүзеге асыру саны;

5. Банкті жайғастыру және банк маркасының күші;

6. Мамандандыру және клиентпен жұмыс;

7. Өнім және оның өмірлік цикліне байланысты нарықтағы жылжуы;

8. Нарықтағы тауарларды дистрибьюрлеу (локальды, аймақтық, ұлттық, халықаралық сипаты бойынша);

9. Банк пен оның өнімін таңдауға қызмет көрсетудің әсері;

10. Серіктестермен, жабдықтаушылармен коммуникацияның тұрақтылығы;

11. Тұтынушылардың әсері, олардың тұтыну деңгейі, мотивациялары мен күтілетін әсері.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 556 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...