Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жеке еңбек шарты. 1 страница



Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттерi:
жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты;
жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнiң) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi;
қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсiп бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзiмi;
4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегi немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайларында жұмыс iстегенi үшiн берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар; 6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi;
11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi;
12) тараптардың жауапкершiлiгi көрсетiлуге тиiс.
1-1. Жеке еңбек шартын белгiленген мерзiмге жасасқанда тараптардың осы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн өзара жауапкершiлiгi белгiленуi мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi бойынша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгiзiлуi мүмкiн.
3. Жұмыс берушi қызметкерден осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты атқаруды талап етуге құқылы емес. (Z030387 (16-бап 2-тармақ, 4) тармақша; Z050029 (29-бап қараңыз)
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 10-бап. Жеке еңбек шартының мерзiмi1. Жеке еңбек шарты:
1) белгiсiз мерзiмге;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделгендегiден басқа жағдайларда, бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап жасалған жағдайда ол белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуына байланысты бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалған жеке еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе және еңбек қатынастары iс жүзiнде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Жеке еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалатын қызметкерлер үшiн көзделген кепiлдiктер мен өтемақылар беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартын белгiлi бiр мерзiмге жасасуға тыйым салынады;
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзiмдiлiгiне немесе оны орындау шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкердi ауыстыру уақытына бiр жылдан кем белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
2. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, шарт белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.
3. Қызметкерге өтемақылар мен кепiлдiктердi беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартының белгiлi бiр мерзiмге жасалған фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 11-бап. Жұмысқа қабылдауға жол берiлетiн жас1. Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол берiледi.
2. Орта бiлiм алған не жалпы бiлiм беретiн оқу орнын тастап кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының немесе қорғаншысының, қамқоршысының келiсiмiмен жеке еңбек шартын жасаса алады.
3. Ата-анасының бiрiнiң (қорғаншысының, қамқоршысының) келiсiмiмен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкiн.
4. Ата-ананың (қорғаншының, қамқоршының) келiсiмi жазбаша нысанда (өтiнiш) берiледi, бұл орайда, ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) кәмелетке толмаған адаммен бiрге жеке еңбек шартына қол қояды.
5. Он сегiз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауiптi (өте қауiптi) жұмыстарға қабылдауға жол берiлмейдi. 12-бап. Жеке еңбек шартын жасасу1. Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемiнде екi дана етiлiп жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бiр данасы тараптар қол қойғаннан кейiн қызметкерге берiледi.
2. Жеке еңбек шартында көрсетiлген жұмыстың басталу күнi қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауының басталуы деп есептеледi.
Жеке еңбек шарты болмаған және (немесе) ол жұмыс берушiнiң тарапынан тиiстi түрде ресiмделмеген жағдайларда жеке еңбек шартының күшi жұмысқа нақты жiберiлген кезден басталады.
3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкердi жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға мiндеттi, ол қызметкерге қол қойғызылып хабардар етiледi.
4. Жеке еңбек шартын жасасу үшiн жұмыс берушi қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттарды, жеке басының куәлiгiн (төлқұжатын), әлеуметтiк жеке кодының берiлгенi туралы куәлiктi, он алты жасқа толмаған адамдар үшiн тууы туралы куәлiгiн, бiлiмi немесе кәсiби даярлығы туралы құжатты, және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. 5. Қызметкердiң бiрнеше жұмыс берушiмен жұмыс уақыты ұзақтығының толық болмауы көзделетiн жеке еңбек шартын жасасуға құқығы бар.
6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын ұйымның меншiк иесi не меншiк иесi уәкiлдiк берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасасады.
7. Жеке еңбек шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу оны жасасу үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 13-бап. Қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттарҚызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар: еңбек кiтапшасы (ол бар болған жағдайда), жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың үзiндiсi немесе ұйымның басшысы (жұмыс берушi) куәландырған (қол қойған) не нотариатта куәландырылған қызметтiк тiзiмi (қызметкердiң жұмыс, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi) болып табылады.
Еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды жүргiзу және сақтау тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 14-бап. Жұмыс туралы және жалақы мөлшерi
туралы құжаттар беруҚызметкердiң, оның iшiнде бұрынғы қызметкердiң өтiнiшi бойынша жұмыс берушi оған бес күн мерзiмнен кешiктiрмей оның мамандығы, бiлiктiлiгi, қызметi, жұмыс уақыты мен жалақысының мөлшерi көрсетiлген анықтаманы, қызметкердiң бiлiктiлiгi мен оның жұмысқа көзқарасы туралы мәлiметтер жазылған мiнездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жұмыс туралы басқа да құжаттарды беруге мiндеттi. 15-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сына1. Жеке еңбек шартын жасасу кезiнде қызметкердiң оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатында тараптардың келiсiмiмен сынақ өткiзiлуi мүмкiн.
2. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында көрсетiлуге тиiс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледi.
3. Сынақ кезеңiнде қызметкерлерге осы Заңның нормалары, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптары қолданылады.
4. Сынақ мерзiмiн үш айдан асыруға болмайды.
Қызметкер дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi 16-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтың нәтижесi1. Тараптардың бiреуi сынақ мерзiмi бiткенге дейiн жеке еңбек шартын жазбаша түрде бұзуға құқылы, бұл орайда жеке еңбек шарты хабарландырылған кезден бастап бұзылды деп есептеледi.
2. Жұмыс берушi қызметкердi сынақ мерзiмi бiтпей тұрып жоғары қызметке тағайындаған жағдайда қызметкер жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтан өткен болып есептеледi.
3. Егер сынақтың мерзiмi бiтiп, тараптардың ешқайсысы екiншi тарапқа жеке еңбек шартын бұзу туралы хабарламаса, шарт одан әрi қолданылады және оны жалпы негiздерде ғана тоқтатуға жол берiледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 17-бап. Басқа жұмысқа ауыстыру Бiр ұйымда басқа жұмысқа, не ұйыммен бiрге басқа жерге ауыстыруға, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi. 18-бап. Қызметкердi басқа жұмыс орнына ауыстыруҚызметкердi сол ұйымдағы басқа жұмыс орнына, сол жердегi басқа құрылымдық бөлiмшеге ауыстырған ретте, жеке еңбек шартында келiсiлген мамандық, бiлiктiлiк немесе қызмет шегiнде басқа механизмдегi немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға, егер бұл жеке еңбек шартының талаптарын өзгертуге әкеп соқпаса, қызметкердiң келiсiмi талап етiлмейдi.
Жұмыс берушi қызметкердi оның денсаулық жағдайы жарамайтын басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы емес.
Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 19-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруi1. Ұйымдарда өндiрiстiң өзгеруiне және жұмыс берушiдегi жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты сол кәсiп (мамандық), бiлiктiлiк, қызмет бойынша жұмысты жалғастыру кезiнде еңбек



