Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының қаржылық құқығы құқық саласы ретінде



қаржылық құқық – мемлекетпен ақшалық жүйесінің қалыптасу барысында және олардың бір қалыпты жұмыс істеулерін қамтамасыз етуде пайда болатын, сонымен қатар мемлекеттік ақшалық қорлардың пайдаланудағы ұйымдастыру, бөлу қалыптасу процессінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес.

Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.

Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни «Шартты – демек қаржылық-құқықтық емесе» деген принцип қолданылады. Барлық мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс. Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің саласымен сай келеді және керісінше.

Қаржылық құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтың актілері болып табылады.

Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық өатынастарды құқықтық реттеуде І-кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары, және заңастылы актілері маңызды ролі атқарады жалғастырып келеді. Қаржы Министрлігінің, мемлекеттік табыс Министрлігінің, ал кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк актілерімен яғни ведомствовалық құқықтық актілер арқылы құқықтың реттеу тәжірибесі қолданылады.

Қазіргі уақытта экономика да, қоғам тұттасымен де бірқалыпта жұмыс атқара алмайтын еліміздің ақшалық жүйесінің мемлекет қаржылық заңдар жинағымен анықтайды.

Қаржылық құқықта құқықтың реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

Өзінің құқықтың түрі бойынша қаржылық қатынастар келісімсіз (бұйрықты тәсіл қолдану салдарынан) және келісімді (келісімді тәсіл қолдану салдарынан) қатынастар.







Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 1797 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.024 с)...