Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БҰҰ әмбебап халықаралық ұйым ретінде



1. БҰҰ- құрылуы тарихы мен мақсаты

2. БҰҰ негізгі органдары

3. БҰҰ қосымша органдары

БҰҰ-ең беделді, әлемнің тағдырына жауап беретін әмбебап халықаралық ұйым болып табылады. 1943 жылы 30 қазанда Ұлы Британия КСРО Кеңес одағының АҚШ-тың сыртқы істер министрліктерінің конференциясында әмбебап халықаралық қауіпсіздік ұйымын құру керектігі туралы шешім қабылдаған. Осы шешім жалпыға бірдей қауіпсізідік туралы декларацияда бекітілген. Әмбебап халықаралық қауіпсіздік ұйымын құруға байланысты түбегейлі шешім 1945 жылдың маусым айында Сан-Франсиско қаласында қабылданды. Осы жерде болған конференцияның нәтижесінде БҰҰ Жарғысын 50 мемлекет қабылдады.

1945 жылы 24 қазанда Жарғы заңды күшіне енді, сондықтан осы күні БҰҰ күні болып аталады.

БҰҰ Жарғысында оның мақсаттары бекітеді:

1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау

2. мемлекеттердің арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды қорғау

3. Әр түрлі саладағы пайда болған проблемаларды шешу, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту

БҰҰ органдарын 2 топқа бөлуге болады:

1. негізгі органдар

2. қосымша органдар

БҰҰ Жарғысының 7 бабына сәйкес негізгі органдар келесі:

1. Бас Ассамблея

2. қауіпсіздік кеңес

3. халықаралық сот

4. экономикалық және әлеуметтік кеңес

5. қамқорлық кеңес

6. секретариат

БҰҰ қосымша органдарының саны 300 астам.

БҰҰ Бас Ассамблеясы өз қызметін атқару үшін қанша қосымша керек етсе, сонша қосымша орган құрылуына құқылы.

Бас Ассамблея БҰҰ мүше мемлекеттердің барлық өкілдерден тұратын осы әмбебап ұйымның басты органың бірі болып табылады.

БҰҰ Жарғысына сәйкес 10 бап, ол қауіпсіздік кеңесінің уәкілеттілігіне жататын барлық мәселелрді қарастыра алады. Бас Ассамблея қауіпсіздік кеңесінің, экономикалық және әлеуметтік кеңесінің тұрақты емес мүшелерді сайлайды. Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысы бойынша БҰҰ Бас хатшысын сайлайды, ал қауіпсіздік кеңесімен бірігіп халықаралық соттың мүшелерін сайлайды. Бас Ассамблеяның сессиялары жылына бір рет өткізіледі. Әр бір мемлекет өзінің территориясының көлеміне, тұрғындарының санына, саяси беделіне қарамастан Бас Ассамблеясының сессиясын бір дауысқа ие. Бас Ассамблеяның ресми және жұмыс түрлері 6-ы бар.

БҰҰ маңызды органдарының бірі болып қауіпсіздік кеңесі болып табылады. Ол 15 мүшеден тұрады. Тұрақты мүшелері 5- бар.

1. Ұлыбритания

2. Қытай

3. Ресей федерациясы

4. Америка құрама штаттары

5. Франция

Тұрақты емес мүшелері 10. олар:

Бас Ассамблея 2 жылға, жылына 5 мемлекеттен сайланып отырады. Таңдау кезінде осы мемлекеттің БҰҰ-ң жүргізген бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі есепке алынады және әділетті географиялық принципке еске алынады. БҰҰ Жарғысының 24 бабына сәйкес халықтың кеңесіне халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтау міндеті жүктелмек. Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары БҰҰ барлық мүшелеріне міндетті (мысалы, агрессор мемлекетке қатысты күш қолдану немесе қолданбау мәселесі бойынша шешім қабылдайды және халықаралық санкцияларының басқа да түрлерін қолдану мәселелерін шешеді). Қауіпсіздік кеңесі оның әскери штаттық комитеті БҰҰ қарулы күштеріне стратегиялық басқару жүргізеді. Қауіпсіздік кеңесі дауыс беру оның бес тұрақты мүшесін бір дауыстылау принципіне негізделген. Бір мәселе шешім қабылдау үшін оның 15 мүшесінің 9-ң дауысы қажет, 6 сұрақты мүшелерінің бірі қарсы дауыс берсе шешім қабылданады.

3. Халықаралық сот екі негізгі функция атқарады;

1. Мемлекеттердің арасындағы халықаралық дауларды шешу

2. БҰҰ органдарымен оның арнайы мемлекеттеріне құқық мәселелр бойынша кеңес (консультация) береді.

4. Экономикалық және әлеуметтік кеңес 54 мүше мемлекеттен тұрады. Оларды Бас Ассамблея үш жылға сайлайды.

Әділетті географиялық принципін сақтайды.

Азиядан -11

Африка – 14

Латын Америкасы -10

Шығыс Европа – 6

Европадан – 13

Батыс Европа – 13

БҰҰ штаб квартирасы Нью-Иорк қаласында орналасқан. БҰҰ секретариятының Европалық бөлімшесі Женевада орналасқан. БҰҰ құрамында 16 арнайы мекемелер бар. Арнайы мемлекет дегеніміз үкімет аралық халықаралық келісім шарт құрылымы белгілі бір салада қызмет атқаратын, дербес ұйымдар. Оларды үш топқа бөлуге болады.

1. Әлеуметтік сипат

2. гуманитарлық сипат

3. экономикалық сипат





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 2824 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...