Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық теңіз құқығы



1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен қайнар көздері

2. Теңіз кеңістіктерінің түрлері және олардың құқықтық статусы

3. Каспий теңізі құқық статусының айқындау проблемалары

1. Халықаралық құқық теңіз құқығы дегеніміз – халықаралық құқық үлкен саласы, ол мемлекеттің әлемдік мұхит кеңістіктерімен ресурстарын игерумен байланысты қатынастарды айқындайтын халықаралық құқық принциптерімен нормалардың жиынтығы.

ХУ ғ. ортасына дейін теңіз кеңістіктері пайдаланумен байланысты мемлекетаралық қатынастарды көбінесе халықаралық әдеп ғұрып ережелерімен реттеліп келген.

Халықаралық құқық теңіз құқығы саласындағы негізгі халықаралық құжаттар БҰҰ өткізген бірінші, екінші, үшінші және төртінші халықаралық теңіз құқығы жөнінде қабылданды.

1. 1958 ж. аймақтық теңіз және іргелес аймақ жөніндегі конвенция

2. ашық теңіз жөніндегі конвенция

3. Балық аулау және ашық теңіз тірі ресурстарын қорғау жөніндегі конвенция

4. Континенттік қайраң, шельф жөніндегі конвенция

1960 ж. ІІ конференция өтті.

1973 ж. ІІІ конф. өтті – 1982 ж. дейін осы уақытта:

1. Халықаралық теңіз құқығы жөніндегі 1982 ж. Конвенция

2. Мұнай мен ластаудың азаматтық жауапкершілігі; 1969 ж.

3. Кемелердің теңізді уақыттауын жою Конвенция 1978 ж.

теңіздегі адам өмірін құтқару жөніндегі конвенция 1972 ж. (40 астам бар).

2. Халықаралық теңіз кеңістіктерінің келесі түрлері бар:

1. Ішкі теңіз сулары

2. Аймақтық теңіз

3. Ашық теңіз

4. Іргелес аймақ

5. Континенттік қайраң

6. Экономикалық аймақ

7. халықаралық бұғаздар

8. Архипелактық сулар

9. теңіз каналдары

10. теңіз түбінің халықаралық ауданы

Ішкі теңіз сулары дегеніміз – теңіз жағалауы бар кез-келген мемлекет аймағының құрамдас бөлігі.

Ішкі теңіз сулары ұғымына аймақтың, теңіздің енін есептеуге алынған мемлекеттер жағасында және түзу негізгі сызықтарымен орналасқан сулар жатады, сонымен қатар ішкі теңіз суларына теңіз порттарының акваториялары және барлық жағалаулары, теңіздің шығанақтары жатады.

Аумақтық теңіз дегеніміз – жағалаудағы мемлекеттің ішкі суларына немесе аймақтық құрлығына жанасатын екі 12 теңіз ішіне дейінгі теңіз белдеуі. Аумақтық теңіз сулар құқық жағдайы ішкі мемлекеттік заңдармен қатар халықаралық актілермен де реттеледі. (1982 ж. «теңіз құқығы» бойынша БҰҰ конвенциясы).

Халықаралық құжаттарға сәйкес аймақтық теңіз суларында басқа шетелдік мемлекеттің кемелерінің бейбіт өту құқығы бекітілген.

Ашық теңіз дегеніміз – аймақ суының сыртқы шекарасында орналасқан теңіз және мұхит кеңістігі. 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенциясына сәйкес (1 бап) ашық теңіз дегеніміз – аймақтың су мен кез-келген мемлекеттің ішкі теңіз суларына енбейтін теңіздің барлық бөлігі. Ашық теңіз барлық мемлекеттер үшін ашық ешқандай мемлекет оның кез-келген бөлігін өз егемендігіне бағындыруды талап етуге құқылы емес. Ашық теңіз бостандығы принципі.

1. кеме қатынасының бостандығы

2. балық аулау бостандығы

3. суасты кабельдерді және құбырлар қондыру бостандығы

4. ашық теңіз үстінен ұшу бостандығы

Іргелес аймақ дегеніміз – аймақ суына жанасып жатқан аудан. Іргелес аймақ дегеніміз – аймақ суы енінің бастапқы сызығын есептегенде 24 т. мильден аспайтын екі бар және аймақ суына жанасып жататын, ашық теңіздің бөлігі болып табылады, сол бөліктің шегінде жағалау мемлекеттерде жеке арнайы қарастырылған саналар бойынша бақылау жүргізу құқығын беретін теңіз ауданы.

Континенттік қайран (шельф) дегеніміз – теңіз түбі тігінің кенеттен ұлғайып белгіленетін жағалау сызығын тереңдігіне дейін жаналып жататын материктер айналасындағы суасты жазығы.

Айрықша экономикалық аймақ дегеніміз – аумақ суы және аумақ суының енінен өлшенетін сызықтан бастап, екі 200 т. миль есептегендегі аудан. Айрықша экономикалық аймақ мемлекеттің территориясына кірмейді және оған халықаралық құқықтар мен ерекше құқық жағдай бекітіледі.

Теңіз түбінің халықаралық ауданы дегеніміз – адамзаттың жалпы мұрасы болып табылады. Конвенцияның (1982 ж.) 136 бабына сәйкес континенттің қайраннан тыс ауданы түбінің халықаралық ауданы болып табылады.

Архипелактік сулар дегеніміз – архипелаг мемлекеттің төңірегін теңіздің басқа бөлімдерінен түзу негізгі сызықтармен шекараласатын, архипелагтың теңіздегі ең алыстатылған аралдары нүктесімен кебул теңіз жартастағы құрамына кіретін аралдар арасында орналасқан сулар.

Теңіз каналдарының құқық мәртебесі теңіз каналдар дегеніміз – теңіз жолдарының ұзындығын қысқарту үшін теңіз кеңістігін қосатын жасанды су жолдары.

Каспийдің құқық мәртебесі анықтауда екі проблема бар:

1. Каспийдің теңіз деп атау үшін теңіз мұхитпен жанасуы тиіс.

2. саяси мәселелер

Бұл проблемаларды шешудің үш жолы қарастырылған.

1. халықаралық құжаттарын енгізу

2. к-ні арқылы каспийді көл деп қарастыру. Әр мемлекет өз бөлімде жұмыс жасайды.

3. кооперация, кардаминимум





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 3645 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...