Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 9 Меншiк құқығының пайда болуы және тоқтатылуы



Мақсаты: заттық құқықтардың әдiсi мен нысандары туралы түсiнiктi қалыптастыру, меншiк құқығын қорғау тәсiлiнiң заттық-құқықтық мәнiн ашу.

Жоспар:

1 Меншiк құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық

тәсiлдерi, ұғымы және жүйесi.

2 Меншiк құқығын қорғаудың заттық – құқықтық тәсiлдерi.

3 Меншiк құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың мiндеттемелiк –құқықтық

тәсiлдерi.

Әдебиеттер: Н.ә. – 1, б.82-83; 2, б.214; 3, б.216; 10,11,13,14

9.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шет ел компаниясымен жекешелендірілген кәсіп орындардың бірінің акциялар пакетін сату шартын жасасады. Шарт тиісті тәртіп бойынша жасалып, тараптардың қолы қойылады және брокермен куәландырылады. Шарттың орындалуын барысында шет ел компаниясының өкіліне акцияларға ие болу жөнінде куәлік беріледі, серіктестік өз есеп шотына барлық тиісті соманы түсіреді.

Бір жылдан соң акционерлердің кезекті жиналысына дайындық кезінде, акционерлер тізімінде әлі күнге дейін шет ел компаниясы емес, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік көрсетілгені анықталады. Серіктестіктің өкілі өз тарапынан акцияларға билік ету бойынша талап етілетін әрекеттін бәрін орындағанын, ал компанияның тізім ұстаушыға барып өзгертулер енгізуге тиіс екендігі мәлімдейді. Тізім ұстаушы бір жылдық ескілігі бар құжаттар бойынша тізімге өзгерістер енгізуден бас тартады.

Акцияларға құқық берілмегендіктен, мәміле жасалмаған болып санаулы тиіс деген оймен, шетел компаниясы оның төлеген бүкіл сомасын қайтаруды талап етеді.

Шет ел компаниясын талаптары заңды болып саналама?

Бақылау сұрақтары:

1 Меншiк құқығын тану

2 Меншiк иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етуі

3 Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1250 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...