Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс құжаттарын рәсімдеу бойынша негізгі талаптар



Жұмыс құжаттарының толық саны әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.

Жұмыс құжаттарының нысандарын жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықтарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшін ақпараттарды алуды, сондай ақ келшекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процесін жеңілдетеді. Сондықтан барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиісті:

· Басы, толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;

· Пайдаланылған символдардың суреттемесі;

· Ұқыпты және мұқият дайындалуы;

Әрбір құжаттың бас жағында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:

· Клиенттің аты және папканың номері;

· Кезеңнің басы және аяғы.

· Жұмыс құжаттың мазмұны.

Тестілер жазылған барлық жұмыс құжаттарында тест жүргізілгендердің аты жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті.

Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды есептеуші кестелерде:

· Жинақтаушы және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайтадан шыққандығын көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;

· Аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;

· Егер шоттарда қорытынды түзетулер жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;

Аудитті өткізу үшін аудиторға қажет кестелерді клиенттің өзі алдын ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті.

Жұмыс құжаттарының көпшілігінде сандық ақпараттар болады. Бірақ ол құжаттардың кейбіреулері сұрақ беру, бақылау процедураларын пайдалану арқылы жасалынады, сондықтан оларда сандық ақараттар болмайды. Мысалы, аудитор басқару звеносының қызметкерлеріне мүдделі жақтармен іскерлік операциялардың нақты бары туралы сұрау жүргізуі немесе жылдың аяғында клиент түгелдеу жүргізген кезде материалдық құндылықтардың нақты барына баұылау жасауы мүмкін.

Әрбір аудиттің белгілі бір процкдураларының орындалуын көрсететңн болса,белгілеулерді де, стандарттауға болады. Ондай белгілеулерді стандартау құжаттарды тексеріп шығуға ыңғайлырақ және аудитордың уақытын қысқартады. Мысалы:

ЖҚ жұмыс құжаттары.

ТБ тексеруші баланс.

КД клиент дайындаған.

К келісілген және т.б

Барлық белгілеулер мен символдарға сол бетте немесе фирмаішілік стандарттардағы жеке беттерде толық түсіндірме жасау қажет.

Жұмыс құжаттарында тексерге қатысы жоқ бөтен ескертулер немесе жазбалар болмауға тиісті. Әрбір жұмыс құжаты «өзі үшін жауап беруге» тиісті, сондықтан онда орындалған жұмыстың көлемін және жасалынған қорытындыны анықтау үшін қажетті ақпараттар, тиісті құжаттарға сілтемелер болуға тиісті.

Аудиторлық дәлел ішкі, сыртқы және аралас болып бөлінеді.

Ішкі дәлел – ақпараттарды аудиторлық ұйымнан ауызша немесе жазбаша түрде алуға негізделген. Сыртқы дәлел – ақапараттарды үшінші жақтағы тұлғадан (аудиторлық ұйымның сұранысымен жазбаша түрде) алады. Аралас дәлел – ақпаратты аудиторлық ұйымнан жазбаша немесе ауызша түрде алады және үшінші жақтағы тұлғамен бекітіледі.

Аса маңызды орынды аудиторлық ұйым үшін сыртқы дәлел алады, содан кейін аралас және ішкі дәлел жүреді.

Аудиторлық дәлелдер дәл және толық болуы тиіс. Олардың толықтығы нәтижесінде ішкі бақылау мен аудиторлық қауіптің деңгейі бағаланады. Толықтық аудиторлық дәлелдің сапалығын көрсетеді. Объективті әрі нақты қорытынды жасау үшін аудитор сапалы ақпараттар жинауы тиіс. Сондай ақ дәлдік аудиторлық дәлелдің сапалық шарты болып табылады.

Аудиторлық дәлелдің нақтылығына мынадай факторлар әсер етеді:

· Аудиторлық бағалау мінездемесі мен қауіп деңгейі, қаржылық есептілік деңгейі мен сальдо шоты мен сыныбының операцясында;

· Ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесінің мінездемесі, сондай ақ бақылау қаупінің бағасы;

· Тексерілетін мақаланың нақтылығы;

· Алдыңғы аудиттен алынған тәжірибелер;

· Аудиторлық процедура қорытындысы, алаяқтық пен қатаелерді қосқанда;

· Алынған ақпараттың сенімділігі;

Дәлелдердің анықтылығы тексеріс өтіп жатқан ұйымға қарағанда аудиторлық фирмадан алынған дәлелдер жоғары сапалы, әлбетте жазбаша түрдегі дәлел ауызшаға қарағанда жоғары деңгейде.

Аудитордың жинаған дәлелдері оның жұмыс құжаттарында көрініс табады және аудиторлық қорытынды жасағанда қолданылады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1509 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...