Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аудит бағдарламасын жоспарлау және құру



Жоспарлау - аудиттің күтілетін көлемін, мерзімін, сипаттамасын анықтау жолындағы құрылатын стратегия. Аудитор өз қызметін үш негізгі себеп бойынша мұқият жоспарлайды:

а) бұл аудиторға клиент ісінің жағдайлары туралы жеткілікті куәліктер

алуына мүмкіндік береді;

б) аудит жүргізуге жұмсалатын шығындарды қисынды шекте ұстап тұруына

(бәсәкеге қабілетті болуға) көмектеседі;

в) клиентпен арадағы түсініспеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді;

Аудитті жоспарлауға әдістемелік нұсқау ретінде «Жоспарлау» 300 Халықаралық Аудит Стандарты қолданылады. Аудитордың өз беделіне нұқсан келтірмеуіне, клиент алдында құқықтық міндеттемелердің болмауына аудиторлық фирманың қажетті мөлшердегі куәліктерді жинауы үлкен септігін тигізеді. Аудит өткізуге жұмсалатын клиенттің шығындарын қисынды шекте ұстау аудитор үшін өз клиенттерін жоғалтпауға, нарықта әріптестері арасында өз бәсекелестігін сақтауға көмектеседі.

Аудитордың клиентпен арада келіспеушілік жағдайларын болдырмауы, аудитті сапалы атқаруы екеуінің қарым- қатынасының жақсы болына әсер етеді. Аудитордың жоспарлау барысында аудит жүргізудің мақсатын нақтылап алуы, клиентті аудиторлық тексерудің өз ұйымына әкелетін пайдасын жақсы түсінуіне үлкен септігін тигізеді.

Сондықтанда аудиттің мақсаты ұйымның кемшіліктерін, теріс жақтарын іздеп табу емес, оның бухгалтерлік немесе экономикалық жұмысындағы қателіктерін анықтап, оларды болашақта болдырмау жолдарын көрсету болып табылады. Бұл аудитор мен клиенттің арасында сенімділікті қалып- тастырып, аудитордың өзіне қажет ақпарат көзін толықтай жинауына көмектеседі.

Аудитті тиімді жоспарлау үшін аудит өткізу келісім –шартының құрылуына, келісім –хаттың рәсімделуіне дейін аудитор тапсырыс берушімен тексеруге байланысты негізгі ұйымдастыру сұрақтарын қарастырып алуға міндетті.

Аудиторлық тексеруді жоспарлау үш сатыда жүргізіледі (4 суретті қараңыз):

1 саты – клиентті таңдау деңгейінде аудитор алдын-ала жоспарлау жүргізеді.Бұл жоспарлаудың тәуекелділік жоғары деңгейде анықталса, онда аудиторлық фирмаға аудит өткізуден бас тартуға болады.

2 саты – аудиттің күтілетін жұмыс көлемі, кестесі,өткізілу мерзімі анықталған жалпы жоспары құрастырылады.

3 саты- аудиттің көлемін, аудиторлық процедуралардың түрлері мен тізбегін анықтайтын аудиторлық бағдарлама жасалады.

  Алдын-ала жоспарлау
     
  Жалпы ақпарат жинау
     
  Клиенттің құқықтық міндеттемелері туралы ақпарат жинау
   
  Мәнділік пен аудиторлық тәуекелділікті бағалау
       

Аудиттің бағдарламасын құру
Аудиттің жалпы жоспарын құру

Сурет 4 Аудитті жоспарлау сатылары

Алдын-ала жоспарлау көбінесе бастапқы фазада клиенттің кеңсесінде жасалғаны жөн саналады. Алдын-ала жоспарлау кезінде аудиторлық фирма клиенттің аудит өткізу себептерін анықтап, аудиторлық міндеттерді орындайтын мамандарды таңдап, жазбаша түрде келісім жасайды.

Алдын-ала жоспарлау келесідей мәліметтерден тұрады:

а) жалпы ақпарат жинау;

б) клиенттің құқықтық міндеттемелері туралы ақпарат жинау;

в) мәнділік пен аудиторлық тәуекелділікті бағалау(ішкі шаруашылық тәуекелділік, бақылау құралдарының тәуекелдігі, таба алмау тәуекелдігі).

Аудиторлық фирмалардың көбі жаңа клиент ұсынысын қабылдамас бұрын оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы, беделі,алдыңғы аудиторлық фирмамен қарым-қатынасы туралы ақпарат жинап, бағалайды.

