Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жеке еңбек шарты. 2 страница



Басылымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен басқарудың, объектіде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, әлеуметтік және міндетті сақтандырудың, медициналық тексерулер мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің, қызметкерлерді арнаулы тағаммен, арнаулы киіммен, арнаулы аяқкиіммен және жеке қорғанудың өзге де құралдарымен қамтамасыз етудің, еңбек заңнамасы нормаларын, санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды сақтау, еңбекті қорғауды басқару жүйелерін басмқаруды жетілдірудің, өндіріске қауіпсіз техникалық және технологиялық тиімді шешімдерді енгізудің, заманауи қауіпсіз жабдықтардықолданудың, сондай-ақ отандық және шетелдік кәсіпорындар мен ұйымдар тәжірибесінің іс-тәжірибелік мәселелері қарастырылады.

«Еңбекті қорғау» тақырыптық бағытының журналдары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық есендігі, әлеуметтік, міндетті сақтандыру, әлеуметтік әріптестік пен қоршаған ортаны қорғау саласын реттейтін нормативтік құжаттардың мәтіндерін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитеті, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті, басқа да министрліктер мен ведомстволардағы жетекші мамандардың түсіндірмелерін, сондай-ақ оқырмандардың сұрақтарына берілетін жауаптарды келтіреді.



68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.

Еңбек Тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория.[1] Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады. Еңбек төртібі сендіру жөнө мәжбцрлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін колдану кызметкерлердің өкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны кетермелеу шаралары болып табылады. Мәжбүрлеу әдісі сендіру әдісі қажетті нәтижелерге қол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзға ны үшін қолданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.

Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:

еңбек жарақатына жол бермейтін техника кауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу

қызметкерлердің көсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ету

қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өртке қарсы сақтану жөніндегі барлық талаптарды орындауын бақылайды.

Жұмыс беруші еңбектегі табыстары үшін қызметкерлерді көтермелеудің әр түрлі нысандарын қолдана алады. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі жәке еңбек, ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілері арқылы анықталады. Бұл — бағалы сыйлықпен марапаттау, сыйақы беру, алғыс жариялау және басқалары болуы мүмкін. Көтермелеу туралы шаралар деректері еңбек кітапшасына жазылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңында мемлекеттік қызметкерлерді адал еңбегі үшін көтермелеу шаралары көзделген. Мөселен, қызмет міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыста басқа да жетістіктерге қол жеткізгені үшін мемлекеттік қызметкерлерге мынадай көтермелеу шаралары қолданылады:

жоғары қызмет алу жолымен қызмет бабында көтерілу немесе кезекті біліктілік сыныбын мерзімінен бұрын беру

ақшалай сыйлыктар

заңда көзделген көтермелеудің өзге де нысандары.

Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде және тәртіп туралы жарғыларда көзделген көтермелеу шараларынан басқа қызметкерлер айрықша еңбек қызметі үшін жоғары тұрған органдарга көтермелеуге, Қазақстан Республикасының ордендерімен, медальдарымен, құрметті атақтарымен, құрмет грамоталарымен марапаттауға ұсынылады. Мәселен, білім беру мекемелерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін өңірге тағатын "Қазақстан Республикасының білім озаты" белгісімен марапаттау көзделген. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы" арнайы заңында республиканың жоғары марапаттарына ұсынылған азаматтарды марапаттаудың тізбесі мен реті беріледі.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

Лауазым иелері еңбек тәртібін бұзғаны үшін бағыныштылық тәртібімен жауап береді. Лауазым иелерінің кейбір топтары олардың атқарып отырған қызметінің айрықша сипатына байланысты бағыныштылық тәртіппен еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана емес, оның қадір-қасиетімен сыйыспайтын теріс қылықтары үшін де заңда көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Тәртіптік теріс қылықтардың өзіне тән негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

нақты кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібін коғамдық қауіпті емес сипатта бұзу

осы кәсіпорынмен (ұйыммен) еңбектік құқықтық қатынастарда тұратын қызметкерлер жасайтын тәртіп бұзушылықтар

қызметкерлердің өздерінің еңбек міндеттерін құқыққа қарсы және кінәні орындамауларынан көрінетін тәртіп бұзушылықтар

кінәлілікпен құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің арасындағы себепті байланыстар.

Жұмыс беруші еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни қызметкердің өзіне тапсырылған еңбек міндеттерін орындамағаны немесе ойдағыдай орындамағаны үшін тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға қүқықты:

ескерту

сөгіс

жеке еңбек шартын бұзу.

Тәртіптік жазалардың бұл көрсетілген тізімі толық болып табылады. "Еңбек туралы" Заңның 94-бабының 2-тармағында осы заңда көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді деп нақты айтылған.

