Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқу пәнінің сипаттамасы



Берілген курс университеттің экономика мамандықтарының студенттерін даярлауда олардың математика бойынша фундаментальді білім алуына арналған. Сонымен қатар күнделікті практикалық есептерді шешу үшін математикалық ақпаратты қолдану дағдысын дамытуға жағдай жасайды. Курс математиканың келесі бөлімдерін қамтиды: математикалық анализ, аналитикалық геометрия, сызықтық алгебра.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Экономикадағы математика курсын жүргiзу барысында студенттердiң ойлау қабiлетiн арттыратыны, технологиялық процестерiн терең түсiнуге көмектесетiнi анық.

Экономикадағы математика курсы векторлық алгебра, сызықтық алгебра, аналитикалық геометриядан басталады. Одан кейiн математикалық анализ кiрiспесi, бiр айнымалы функцияның дифференциялдық есептеуi қосылады.

Сонымен бiрге бiр айнымалы функцияның интегралдық есептеуi, көп айнымалы функцияның дифференциялдық есептеуi, дифференциалдық теңдеулердiң бөлiгi және олардың экономика есептерiне қолданылуы қарастырылады.

Студенттердің берілген пәнді оқудағы негізгі мақсаттары:

- «экономикадағы математика» пәнін оқыту жоғары білікті экономистерді базалық дайындаудың талап етілетін деңгейіне сәйкес жүргізіледі;

- көрсетілген бөлімдер бойынша математиканың фундаментальды аппаратын игеру;

- практикалық және қолданбалы есептерді шеше білу;

- математика бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды кеңейту және терңдету;

- математикалық мәдениетті үйрену.

Курстың міндеттері: Пәнді оқып үйренудің негізі – жоғары кәсіптік білім берудің Мемлекеттік міндетті стандартында белгіленген талаптарды жүзеге асыру, экономика және экономикалық процесстерді басқару мәселелері бойынша мамандар дайындау.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білу қажет:

- математика нені зерттейтінін, математика әдістерін басқа ғылым
дамуындағы математика ролін, математикалық әдістерді қайда жэне қалай қолданатынын біледі;

- математикалық есептерді шешіп, практикада қолдана алады;

- пәннің барлық тақырыптарына байланысты есептерді шығара білу дағдысы бар.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 335 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...