67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.

Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері

Жүмыс уақыты — қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45-бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптар-дың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, деген-мен бұл уақыт нақты жұмыс істелген уакытпен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз — жұмыс уакытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке ақы төлеу нақты жұмыс істелген уакытқа төленеді.

2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке сәйкес жұмыс уакыты-ның қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағат болып белгіленген қызметкерлер үшін жүмыс күнінің ұзақтығы:

5 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 8 сағаттан;

6 күндік жұмыс аптасында — 5 күн — 7 сағаттан, ал бір күн — 5 сағаттан болып белгіленген (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 05 — 2 (8008 хаты).

Қысқартылған жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының қысқар-тылған ұзақтығы кызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағ-дай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жеткіншектерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақса-тында белгіленген. Енбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жүмыс уақытыньің қысқартылған ұзақтығы:

1) 14 жастан 16 жаска дейінгі қызметкерлер үшін — аптасы-на 24 сағаттан, яғни 6 күндік жүмыс аптасында күніне 4 сағат-тан, ал 5 күндік жүмыс аптасына — 4 күн — 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан; 16 жастан 18 жасқа дейін — аптасына 36 сағаттаң, яғни 6 күндік жүмыс аптасында — күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында — 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн — сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиян-ды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін — аптасына 36 са-ғаттан аспайтын болып белгіленеді.

