Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық құқықтың пайда болуы және даму кезеңдері



1. Халықаралық құқықтың пайда болу себептері мен даму кезеңдерінің жалпы сипаттамасы

2. Ежелгі заманның халықаралық құқығы

3. Орта ғасырдың халықаралық құқығы

4. Классикалық

5. Бүгінгі заманғы халықаралық құқығы

1. Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістігі болып табылады. Халықаралық құқық мемлекеттердің пайда болуымен қатар пайда бола бастады. Себебі ол кезде мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттеу керектігі туындайды. Ежелгі мемлекеттер келісімде қалыптасқан тайпа аралық ережелердің (мерзімдік) негізінде ең бірінші халықаралық құқы нормалар пайба бола бастайды. Мысалы, ежелгі халықтар құқығы болатын, ол соғыс жүргізу, патшалық құру, мүлікті бөлу, шекараны айқындау, ғимараттарды салу, сауда жасау және т.б. маңызды мәселелерді реттейтін ережелердің жиынтығы ретінде қалыптасқан болатын. Халықаралық құқықтың құруының алғашқы кезеңінде мемлекеттің ішкі құқығы және халықаралық құқық деп екі бөлік жүйеге бөлінбегендіктен мемлекеттің ішкі қатынастардың және ішінара мелекет аралық қатынастарды реттеген. Халықаралық құқықтың пайда болуы негізгі себептері.

1. Мемлекеттер арасындағы байланыс орнату керектігі екендігі

2. Халықаралық еңбек бөлісу керектілігі.

3. Адамзаттың алдында тұрған экологиялық, демографиялық, саяси және т.б. проблемалар.

4. Мемлекеттің коммуникациялық байланысының, білім деңгейіне мәдениет даму деңгейі өскендігі

Халықаалық құқықтың даму кезеңдері жалпы адамзат тарихының бір-бөлігі болғандықтан оны төрт кезеңге бөлуге болады.

1. б.з.д. 4000 мың жылдан – б.з. 476 ж. дейін ежелгі заманың халықаралық құқықтың кезеңі.

2. 476 ж. 1648 ж. дейін (Орта ғасырылық халықаралық құқық кезеңі)

3. 1646-1917 ж. халықаралық классикалық халықаралық құқық кезеңі

4. 1917 ж. бастап ХХ ғ. аяғы (бүгінгі күнгі халықаралық құқығы кезеңі) және ХХ ғ. халықаралық құқығы.

2. Ежелгі заманның халықаралық халықаралық құқығы дегеніміз – б.з.д 4000 жыл бұрын болған мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеген әдеп-ғұрыптардың және алғашқы жазбаша түрдегі халықаралық келісім шарттардың еределерінің жиынтығы және 476 ж. дейінгі қалыптасқан құқықтық принциптермен нормалардың жүйесі.

Ең ежелгі келісімшарттардың бірі болып Хетт патшасы хаттуши үшінші Мысыр фараоны Рамзись екіншінің арасындағы келісім болып табылады. (б.з.д. ХІІІ ғ. басқа мемлекеттермен бірігіп қорғану, қашқан құлдары қайтару жөнінде).

Ежелгі халықаралық құқықтың белгілері:

1. Сыртқы саясаттың негізгі құралы соғыс болған.

2. Күшінің құқығы «Принципінің болуы»

3. Елшілерге қол сұғылмаушылық

4. Мемлекетаралық таластарды бейбіт шешу тәсілдері де байқалады.

3.Орта ғасырдағы халықаралық құқық дегеніміз – 5-17 ғғ. Мемлекетаралық қатынастарды реттейтін құқық принциптермен нормалар жүйесі. Олардың негізгі белгілері:

1. Регионализм (аймақтық)

2. халықаралық әдет-ғұрып нормаларының басымдылығы

3. Халықаралық құқықтың нормаларының қалыптасуына шіркеудің әсері үлкен болған.

Орта ғасырда халықаралық құқықтың ғылымының қалыптасуы басталады. Оның негізгі қалаушы болып 1583-1645 ж.ж. өмір сүрген голландиялық заңгер Гуго Гроций болып табылады. Ол 1625 ж. «Соғыс және бейбітшілік құқығы туралы» атты еңбегін шығарады. Бұл еңбекте Гроций халықаралық құқықтың барлық негізгі мәселелерін қарастырған. Осы кезеңде консулдық валюталық коммерциядық және т.б. келісімдер жиі жасала басталды. Осы кезеңде 1648 ж. Вест Фаль трактарды қабылданады.

4. Классикалық халықаралық құқық дегеніміз – 1648-1917 ж.ж. мемлекетаралық қатынастарды зерттеген халықаралық құқық принциптерімен нормалардың жүйесі. Негізгі белгілері:

- саяси теңдік принципі

- мемлекеттік биліктің діни биліктер тәуелсіздігі

- мемлекеттер теңдігі принципі

-агрессорларға Колмцетифтерге санкция қолдану керектілігі айтылады.

-халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі – халықаралық келісім-шарт

-халықаралық құқы Демократизациялау процесі

-осы кезеңде басты маңызды халықаралық сипаттағы құжаттар қабылданады.

1. 1789 ж. адам мен азаматтың құқығы туралы декларациясы 1795 ж.

5. Бүгінгі күнгі халықаралық құқығы –Вест Фольт келісімін жасағаннан бастап 1919 ж. Лига нациясын құрғанға дейінгі аралықта қалыптасқан, мемлекетаралық қатынастарды реттеген құқық принциптермен нормалардың жүйесі осы кезеңнің негізгі құжаттары:

1. Тегеран, Ялта және Подсдам және т.б. халықаралық конференциялардың шешімдері.

2. 1945 ж. БҰҰ Жарғысы

3. Мюнхен және Токио халықаралық трибуналдарының приговоры.

Бүгінгі күннің халықаралық құқығының белгілері:

1. гуманитарлық сипаты

2. антиколониялық сипаты

3. келісімшарттық ережелердің көбеюі

4. халықаралық құқықтың жаңа салаларының пайда болуы

5. халықаралық құқықтың реттеу кеңістігінің үлкейуі.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 6173 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...