Егер болашақ клиент басқа аудиторлық фирманың қызметіне жүгінген болса, онда аудитор сол аудиторлық фирмадан клиенттің адалдығы,гонорар көлемі,есеп қағадалары,аудиторлық процедуралар жөнінде жанжалдасу мүмкіндігі туралы ақпаратты сұрай алады.

Кәсіптік этика кодексі негізінде құпия ақпаратты жариялауға тиым салынуына байланысты аудитор өз әріптесімен байланысқа түсуге клиенттің рқсатын алуы қажет. Аудиторлық фирманың сұрақтарына әріптес аудиторлар өзінің бұрынғы клиенті туралы толық ақпаратты бермесе, клиент алдыңғы аудитордан ақпарат алуға қарсылық білдірсе, онда бұл ұсынысты қабылдауды алдын-ала терең зерттеулер жүргізіп, аса сақтықпен шешуі керек. Алдын-ала жоспарлау шешімдерінің негізіндегі міндеттемелерді еске алып отырып, оның нәтижесін құжаттау қажет.

Жалпы жоспар мен аудит бағдарламасын құру аудит жүргізуге бөлінген уақыттың 1/3 бөлігін алатын болғандықтан, оны құруға уақыт бюджетте қарастырылып, төлем төленуі тиіс. Аудитті жоспарлауда оның келесідей жалпы қағидалары орындалуы қажет:

Кешенділік қағидасы – жоспарлаудың барлық сатыларындығы (алдын –ала жоспарлаудан бастап жалпы жоспар мен аудит бағдарламасының құрылу сатысына дейін) өзара келісімділікті білдіреді.

Үздіксіздік қағидасы – аудиторлық топқа қосымша тапсырмалар бекітіліп,оларды жоспарлау сатылары бойынша анықталған мерзіммен байланыстыру болып табылады.

Бұл жағдай егер тексерудегі кәсіпорының еншілес ұйымдары болса үлкен қиындық тудыруы мүмкін. Өйткені аудиторлық фирма клиенке ұзақ мерзімге қызмет көрсететін болса, онда жыл бойы ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіндегі өзгерістер мен уақыт аралық аудиторлық тексеру нәтижелерін есепке ала отырып, дер кезінде өз жоспары мен бағдарламасына өзгертулер енгізуі керек.

Оптималдық қағидасы деп - аудиторлық фирманың жоспарлау барысында өздері анықтаған талаптарға сай жалпы жоспар мен аудит бағдарламасының басқа да оптималды вариантын таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз етілуін айтады.

Жалпы жоспар аудиторлық топқа аудит бағдарламасын жүзеге асырудағы нұсқаулық болып табылады. Аудит барысында жалпы жоспардың кейбір жағдайларын қайта қарауға тура келеді.Жоспарға енгізілген өзгерістер мен олардың себептері нақты құжатталады.

Тексеру мерзімін анықтағанда нақты еңбек шығындарын, мәнділік және аудиторлық тәуекелдік деңгейін есепке алу керек.

Жалпы жоспарда мыналарды көздеу ұсынылады:

а) аудиторлық топты қалыптастыру, оның саны және мамандардың біліктілігі;

б) аудиторларды олардың кәсіби біліктілігіне, қызмет деңгейіне байланысты аудиторлық тексерудің нақты учаскілеріне бөлу;

в) топтың барлық мүшелерін олардың міндеттемелерімен және клиенттің бизнесімен, жалпы жоспардың ережелерімен таныстыру;

г) аудиторлық топ басшысының жоспардың орындалуын, топ мүшелерінің жұмыстарының сапасын, жұмыс құжаттарының дұрыс жүргізілуін, аудит нәтижесінің дұрыс рәсімделуін бақылауы;

д) аудиторлық топ басшысының аудиторлық процедураларды тәжірибиеде қолдануға байланысты әдістемелік сұрақтарды түсіндіруі (жалпы жоспар мен аудит бағдарламасын әзірлеу кезінде мұндай түсініктемелер клиент бизнесін, ішкі бақылау жүйесінің ерекшеліктерін, аудиторлық тәуекелдікті бағалауды түсінуге көмектеседі);

е) топ басшысы мен мүшесінің қандайда бір факт бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда топ мүшесінің айырықша пікірін құжатпен рәсімдеу.