Ауыр денене жұмыстары деп қызметкердің ауыр заттарды қолымен көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметтерінің түрлері не 300 ккал (сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстарды айтады. Зиянды (әте зиян-ды) еңбек жағдайларына белгілі бір ондіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс кабілеті төмендеуіне немесе ауруына, оның ұрпақтарыныңденсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) — белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не онын қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретін ондірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (неме-се) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардыңтізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Толық емес жүмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқушылардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы бас-қа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қыс-қартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс күнінің айырма-шылығы мынада: егер алғашқысында жұмыс күні жалақы азай-май қысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде қызмет-кер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.

Толық емес жұмыс уақыты жағдайында жүмыс істеген қызметкерлердің еңбек құқыктарының көлемі ешқандай шектелмейді.

Түнгі уақыттағы жүмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уакыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уакыты-нын кемінде 50 пайызы түнгі уакытка келетін ауысым түнгі ауысымға жатады (Қазақстан Республикасы Еңбек және ха-лыкты әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 10 желток-сандағы № 493 бұйрығымен бекітілген «Кызметкерлердің еңбегіне акы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулардын» 20-тармағы).

Жүкті әйелдерді түнгі уакытта жұмыс істеуге тартуға олар-дың келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 жаска толмаған адамдар мен түнгі уакытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық корытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.

2 тақырып. Жүмыс уақытының режімі

Еңбек заңдары бойынша жұмыс аптасының екі түрі белгіленген. Олар қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы және бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзактығы жұмыс берушіні актісімен немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескерту және жұмыс аптасының белгіленген ұзақты-ғын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді.

Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу ыңғайсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталык норма 40 сағат болғанда — 7 сағаттан аспауға, апталык норма 36 сағат болғанда — 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда — 4 сағаттан аспауға тиіс.

Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын енбек неме-се ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді.

Белгіленген есепті кезеңдегі жұмыс уақыты мен демалыс уақытының арақатынасын жүмыс уақытының режімі дейді. Жұмыс уакыты режімінің негізгі элементтері мыналар: апта-дағы жұмыс күндерінің саны, күнделікті жұмыстың басталуы мен аякталуы, жұмыс ауысымдарының үзақгығы мен алмасуы. Жұмыс уақытының режімі жұмыс аптасының түріне байланысты.

Жұмыс ауысымы дегеніміз — еңбек туралы зандарда, ұжым-дық шартта немесе жеке еңбек шартында белгіленген кесте бойынша бір тәулік аралығында кызметкердің еңбек міндет-терін атқаратын күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы.

Жұмыстың басталуы мен аяқталу уакыты жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.

Егер ұйымда, кәсіпорында екі немесе одан да көп ауысым белгіленген болса, онда жұмыс уақытының режімі жұмыс кестесі арқылы реттеледі. Ауысымды жұмыс кезінде қызмет-керлердің әрбір тобы жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығы бойынша жұмыс істеулері тиіс.

Кызметкерлер ауысым кестесі бойынша тең мөлшерде кезектесіп отырады. Бір ауысымнан екінші ауысымға көшу жұмыс ерекшелігі мен еңбек ұжымының пікірі ескеріле оты-рып, жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесімен белгіленеді.

Кызметкерді қатарынан екі ауысымға жұмысқа тағайын-дауға заң тыйым салады. Ауысым кестесі қызметкерлерге кемінде кестелер күшіне енбестен бір ай бұрын хабарландыры-лады.

Кызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық, жеке бас қажет-тіліктерін және өндіріс мүдделерін ескеріп, тараптардың келісімі бойынша ұйымда (кәсіпорында) жылжымалы жұмыс кестесін белгілеуге болады, бұл кесте бескүндік, алтыкүндік жұмыс аптасы, сондай-ақ жұмыс режімінің басқа да түрлері енгізілген экономика саласының барлық кәсіпорындарында (ұйымдарында) қолданылуы мүмкін.

Жылжымалы жұмыс кестесін белгілеген ретте жұмыс уақытының бір тәуліктегі ұзақтығы 10 сағаттан, ал қызмет-кердің кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) ауысым басынан аяғына дейін болған уақытының жалпы жиынтығы 12 сағаттан аспауы керек.