Жұмыстан шығару еңбек тәртібін қасақана бұзатын және тәртіптік шаралар ықпалына көнбейтін қызметкерлерге қолданылатын ең ақырғы шара болып табылады. Жұмыстан шығару туралы еңбек кітапшасына жазылады. Жазалаудың өзге шаралары еңбек кітапшасына жазылмайды. Жұмыс берушіге тәртіптік жазалау қолдануға құқық берілген. Жұмыс беруші тәртіптік жазалауды қолданған кезде жасалған теріс қылыктың ауырлық дәрежесін, оның қандай жағдайда жасалғанын, қызметкердің бұдан бұрынғы мінез- құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртіптік жазаның жасалған теріс қылыққа сәйкестігін ескеруі керек.

Материалдық жауапкершілік — еңбек құқығы бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы бір-біріне келтірген зиянды өтеу міндеті. Жұмыскерге келген зиян жұмыс барысында жарақат алудың, денсаулықтың зақымдануының, нашарлауының салдарынан еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқандықтан алып жүрген табысынан және емделуге жұмсаған шығындарынан тұрады. Өз кезегінде еңбек шарты бойынша жауапкершілігіне алған мүліктің заңсыз, басқа біреудің иелігіне кетуі, талан-таражға түсуі немесе бүлінуі бұл шығынды жұмыскердің өтеуіне апарып соқтырады. Өтемнің көлемі нақты жағдайдың мәнісіне, жұмыскердің қаншалықты кінәлі екендігіне қарай анықталуы мүмкін.
Азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін мынадай жауапкершілік түрлері бекітілген:

құқығы бұзылған тараптың залалдарын өтеу,

айып төлеу,

кепілпұл сомасын төлеу,

моральдік зиянның орнын толтыру.

Кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірім біреуге зиян келтірсе, оны өз есебінен өтеуге міндетті, алқаражаты болмаса не жетпесе, қосымша жауапкершілікке ата-анасы тартылады. Борышкер адам еркінен тыс күштердің салдарынан міндеттемені орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдеген жағдайда ғана жауапкершіліктен босатылады. Б. Базарбаев

Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптік жаза қолданудан көрініс табады.Тәртіптік жауапкершілікке еңбек тәртібін бұзған жағдайда (себепсіз жұмысқа келмеу, еңбектік міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) еңбек шартымен жұмыс істеп жүрген еңбеккер тартылады. Мемлекет қызметкерлер үшін лауазымдық өкілеттілік шегінен шығу мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау да тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Тәртіптік жазаның ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметінен босату сияқты түрлері бар. Мемлекет қызметшіге бұларға қоса тәртіптік жаза ретінде қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілуі мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылмас бұрын еңбеккерден жазбаша түсініктеме алынады және тәртіп бұзушылықтың деңгейі, оны жасау кезіндегі мән-жайлар және еңбеккердің біліктілігі мен мінез-құлқы ескерілуге тиісті. Бір тәртіп бұзушылыққа бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық немесе қаулы еңбеккерге жарияланады. Мұндай бұй-рық немесе қаулыны шағымдау тәртібі еңбек заңнамасында белгіленген. Кейбір қызметкерлер санатына қызмет ерекшелігіне орай тәртіп жарғысына сәйкес арнайы тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.



69.Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қамсыздандыру.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе – жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерін және жинақталған қаражатты есепке алуды жүзеге асыруға қажетті және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оны рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз етілуі;

2) аффилиирленген тұлғалар – тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;

3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

4) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:

ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;

ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие Қазақстан Республикасының резиденті —жеке тұлға немесе заңды тұлға (мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);

5) әлеуметтік жеке код – азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;

6) бақылау – бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол:

бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;

бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;

бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын;

бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;

7) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

8) баспасөз басылымы – тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;

9) әртараптандыру – зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес әртүрлі қаржы құралдарына орналастыру;

10) еншілес ұйым – өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;

11) ең төменгі зейнетақы – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері;

12) ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

13) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

14) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;

15) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша қызметкерлердің пайдасына Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

17) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;

18) жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;

19) жинақталған зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;

20) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны – жинақталған зейнетақы қаражатының мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген номиналды құны;

21) жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

22) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу – заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;

23) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

24) зейнетақы – Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

25) зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

26) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

27) зейнетақы төлемдері:

Орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға еңбек стажына тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;

жинақтаушы зейнетақы қорларынан – алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;

28) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;

29) зейнетақы аннуитеті шарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;

30) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – бір тараптан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші тараптан салымшы және (немесе) алушы жасасатын зейнетақы жарналарымен, жинақталған зейнетақы қаражатымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;

31) инвестициялық декларация – зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылатын және инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;

32) инвестициялық кіріс – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;

33) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

33) инвестициялық портфель – зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары жиынтығы;

34) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

35) кастодиан банк – бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын банк;

36) кастодиандық шарт – кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;

37) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен соң берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

38) міндетті зейнетақы жарналары – осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;

39) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 1189 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.086 с)...