Жалпы жоспарда ішкі аудит маңызы және басқа да сарапшыларды (эксперт)шақыру қажеттілігі анықталады. Аудиторлық фирманың басшысы аудит жоспарын тексерілетін ұйым басшысымен талқылай алады, бірақ талқылау жасау міндетті болып саналмайды.

Аудитор жоспарлау кезінде келесідей құжаттар дайындайды:

- тексерудегі ұйымның бизнес сипаттамасы;

- бухгалтерлік есеп жүйесінің сипаттамасы;

- ішкі бақылау жүйесінің сипаттамасы;

- тексерудегі ұйымның есептілігінің экспресс-талдау құжаттары.

Көбінесе алдын-ала жоспарлау кезінде келесідей аудиторлық процедуралар қолданылады: нақты бақылау, қадағалау,сұрау салу,құжаттар қарау,аналитикалық процедуралар.

Аудиттің жүргізудің бағдарламасын әзірлеу аудиттің жалпы жоспарын әзірлеудегі сатыларды қамтиды. Бағдарлама аудиттің жалпы жоспарының жалғасы болып табылады және аудиттің жоспарларын іске асыруға қажетті аудиторлық рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді.

Бағдарлама аудитор ассистенттеріне нұсқаулық, аудиторлық фирманың басшысына, топ басшысына жұмыс сапасын бақылау құралы ретінде қолданылады.

Аудитор аудиттің бағдарламасын құжатпен ресімдеп, жұмыс барысында жұмыс құжаттарында оларға сілтеме жасай алу үшін жүргізілетін аудиторлық рәсімнің әрқайсысына нөмер (код) тағайындайды. Бағдарламада міндетті түрде ішкі бақылау жүйесін тексеру тестілері, бухгалтерлік есептің әрбір бөлімі бойынша аудиторлық рәсімдер, аудитордың іс-әрекет тізбесі қарастырылады.

Қызметтің қолайлығы үшін әрбір аудиторлық бағдарламаларда – аудитор жұмыс құжаттарына сүйене алатын өзіне тиесілі нөмері мен коды болуы тиіс.

Бағдарламада міндетті түрде функционалдық жүйенің ішкі бақылауын тексеруге арналған тесттер және жетіспеушілікті анықтау үшін оның ішінде, бағдарламалық процедураларды әрбір бухгалтерлік есептің негізі қамтылуы тиіс.

Аудиторлық бағдарламаны ұйымдастыруда фирма үшін маңызды рөл атқаратын қаржылық шаруашылық қызметін тексерудің маңызды жерлерін анықтап, қызметтері бойынша шешімдерді жіктеу үшін, қажетті бөліктерді таңдап алынады, бұл тексерулер ұйымның қызметін бағалауда маңызды орын алады. Ал ұйымның басқа да қаржылық шаруашылық қызметінің түрлері бұл жерде аса маңызды орын алмайды. Мысалы, сауда кәсіпорны үшін – өнімді сату, салық салу, қойманың есебі.

Әрбір тексерілген бөлім бойынша тексерістің мінезі анықталады: олар біртектес және таңдамалы болып бөлінеді.

Біртектес тексеру кассалық, банктік құжаттарға, аванстық есептілікке, байланысты жүреді, ал төлемақының өндірістік қорларының біріншілік құжаттарына байланысты тексерулер таңдамалы түрде жүреді. Егер тексеруді аудиторлар тобы жүргізсе, онда алдын ала қай бөліктерді қай аудиторға тексеруге беру қажет екенін анықтап алу қажет. Есепті кезеңдегі тексеру кезінде алдыңғы тексерудегі тәжірибелерді қолданып, ескерген жөн. Кассалық құжаттармен аванстық есептілікті тексеру жұмысын жас аудиторларға тапсырып, қаржылық есептілік пен Бас кітапты тексеруді тәжірибелі мамандарға тапсырған дұрыс.

Жалпы аудиторлық тексерудің уақыты әр түрлі болуы мүмкін, бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай тексеруді екі апта ішінде жүргізу қажет, бұл уақыт ішінде нақты әрі толық нәтиже алуға болады. Сондай ақ тексеру мерзіміне кейбір жағдайлар әсер етуі мүмкін (аудитордың ауырып қалуы, белгілі себептерге байланысты басқа жаққа кету т.б.), бірақ бұл жағдайлар алдын ала белгіленіп қойған төлемақы мөлшеріне әсер етпеу керек.

