Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Статегиялық жоспарлаудың мазмұны. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері



Стратегиялық жоспарлау банктік қызметті стратегиялық басқарудың құрылымдық бөлігі болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыру мен ағымдағы қызмет жоспарын және олардың жетістіктерін жасау болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың сатылары мыналар болып табылады:

1. Банктің қызмт етуі үшін көзделген талаптар мен ортаны бағалауды анықтау;

2. Құралдарды бөлуде жүзеге асатын ықпал жасаудың негізіндегі нарықтық артықшылықтары;

3. Банктің әлсіз және күшті тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптіліктерін бағалау;

4. Нарықтық мүмкіндіктерді жүзеге асыру мақсатында бағдарламаны түзету;

5. Стратегиялық әрекеттің уақытын таңдау;

6. Күтілетін қаржылық нәтижелер;

Банктегі жоспарлаудың 3 деңгейге бөлуге болады:

А) Корпорративті деңгей;

Б) Бөлімшелердің деңгейі;

В) Нарықтық сегменттің деңгейі.

Стратегиялық жоспарлаудың жіберу нүктесі ретінде нарықтық сегменттің ерекешеліктері қызмет етеді, сондықтан да жоспарлаудың кез келген деңгейіндегі өзгерістер тез өзге деңгейлерде көрінісін табады.

Ағымдағы банктік стратегияға ықпал етуші факторлардың пайда болуында банктің микроортасындағы факторларға тоқталу жөн болар:

1. Банкішілік өзара қатынастар;

2. Жабдықтаушылармен қатынас;

3. Делдармен қатынастар;

4. Клиенттермен қатынастар.

Байланыс аудиторияларыме қатынас. Микроорта факторларына ықпал ету талдауын келесі факторлар жататын макроорта талдауымен нақтылау қажет:

1) Демографиялық;

2) Ғылыми-техникалық;

3) Саяси;

4) Экономикалық;

5) Мәдени салым факторлары;

6) Табиғи.

Сыртқы ортаның өзгеруі ағымдағы және мүмкін болатын стратегияға ықпал етеді. Нарықтың негізгі жағдайын талдау қызмет етуші нарықты анықтауға, нарықтық-өндірістік ерекшеліктерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Қызмет етуші нарық банктік өнімдермен клиенттердің класын таңдаудың қиылысуы ретінде анықталады және келесідей көрінісін табады:

1. Банктің айқын клиенттері;

2. Клиенттердің айқын қажеттіліктері;

3. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын банктік өнімдер;

4. Осы құралдарды іздеп табу;

5. Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін банкке қажетті құралдарды анықтау;

6. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін банктің мүмкіндігі мен мақсатқа бағытталғандығы;

Банктің қызметіне әр түрлі факторлардың әсерін бағалай отырып, қызметтің әлсіз және күшті тұстарының арасындағы арақатынасты негізге ала отырып, әр түрлі мүмкіндіктер мен қауіптіліктердің мүмкіндіктері банктік қызметтегі әр альтернативті бағыттың тиісті жағдайын анықтайды. Бұл үшін банктің жеке инвестициялық бағдарламасы ретінде қаралатын әрбір клетка бәсекеге қабілеттілік тартымдылықтың матрицасы құрылады.

Егер банктің стратегиялық жоспарында оның қызметінің негізгі бағыттары көрсетілсе, онда маркетинг жоспарында осы бағыттардың шегінде нақты міндеттемелер анықталады. Маркетинг жоспары келесі бөлімнен тұрады:

1) Ағымдағы нарықтық жағдайға бағытталуға мүмкіндік беретін қызметтің негізгі көрсеткіштерінің тізбесі;

2) Ұйым алдында ашылатын банктің ішкі және сыртқы ортасын талдау мүмкіндіктері мен қауіптіліктердің шығуы негізінде нарықтағы банктің ағымдық жағдайын талдау және шолу;

3) Маркетинг жоспары – мақсатты нарық саласының жеке бағдарламаларын және маркетинг кешенінің әрбір элементін біріктіріледі.

- Жоспар шегіндегі мақсаттар;

- Маркетингтегі стратегиялау;

- Әрекет ету бағдарламасы;

- Бюджет.

Неғұрлым кең тараған маркетинг бағдарламасы келесілер:

1. Мақсатқа жету стратегиясы – нақты мөлшерге дейін осы клиенттің несие қызметін жүзеге асыруда кірістің деңгейіне жеткізу туралы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді;

2. Клиенттің шабуылы үшін маркетингті жоспарлау – нақты есеп бойынша мақсатқа жету үшін аталған іс-шараларды суреттейді;

3. Есеп табысының бюджеті – әрбір есеп бойынша клиенттердің кірістерінің мөлшерін жоспарлау үшін түзіледі;

4. Қарым-қатынас жоспары – қызметтестікті өзара тиімді болуына кепілдік беретін маңызды шарты болып табылады

5. Алып есептер үшін ерекше жоспар – трансұлттық клиенттермен жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 1352 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...