Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: міндеттеме құқық бойынша жауапкершілік



Мақсаты: Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң негiзгi категорияларын қарастыру.

Сұрақтар:

1 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы.

2 Міндеттемені бұғандық үшін жауаптылықтың формалары.

3 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылықтың түрлері.

4 Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық шарттары.

5 Міндеттемені бүзгандық үшін жауапкершіліктен босатудың негіздері.

1. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық ұғымы. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктiң түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық-қүқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық-құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.

Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық, кез келген азаматтық-құқықтық жауапкершілік сияқты, әрқашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен немесе сондай мәжбүрлеумен қорқыту арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан, мiндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті міндеттемелік азаматтық құқықты бұзушыға қосымша азаматтық-құқықтық міндет жүктеу немесе оны, өзіне тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айырулар жүктеу деп анықтауға болады.

Жауапкершілік қолданудын АК-ның 349-бабында бекімін тапқан негізі деп міндеттеменің борышкердің міндетіне жататын кез келген шартын, атап айтқанда, орындау уақытын, орнын, тәсілін, санын, сапасын, тауарлардың ассортиментін, жинақтылығын және т.б. оның бұзуын түсіну керек.

Көлемі, маңыздылық дәрежесі және құқықтық салдары бойынша алғанда міндеттемені бұзу, әдетте, екі түрге бөлінеді: міндеттемені орындамау, яғни міндеттемені толықтай бұзу; мiндеттемені тиісінше орындамау, яғни міндетемені оның мазмұнында анықталған қандай да бір жеке жағдайларды бұзып орындау.

Міндеттемені борышкердің тікелей өзінің орындауы елеулі жағдайларға жататын, не ондай орындау заңнама талаптарынан туындайтын (императивтік талап) жағдайларда орындаушының алмасуы да міндеттемені бұзғандық болып табылады, ол да жауапкершілік шараларын қолдануға негіз болады.

2. Міндеттемені бұғандық үшін жауаптылықтың формалары: м індеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік құқық бұзушыға қосымша міндеттеме жүктеу түрінде болатындықтан міндеттеме бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтың формасы ретінде құқық бұзушыға артылатын қолайсыз мүліктік салдарлар түсініледі. Басқаша айтқанда, міндеттеме бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтық формасы, сырттай жауапкершіліктің көрінісі ретінде, құқық бұзушы үшін белгілі бір қолайсыз шаралардың, міндеттемені бұзғаны үшін санкциялардың көрініс табуы болып табылады. Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық формаларына тән, онсыз болуы мүмкін емес сипатқа олардың қосымша мүліктік сипаты жатады.

Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-жауаптылық мынадай формада болады: шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу; кепіл-пұлды жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б.

Шығынды өтеу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез келген субъективтік азаматтық құқықты (міндеттемелік, заттық, ерекше және т.б.) қорғауда қолданыла алмайды. Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты қорғаудың шығындарды өтеу сияқты тәсілдерін азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген. АК-ның 350-бабына сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған борышкер несие берушіге міндеттемені бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге міндетті, яғни құқық берілген адамды шығынға отырғызған кез келген азаматтық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге жол берілген. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, міндеттемені бұзғандық үшін шығындарды өтеуге қатысты шығындарды толық өтеудің АК-ның 9-бабының 4-тармағында бекімін тапқан бас принциптері қолданылады. Ш ығындарды толық өтеу принципі құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.

Нақты залал дегеніміз өз құқығының бұзылуына байланысты несие беруші жұмсаған шығындардың жиынтығы (яғни бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін есептелген шығындар), оған жоғалған не бүлінген мүліктерді қалпына келтіру шығындары да кіреді. Бұл ретте, нақты залалды өтегенде несие берушінің жұмсаған шығындары да, ол жүмсауы тиіс шығындар да есептелінеді.

Несие берушінің құқығы бұзылмағанда ол дағдылы айналым жағдайында алуы мүмкін табыстың кемшілігі қолдан жіберіп алынған пайда деп түсініледі. Қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің оны алу үшін жүргізген шаралары да, сол табысты алу мақсатында жасалған дайындық жұмыстары да ескеріледі.

3. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылықтың түрлері. Міндеттемені бұзгандық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке топтастыру әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады.

Шарттың бүзылған міндеттеменің және құқық бүзушының жауапкершілігінің негізі болатын-болмайтындығына қарай да топтастыру жүргізуге болады. Бұл ретте шарттық және шарттан тыс жауапкершілік болып бөлінеді, оларда құқықтық реттеуде, құқық бұзушының жауапкершілігінің шегін тараптардың келісімімен өзгерту мүмкiндігінде елеулі айырмашылық бар. Шарттық жауапкершілікке шарт бойынша контрагенттің жауапкершілігі жатады, мысалы, сатушының, жалдаушының, сақтаушының жауапкершілігі. Егер, азаматтық заңнаманың міндеттеменің кейбір түрлерін реттейтiн нормалары императивтік міндеттеу көздемеген болса, шарттық міндеттемеде тараптардың келісімімен жауапкершіліктің шектерiн өзгерту, жауапкершілікті шектеу және т.б. мүмкiн болады. Шарттан тыс жауапкершілік, әдетте, азаматтық құқықтың қандай да бір шартсыз мiндеттеме туындау жағдайын және мән-жайын, борышкердің мұндай міндеттеме бойынша жауапкершілігін, жауапкершілік шектерін, құқық бұзушылықтың құрамын және т.б. қарастыратын императивтік нормалардың арқасында туындайды. Шарттан тыс жауапкершілікке, мысалы, борышкердің сыйақыға көпшілік алдында уәде беруден, тапсырмасыз қызметтен, зиян келтіруден, негізсіз баюдан және т.б. туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілігі жатады.

Борышкерге міндеттемені бұзғаны үшін қолданылатын санкциялар бойынша жауапкершілік түрлерін топтастыруға болады. Бұл ретте жауапкершілік борышкердің шығындарды өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу, кепілпұл сомасын төлеу, моралдық зиянның орнын толтыру және т.б. жөніндегі жауапкершілігі сияқты түрлерге бөлінеді. Бұл жерде тұрақсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу, жауаптылықтың кең таралған түрі ретінде, бұрын жан-жақты қаралған.

Борышкердің тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғандығы үшін жауапкершілігінің айрықша бір түрі ретінде борышкердің бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілігін атау кереқ. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін АК-ның 353-бабына сәйкес заңды тұрақсыздық айыбын төлеу көзделген. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдалану дегеніміз ақша міндеттемесiн орындамау (ақша төлеу жөніндегі міндеттемелер) не оны төлеудiң мерзімiн өткізiп алу, басқа адамның есебінен ақшаны негізсіз алу және сақтау және т.б.

353-баптың 2-тармағында бекітілген жалпы ереже бойынша, бөтеннің ақшасын пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы осы ақша сомасын несие берушіге төлеген күн бойынша алынады. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы алынатын мерзімді анықтаудың өзге тәртiбі заңнамамен немесе шартпен анықталуы мүмкін. Яғни, мiндеттемелердің кейбір түрлері үшін заңнама ережелерімен не шарт талаптарымен бөтеннiң ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы есептелетін аз мерзім белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, ауқымында тұрақсыздық айыбын есептеуге болатын ең шекті мерзім белгіленуі, не ең шекті мөлшер белгіленуі мүмкін.

Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздык айыбы, АК-ңың 353-бабының 3-тармағына және ережелерге сәйкес есептiк деп аңықталады, және өңдірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері осындай пайдаланудан келген шығындардың сомасына есептеледi.

Сондықтан, ақшасын борышкер заңсыз пайдаланған адам, сол ақшаны заңсыз пайдаланудан келген шығындарды тұрақсыздық айыбының мөлшерінен аспайтын бөлікте борышкердің өтеуін талап етуге құқылы.

Моральдық зиянның орнын толтыру жеке мүліктік емес құқықтарға арналған тарауда, соңдай-ақ келген зияннан туындайтын мән-жайларға арналған тарауда жан-жақты қаралған.

