Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аудиттің жүргізілуіне келісім туралы міндеттеме –хат



Аудитордың міндеттеме- хаты аудиторлық тексерудің келісімге отыру сатысындағы экономикалық субъект- клиент пен аудитор (аудиторлық компания)арасындағы туындайтын өзара міндеттер мен жауапкершіліктерін реттейтін, анықайтын құжат.

Міндеттеме-хаттың алдында экономикалық субъектінің өзіне аудиторлық қызметтерді көрсету туралы өтініші жазылған ресми ұсыныс болуға тиіс.

Міндеттеме –хат алдағы шарттың талаптарын дұрыс түсінбеушілікті болдырмау үшін экономикалық субъектінің атқарушы органына шарт жасалғанға дейін жіберіледі.

Егерде аудиттің мақсаты мен көлемі екі жақ арасында ұзақ мерзімді келісім –шартта анықталса, онда міндеттеме –хат жасалмайды.

Осыған байланысты міндеттеме-хатта көрсетіледі:

-міндетті нұсқаулар;

-қосымша ақпараттар.

Міндетті нұсқауларда қарастырылады:

- аудиторлық тексерудің шарттары;

- аудиторлық ұйымның міндеттемелері;

- экономикалық субъектінің міндеттемелері.

Бұл нұсқаулармен «Аудит туралы келісім жағдайлары» атты аудитің халықаралық стандартын зерттеп танысуға болады. Қосымша ақпаратқа клиент пен аудитордың қалауы бойынша міндеттеме –хатқа енгізілген ақпараттар жатқызылады.

Олар мынадай:

- аудиторлық фирманың көрсететін қызмет көрсететін қызмет түрі,мамандардың біліктілігі туралы жалпы ақпараттар;

- аудитті өткізудің үлгілі күнтізбелік жоспары және жіберілген аудиторлар құрамы;

- аудит әдістемелерінің жалпы сипаттамасы;

- ұсынылатын еңбек төлем шарттары;

- аудиторлық ұйым мен экономикалық субъект тексерілетін ұйым қызметінің қажет санайтын аспектілеріне басқа аудиторлардың, тәуелсіз сарапшылардың қызметтерін пайдалану туралы ұсыныс.

Аудитордың міндеттеме-хатын жасауға қатаң үлгідегі талаптар қойылмайды, бірақ хат мазмұны клиенттің тапсырысымен, қаржылық жағдайымен, аудитор мен клиент арасындағы сенімділікпен анықталады.

Міндеттеме –хат аудитордың алдына қойылған мәселелерін, жауапкершілік деңгейін түсінгенін клиент ұсынған жағдайлармен келіскенін құжат негізінде дәләлдейді.

Алайда, клиент әрқашанда аудит мақсаты мен мәселелерін, аудиторға дайындалатын ақпаратқа үшін жауапкершілік деңгейін толық түсіне бермейді.

Сондықтанда, аудит барысында шешілмейтін келіспеушілікке ұшырамас үшін шарт жасалмас бұрын клиентке барлық мәселелер толық түсіндірілуі қажет.

Аудит басталмас бұрын клиентке жіберілген міндеттеме –хат тексеру нәтижесі бойынша жасалатын аудиторлық қорытындыны құру кезінде кездесетін келіспеушіліктерді жояды.

Егерде, аудиторлық компания клиентке жаңа міндеттеме –хатты жіберуді қажетсіз деп тапса (қайта өткізілген аудитте), онда алғашқы жіберілген міндеттеме – хаттың мазмұынын ғана клиенттің есіне салуға құқылы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1747 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...