Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық адам құқығы



1. Адам құқығы – халықаралық құқық саласы ретінде

2. Адам құқығы туралы халықаралық актілер

3. Адам құқықтары мен бостандықтар қоғамдағы БҰҰ жұмысы

1. Адам құқығы халықаралық құқық саласы негізгі азаматтық саяси экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен адам бостандықтарын қалыптастыратын нормалардың жиынтығы және адамның жеке құқықтары мен бостандықтарын дұрыс орындауын қамтамасыз ететін (сақталуын құқықтық ұйымдастыру механизімдері).

Адам құқығы дегеніміз – адам мен азаматтың бостандықтарын бекітетін, оларды сақтау мен орындалуын қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормалардың жиынтығы.

Адам құқығы халықаралық салаларының бірі. Халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі ретінде қалыптасты.

Адам құқығы саласының ерекшелігі төмендегідей:

1. Адам құқықтары бостандықтары бұзылған жағдайда халықаралық қауымдастығы мемлекеттің ішкі жұмыстарына араласу құқына ие болады. Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқықтары алғаш рет келесі актілерде бекітілді.

1. 1215 жылы Ұлы бостандық Хартиясы

2. құқықтар туралы Биль (свод официальных документов 1689 г)

3. 1776 ж. егемендік декларациясы

4. құқықтар туралы Биль және адам мен азаматтың құқықтары туралы декларация

2. БҰҰ Жарғысында адам құқығы туралы ережелер толықтыру болып келетін халықаралық құқықтар келесі:

1. адам құқығының жалпы декларациясы

2. адам құқықтары туралы 1-ші және 2-ші ПАКТ және осыған қосымша 2 факультативті хаттама.

Адам құқықтарының жалпы декларациясы БҰҰ Бас ассамблеясының 1948 ж. 10 желтоқсанында қабылданды. Осы күн адам құқығы күні деп аталды. Осы құжатқа сәйкес адам құқықтарымен бостандықтарын келесі топқа бөлуге болады.

1. азаматтың және саяси құқық

2. әлеуеметтік және экономикалық құқық

3. мәдени құқық

Декларацияда бостандық пен теңдік туғанын, ар-намысын құрметтеу, өмір сүру құқығы және бас бостандығы құқығы және тағы басқа құқықтар бекітілген.

Декларацияның 6, 13-21 баптарында азаматтың және саяси құқықтар мен бостандықтар 22-28 баптарда әлеуметтік және экономикалық құқықтар бекітіледі.

3. БҰҰ құрылғаннан бастап мемлекеттердің адам құқығын қорғаудағы ынтымақтастығын реттейтін негізгі халықаралық орталық болып тұр. БҰҰ жұмысы шеңберінде адам құқығы жөнінде 40- астам халықаралық құжаттар қабылданды. Олардың ішінде 1948 ж. қабылданған адам құқығының жалпы декларациясы.

Адам құқығын қорғау жұмысн атқаратын негізгі органдар келесі.

1. БҰҰ бас ассамблеясы

2. адам құқығы БҰҰ Жоғарғы полемесары.

3. экономикалық және әлеуметтік кеңес

4. ОБСЕ

5. МОСТ (международный орган труда)

6. ЮНЕСКО





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 2353 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...