Моральдық зиян дегеніміз жәбірленушінің құқықтың бұзылуы, оның ішiнде міндеттемелік құқықтың бұзылуы нәтижесінде басынан өткізген дене және көңіл күйзелісі (қорлануы, ашулануы, ұялуы, болуы, көңілінiң қынжылуы, құлазуы және т.б.) Моральдық зиян ақша түрнде өтеледі. Моральдық зиянның орнын толтырғаңда өзiне келген моральдық залалдың ауырлығың ауырлығын жәбірленушінің субъективтiк бағалауы да, жәбірленушінің дене және көңіл күйзелісінің дәрежесiн көрсететiн объективтік деректер те ескеріледі (қол сұғу нысанына айналған игiліктің өмірдегі маңыздылығы, құқық бұзушылық салдарының ауыртпашылығы, жалған мәліметтердің сипаты және таралған өрiсі, жәбірленушінiң өмiрi сүру жағдайы және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайлар). Шығындарды өтеу мен моральдық зиянды өтеудiң ара қатынасына келетін болсақ, АК-ның 352-бабына сәйкес, моральдық зиян мiндеттеме бұзылудан келген зияннан тысқары өтеледі.

Борышкер жағындағы адамдар көп болса, олардың жауапкершілікті бөлу өзінің сипатына қарай үлесті, ортақтастық және субсидиялық жауапкершілік болып келеді. Тараптардың адамдарының көптiгін анықтау тәртiбі АК-ның 269-бабының 2-тармағында көзделген.

Несие берушінің міндеттемелік құқығын борышкердің несие беруші алдындағы міндеттемесін орындаумен байланысты, не оған байланысты емес себептермен онымен шарттық байланыста тұрған адамдардың бұзуының негізі бойынша не бұл себеші болмаса да, бірақ борышкердің осы шарттың контрагенттерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі несие берушінің құқығын бұзса, жауапкершіліктің айрықша түрі - борышкердің үшінші жақтың әрекеті үшін жауапкершілігі туындайды. Жалпы ережеге сәйкес, міндеттеме бойынша жауапкершілік міндетгеме тарапы болып табылатын борышкерге жүктеледі. Үшінші жақтың борышкер алдындағы, оның несие беруші алдындағы міндеттемесімен байланысты емес, бірақ несие беруші алдындағы міндеттеменің орындалмауына және орындаудың мүмкін еместігіне негіз болған қандай да бір өзге міндеттемелері АК-ның 363-бабының 1-тармағына сәйкес өзіне аталған мән-жайларға байланысты емес жауапкершілік жүктелген борышкердің, жауапкершілігіне әсер етпейді, себебі борышкердің үшінші жақпен өзара қатынасы оның несие берушімен қатынастары өрісінен тысқары жатыр.

Жауапкершіліктің ерекше бір түрі - несие берушінің міндеттеме бойынша орындауды қабылдаудың мерзімін өткізіп алғандық үшін борышкер алдындағы жауапкершілігі. Борышкер ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан несие берушінің бас тартуы немесе заңнамада немесе шартта көзделген не іскерлік айналым дағдысынан немесе міндеттеме мәнінен туындайтын, жасалғанынша борышкер өз міндеттемесін орындай алмайтын әрекеттерді жасамауы несие берушінің міндеттеме бойынша мерзімді өткізіп алуы деп саналады (мысалы, егер шартта көзделген болса, сатып алушының тауарды сұрыптауы). Міндеттеменің орындалғандығын тиісінше растаудан бас тартқан жағдайда да несие беруші мерзімді өткізген болып саналады, мысалы, мұндай растау борышкердің міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі үшін кепілге берген мүлкіне оның билік етуіне қойылған шектеулерді алу үшін керек. Несие беруші мерзімді өткізіп алғанда борышкер одан келген шығынның өтелуін талап етуге құқылы, бұл жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері қарама-қарсы бағытта өзгереді: негізгі міндеттеме бойынша несие беруші шығынды өтеу міндеттемесі бойынша борышкерге, ал борышкер - несие берушіге айналады.

4. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылық шарттары. Субъективтік міндеттемелік азаматтық құқықтарды бұзушыға міндеттемені бұзғандығы үшін жауаптылық шараларын қолдануға негіз - сол адамның міндеттеменi орыңдамау немесе тиісінше орыңдамау түрінде азаматтық-қүқыктық құқық бұзушылық жасауы. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік шараларын қолданудың барлық қажетті талаптарының жиынтығы кұкық бұзушылыктың құрамын береді. Айта кететін бір жағдай - азаматтық-құқықтық жауаптылық жүктелетін жалпы, типтік жағдайлар болады, олар жауапкершіліктің азаматтық құқық бұзушылықтың тек кейбір жағдайлары мен кейбір түрлеріне ғана тән арнайы жағдайларының диалектикалық өмір дамуында құқық бұзушылықтың барлық немесе көпшілік жағдайларына тән.

Азаматтық-құкықтық жауапкершіліктiң жүктелуінің жалпы, дәстүрлі танылған жағдайлары мыналар: 1) бұзушының құқыққа қарсы қылығы; 2) залалдың немесе шығынның болуы; 3) құқыққа карсы қылык пен зиян әкелген салдарлар арасында себептік байланыстың болуы; 4) құқық бұзушының кінәсінің болуы.

Жауапкершіліктің қаншалықты көп формалары мен түрлері болғанмен барлық міндеттемелік құқық бұзушылықтың құрамдарын біріктіретін екі жалпы принцип бар, оларға сәйкес те құқық бұзушылық шарттарының құрамын екі топқа біріктіруге болады, бұл топтар құқықтық реттеуде бірінен бірі едәуір өзгеше. Бұлар азаматтық құқықтық жауапкершілік теориясында кінә принципі және келтіру принципі деп аталады, олар азаматтық - құқықтық жауаптылықты қолдануды қарастырады. Келтіру принципі заң әдебиеттерінде көбіне, қауіп бастауларына негізделген жауапкершілік деп аталады.

Кінә принципіне және келтіру принципіне негізделген жауапкершілікті өзара бөлектейтін негізгі сипаттама мынадай: кінә принципіне сәйкес жауапкершілік құқық бұзушы кінәсінiң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін қажетті талабы жағдайларда болуын көздейді, ал келтіру принципіне сәйкес - жауапкершілік үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті артудың талабы кінәнің болуы қажет емес. Сонымен қатар, кінә принципі мен келтіру принципіне сәйкес жауапкершілік қолдану үшін біріктіргіш жағдайлар, әдетте, құқық бұзушылықтың объективтік жағына жататың жағдайлар: борышкердің құқыққа қайшы қылығы және осы қылық пен құқық бұзу арасындағы себептік-салдарлық байланыс болуы тиіс.

5. Міндеттемені бүзгандық үшін жауапкершіліктен босатудың негіздері. Борышкерді міндеттемені орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатудың басты негізі құқық бұзушылық құрамының болмауы деп саналады, яғни жауапкершілікке тарту үшін қажетті шарттардың әйтеуір біреуінің болмауы.

Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі міндетті адамды міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатудың жанама негізі болып табылады. Айта кететін бір жағдай - бұл аталған негіз белгілі бір ережелер сақталғанда ғана жауаптылықтан босата алады.

Несие берушінің талап көнелігі мерзімі шегінде не жауаптылыққа тарту жөнінде талап қоюдың белгіленген мерзімі шегінде талап мәлімдемеуі де құқық бұзушыны жауапкершіліктен босатудың негізі болып табылады.

Несие берушiнің борышкердің тиісінше орындағанын өз мерзімінде қабылдамауы да, АК-ның 366-бабына сәйкес, борышкерді кінә принципіне де, келтіру принципіне де негізделген жауаптылықтан босатуға негіз болып табылады. Несие берушінің мерзімді өткізіп алғандығынан туындаған салдарлар үшін жауаптылықтан борышкер сол мерзім өте бастаған кезден бастап босатылады.

Әдебиет: 1, 2, 3, 4, 11, 13, 16, 17

Бақылау сұрақтары:

1. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптыл

ық ұғымы.

2. Міндеттемені бүзғандық үшін жауаптылықтың түрлері.

3. Субсидиялық жауапкершілік





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 4071 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...