Жылжымалы жұмыс кестесі белгіленген ұйымда 40 сағат-тықжұмыс аптасына шаққандағы қызметкердің жұмыс уакыты-ның жылдық балансы сақталуы тиіс.

Өндірісте жұмыс уақытын реттеудің басқа да әдістері кол-данылуы мүмкін. Мысалы, негізгі кәсіпорыннан шалғайда орналасқан құрылымдардағы (учаскелер, цехтар, бөлімдер) жұмысты кезекті ауысым әдісі аркылы ұйымдастыру қазіргі кезеңде тиімді болып отыр. Вахталық әдіс қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты жеріне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкін болмайтын, олардын тұрақты тұратын жерінен тыс жерде еңбек процесін жүзеге асыруының айрықша нысаны болып табылады. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істеуге тартылатын қызметкерлерді жұмыс жүргізу объекті-сінде болған кезенінде олардың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тұрғын үймен, жүмыс орнына апару мен қайтаруды камтамасыз етеді, сондай-ақ жүмыстарды орындау мен ауысым арасында демалу үшін жағдайлар жасайды. Объектідегі жұмыс-ты орындау мен вахталық поселкедегі ауысым арасындағы де-малыс кезеңі күнтізбелік он бес күннен аспауы керек. Жұмыс беруші жекелеген объектілерде вахтаның ұзақтығын ерекше жағдайларда ұйым қызметкерлерінің өкілдерімен келісім бо-йынша 30 күнтізбелік күнге дейін белгілей алады. Жұмыс ауысымының ұзақтығы бұл реттерде 10-12 сағатқа созылады, өтем ретінде артық істелген жұмыс уақыты үшін бригадаға қосымша демалыс күндері беріледі.

3 тақырып. Жүмыс уақытының есебі, оның түрлері

Еңбек заңдарында жүмыс уақытын есептеудің екі түрі белгіленген. Бүлар күндік және жиынтық есептеулер. Жұмыс уақытының күндік есебі бойынша бір тәуліктегі жүмыс саға-тының саны занда белгіленгендегіден артық болмауы керек. Жүмыс уақытын есептеудің бұл түрінің ерекшелігі — бір күнгі артық істелінген уақытты екінші күннің есебіне косып, сонша уақыт кем жүмыс істеуге болмайды. Күндік есептеу жұмыс уақыты есебінің ең көп тараған түрі.

Жұмыстың кейбір түрлерін өз ерекшеліктеріне қарай күнмен есептеу мүмкін емес. Өндіріс (жүмыс) жағдайлары бо-йынша қызметкерлердің белгілі бір санаты үшін белгіленген апта сайынғы жүмыс уақытының сақталуы мүмкін емес, үздіксіз жүмыс істейтін үйымдарда, жекелеген өндірістерде, цехтарда, учаскелерде, бөлімшелерде және кейбір жұмыс түрлерінде есепті кезең ішінде жүмыс уақытының ұзақтығы аптасына еңбек заңдарында белгіленген қалыпты жұмыс са-ғаттары мерзімінен аспауға тиісті жағдайда жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізуге жол беріледі. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс берушінің актілерімен айқындалады және үжымдық шартпен белгіленеді. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күні немесе жұмыс аптасы сағаттарынын нормасынан артық немесе кем болуы мүмкін. Жұмыс уақытынын жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектегі кезең есепті ке-зең болып танылады. Есепті кезең ретінде айды, тоқсанды, мау-сымды немесе бір жылды алуға болады.

Жұмыс уақытының жиынтық есебі жұмыстың вахталық әдісі кезінде ай, тоқсан немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішінде белгіленеді. Есептік кезең бүкіл жұмыс уақытын, ұйымның орналасқан жерінен немесе жиналатын жерден жұмыс істейтін жерге дейінгі жолдағы және кері қайту жолындағы уакытты, сондай-ақ белгілі бір күнтізбелік уақыт бөлігіне тиесілі демалыс уақытын қамтиды. Бұл орайда есептік кезең ішіндегі жұмыс уақытының жалпы ұ Еңбекті қорғау» тақырыптық бағыты кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының еңбекті қорғау мен халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі саласындағы басшылары мен мамандарына арналған маманданырылған басылымдар шығарады.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 2257 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.058 с)...