Аудиторлық тексерудің бағдарламасы басшылыққа объект мазмұны және деңгейімен танысып шығуға беріледі. Ұйымның басшысының сұрауымен бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Қажет жағдайларда бағдарлама қайта қаралуы мүмкін, мысалы, егер онда көп мөлшерде қаталер анықталса.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу экономикалық субъекті туралы алдын ала деректерге және жүргізілген талдау рәсімдерінің нәтижелеріне негізделеді.

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу барысында аудиторлық ұйым жұмыс істеп тұрған экономикалық субъектінің ішкі шаруашылық бақылау жүйесінің тиімділігін бағалайды және ішкі бақылау жүесінің өзіне бағалау жүргізеді. Сонда-ақ мәнділіктің қолайлы деңгейі мен аудиторлық тәуекелді белгілеу қажет. Оларды ескеру арқылы аудиторлық ұйым аудит үшін маңызды салаларды анықтайды және қажетті аудиторлық рәсімдерді белгілейді.

Жалпы жоспарда аудитті жүргізудің және оны жүргізудің кестесін жасаудың, есеп пен аудиторлық қорытындыны әзірлеудің мерзімдерін қарастыру қажет.

Аудиттің жалпы жоспарының мағынасы кесте түрінде орындалады.

Жалпы жоспарда мыналарды көздеу ұсынылады:

Ø Аудит маңызды болуы үшін нақты қандай салаларды зерттеу қажет;

Ø Қамтылуға тиіс елеулі сәттер қандай;

Ø Қандай іріктемелері жоспарларды жасау қажет;

Ø Аудиторлық топты қалыптастыру, оның саны және мамандарының біліктілігі;

Ø Аудиторларды аудиторлық тексерудің нақты учаскелеріне бөлу;

Ø Аудиттің әрбір сатысы үшін жұмыс уақытының бюджеті;

Ø Топтың барлық мүшелеріне олардың міндеттемелерімен және аудиттің жалпы жоспарының ережелерімен таныстыру;

Ø Басшының жоспардың орындалуын бақылауы;

Ø Аудиторлық рәсімдерді нақты іске асырумен байланысты әдістемелік мәселелерді басшының түсіндіруі;

Ø Нақты фактіні бағалау кезінде қайшылықтар туындағанда аудиторлық топтың айрықша пікірін құжатпен ресімдеу.

Аудиторлық ұйым жалпы жоспарда ішкі аудиттің рөлін, сондай-ақ тексеруді жүргізу процесіне сарапшыларды тарту қажеттілігін белгілейді.

Аудиттің жүргізудің бағдарламасын әзірлеу аудиттің жалпы жоспарын әзірлеудегі сатыларды қамтиды.Бағдарлама аудиттің жалпы жоспарының жалғасы болып табылады және аудиттің жоспарларын іске асыруға қажетті аудиторлық рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді. Аудитор аудиттің бағдарламасын құжатпен ресімдеп, жұмыс барысында жұмыс құжаттарында оларға сілтеме жасай алу үшін жүргізілетін аудиторлық рәсімнің әрқайсысына нөмер (код) тағайындайды.

Аудиторлық бағдарламаның 2 түрі болады:

Ø Бақылау құралдарын тестілеу бағдарламасы, ол кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің қызметі туралы ақпараттар жинау рәсімін қамтиды;

Ø Мәні бойынша аудиторлық рәсімдер бағдарламасы (шоттардағы қалдықтарды тексеру), тікелей шоттардағы қалдықтар туралы ақпараттарды жинау рәсімін қамтиды.

Аудиттің мәні бойынша рәсімдер үшін бухгалтерлік есептің нақ қандай бөлімдерін тексеретініне сұрау салып, әр бөлім бойынша аудит бағдарламасын жасау қажет.

Аудиттің жүргізу шарттарының өзгеруіне және аудиторлық рәсімдердің нәтижелеріне байланысты аудиттің бағдарламасы қайта қарастырыла алады. Өзгерістердің себептері мен нәтижелерін құжаттау керек.

Аудитті жоспарлау процесі аяқталғаннан кейін аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы құжатпен ресімделуге және белгіленген тәртіппен бекітілуге тиіс. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының мағынасы кесте түрінде ресімделеді. Біз олардың үлгілік нысандарын төменде келтіріп отырмыз.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 5225 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...